400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімдердің ынымақтастығы және өзара бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мқғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Исанова Сауле Егембердиевна ОҚО, Ордабасы ауданы, «Ынтымақ» ЖОМ
Физика пәні мұғалімі Тренер: Таджибаева Айгул



Мұғалімдердің ынтымақтастығы және өзара бірлесіп жұмыс істеу
мәдениеті

«Егер мұғалімдер іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген
болса, олар – кемел ұстаздар»

(К.Д.Ушинский)

Аты әлемге әйгілі ұлы ағартушылардың сөздеріне үңілсек, «бірлесе
көтерген жүк жеңіл болады» деген халық сөзі бізге, мұғалімдерге де, қатысты
айтылған сияқты болады. Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технология
қолдап отырған бірлесе оқу мен бірлесе әрекет ету әдісі оқушыларға ғана емес,
мұғалімдерге де бағытталған әдіс екенін терең сезінуіміз керек. Мұғалімдердің
өзара бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесі білімді, жаңашыл жас ұрпақтың
жарқын болашағына кепіл бола алады деп ойлаймын. Ол үшін «үйрете жүріп
үйренетін» мұғалімдеріміз өз білімдерін үздіксіз көтеріп отыруға тиіс, ал оқу
мен ізденісті тоқтатқан күні оның мұғалімдігі де жойылатынын кезінде кеңес
педагогі К.Д.Ушинский де айтып кетті емес пе? Ал енді сол үздіксіз ізденуді
өзара бірлескен әрекеттермен неге ұштастырмаймыз?
Көптеген әлемдік ғалымдардың зерттеуі бойынша мұғалімдердің
ынтымақтасып жұмыс жасауы ұжымның белгілі бір жетістіктерге жетуіне
мүмкіндік береді. Өкінішке орай, дәстүрлі жүйеге қарасақ, мектеп мұғалімдері
өзара тіл табысқанмен, бірлесе жұмыс атқаруға келгенде белсенді емес: үнемі
сабақты жеке жоспарлайды, көбінесе өз сыныбында отырады, көп уақытын
жеке өткізіп , көзге көрінер – көрінбес үйіне қайтады. Ал әріптестерімен тек
үзілістерде, жиналыстарда немесе қоғамдық іс – шараларда ғана әрқилы
араласады. Естеріңізде болса,берілетін білім түрлерін репродуктивтік
(дәстүрлі) және конструктивтік (құрастырмалы) деп жіктеп бастаған жоқпыз
ба? Сонда оқушының бойындағы дәстүрлі қасиеттер, сыныптағы дәстүрлі
сабақтар қатты сынға алынып, сындарлы сабақтар ұсынылып жатты. Бұл
ұсыныстар жаңа педагогикалық технологияның бірлескен әрекет әдісі
арқылы жүзеге аса бастады. Олар: топтық жұмыс ұйымдастыру, тапсырмаға
барлық топ мүшелерін жұмылдыру, ортақ мақсаттар қою, топ ішіндегі
қызметтерді теңдей бөлу, дайын материалдарды көз алдарында үлестіру, ортақ
жауапкершілікті жүктеу, проблемалық сұрақты ортаға тастау, топ мүшелерін
марапаттау, топтың әр мүшесін топқа қосқан үлесі үшін мадақтау, т.с.с. Бұл
әдістерді отандық білім беру жүйесінде кеңінен қолданып, бүгінде сындарлы
сабақтарға қалыптаса бастадық. Бұдан қорыта айтарым, оқушылар арасындағы
дәл осы бірлескен оқу әрекеттері енді мұғалімдер арасындағы бірлескен
жұмыс әрекеттері мен ынтымақтастық атмосферасына айналуы- кезек
күттірмейтін мәселе.
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдердің арасында бірлескен жұмыс
түрлері жоқтың қасы деп айтуға болады. Әдістемелік бірлестік ұйымдарының
жұмыстары да мардымсыз. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Білім беру
жүйесінде ынтымақтастық педагогикасы жаңа педагогикалық идеяларды кең
түрде таратуды мақсат етеді. Сол идеяларды тарату үшін де мұғалімдердің
ынтымақтастығы ауадай қажет. Мысалы, Ш. А. Амонашвилидің «гуманды
педагогикасындағы» баланың табиғаты қандай болса, оны сол күйінде
қабылдау – бір мұғалімніңі емес, барлық мұғалімнің міндеті. Осы орайда


Page 2

Исанова Сауле Егембердиевна ОҚО, Ордабасы ауданы, «Ынтымақ» ЖОМ
Физика пәні мұғалімі Тренер: Таджибаева Айгул


елімізде деңгейлік бағдарламалармен байланысты кең тараған әйгілі Lesson
Study әдісінің педагогикалық жұртшылыққа берері мол. Өйткені, бұл әдіс екі
түрлі жолмен жүзеге асады:
1. Басқа мұғалімдермен бірлесу арқылы ( сабақты жоспарлау, бақылау,
талқылау, қорытынды жасау).
2. Оқушы пікірін ескеру (сұхбаттасу, әрекетті бақылау).
Мысалы, бір мұғалім бар – оқытудың барлық әдістерін жетік меңгерген, өзіне
сенімді, тың идеялардың авторы. Ал кейбір мұғалімдер бар – оқытудың жаңа
әдіс – тәсілдерін жете түсінбейді,шала меңгерген, тәжірибесі аз. Міне осы
теңсіздік мәселесін түбегейлі шешіп алуға да Lesson Study әдісінің тигізер
пайдасы мол. Мұнда әрбір мұғалім жаңа идеялармен бөліседі, оқыту мен
тәрбиенің озат теориясын игереді, оның практикасымен қаруланады, тұлғаның
санасын жобалауға анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті бір сыныпқа сабақ
беретін бірнеше пән мұғалімдері (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,
математика, физика) ұйымдастыруға болады. Мұндай бірлескен әрекеттер
ұстаздық шығармашылықты ынталандырады, біл ім беру жүйесі мен
үдерістеріне күш береді.
Ынтымақтастық педагогикасының оқушымен қоса мұғалімдерге
бағытталған әдіс екенін сөз басында айтып өттік емес пе?Мұғалімдердің өзара
ынтымақтасып, бірлесе жұмыс атқаруы – жаңа педагогикалық тхнологияның
ендігі маңызды қадамдарының бірі болып отыр. Егер оқушы еңбегін жалғыз
мұғалім емес, барлық ұжым бағаласа, ол оқушының ынтасы артып, дүниеге
көзқарасы жақсарып, одан да тың білім игеруге құштарлана түспей ме?
Қорыта айтқанда, мұғалімдер ынтымақтастығы сабақты жоспарлау мен
оқыту барысында кездескен қиындықтарды сындарлы түрде талқылауға
мүмкіндік береді. Сөйтіп, бірлесе жеткен жетістіктерінің арқасында
әріптестерінен де, мектеп әкімшілігінен де, тіпті мемлекет тарапынан да
қолдау табары сөзсіз.






















Page 3

Исанова Сауле Егембердиевна ОҚО, Ордабасы ауданы, «Ынтымақ» ЖОМ
Физика пәні мұғалімі Тренер: Таджибаева Айгул


Успехи сотрудничества

«Собраться вместе — это начало,
оставаться вместе — это прогресс,
работать вместе — это успех!» (Г. Форд)

Успешность работы команды и руководителя в школе зависит от того, как
складываются отношения между учителем и его учащимися, как формируется
принцип сотрудничества. А что такое сотрудничество?
«Процесс совместной деятельности, двух и более человек или
организаций для достижения общих целей, при котором происходит обмен
знаниями, обучение и достижение согласия.» (Википедия)
Для того чтобы процесс сотрудничества учителей сложился удачно,
нужен индивидуальный подход, т. е. каждый учитель выполняет задания в
меру своих способностей, интересов. В начале формирования процесса
сотрудничества важно поддержать коллег даже за незначительные успехи, это
будет служить стимулом к дальнейшей работе.
Учителя взаимодействовали между собой в как в школе, так и вне стен
школы, что напрямую влияло на процесс обучения, воспитания, их отношение
к школе и мнение о себе самих.
Запомнился этап, где нужно было составить презентацию и ответить на
вопрос «Кто живёт рядом», все учителя активно принимали участие, помогали
друг другу, чтобы обо всех рассказали, никого не забыли. Для новых коллег
школы достаточно сложная задача. Идеи подавали учителя, которые
проработали долгое время в школе. Внеурочное время проходило обсуждение,
оценивание, выбор лучших фотографий.
Важный момент сотрудничества – это сотрудничество самих коллег в
коллективе. Групповые обсуждения и дебаты способствовали развитию
навыков критического мышления. Во время общения друг с другом учителя
учились строить высказывание, отстаивать свою точку зрения, оценивать
различные ситуации и события, строить выводы.
Учителя обменивались идеями, отвечали на вопросы, делали
комментария, а также взаимодействовали друг с другом во время
сотрудничества.
Главная идея обучения в сотрудничестве – учиться вместе, а не просто
что-то выполнять вместе! Учитель в школе вроде бы уже и не учитель в
традиционном понимании, а фасилитатор. Помогает, подталкивает,
мотивирует, направляет, но незаметно, так, чтобы у учеников сложилось
полное ощущение самостоятельной работы. Это ОНИ составляют план работы
группы, самостоятельно организуют встречи группы, ставят друг другу оценки
за неделю, ОНИ ищут информацию в Интернете, работают с ней, выбирают
самое важное, создают план презентации и реализуют его согласно критериям
оценки, ОНИ самостоятельно готовятся к защите проекта. Польза от проекта
очевидна. Это, считаем, и есть успех!



Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
341
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі