Түркістан облысы Түлкібас
ауданы Жиынбай ауылы Жиынбай жалпы орта мектебінің мұғалімі
Досумбекова Меруерт Пернебаевна
Мұғалімдік мамандық – бұл
адамтану...
Ұстаз – мектептің жүрегі. Әр адам баласын
білімге шақырып, тәрбиелеп өсірген мұғалімдердің еңбегі ешқашан
өлмейді.Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой.
Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз
болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын
діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай,
ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық
атаулының ұлысы.Менің көзқарасым бойынша
теориялық
жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен
дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім –
тәрбие ісінен жалықпайтын,баланы өзіне тарта алатын тәлімгер
шығармашылықтағы адам - нағыз ұстаз. Оқушының шығармашылық қабілеті
оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды. Оқуға
үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы
арасындағы ынтамақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық істердің
ұйытқысы болуға тиіс.Әр оқушының қабілеті мен талантын,өз-өзіне
деген сенімін нығайтуға жол ашуда бүгінгі білім беру саласының
алтын діңгегі-ұстаз.Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей,тұлғаға
бағытталған білім беруде әр шәкіртінің интеллектуалдық даму
деңгейін тани білу қажеттілігі
туындайды.
Әр бала-болашақ данышпан
десек,егеменді еліміздің иелері қай уақытта көңілі ояу,көкірегі
ашық,кез-келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап,өз
ойларын,көзқарасын білдіріп,шешімін таба білуі шарт.Ізденіссіз
еңбегің жемісті болмайды.Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау
қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту,
өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға
бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Өйткені, мектептің
әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге
толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір
оқушының іс - әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені
оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында
оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге
деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс
тәсілдер баршылық.Сондықтан да менің,пән мұғалімінің басты мақсаты
- оқушылардың адами құндылықтарын дамыту, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс - тәсілдерді
дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ
құрылымын жоспарлауды, оқып үйренген әдістер оқушылардың
ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және
шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім
жетеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі
нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін
байқадым. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімді
тәжірибемен ұштастыру – менің міндетім.Заманауи ұстаздық ұстанымыма
келетін болсақ, сабағымда болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір,
көзқарасы дамыған, қазіргі сандық технологияларды өмірде өз
білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана
білетін оқушыны қалыптастыру. Яғни оқытуымның
басты бағыттардың бірі – ойлауды дамыту. Оқушы өзінде бар
білімді түрлі дерек көздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан,
достарынан алған білімдерімен біріктіре отырып іске асыра алу
қабілетін дамыту. Бұл бағытты жүзеге асырудың көзі – сыни тұрғыда
ойлау технологиясы. Бұл технологияның мен үшін тиімділігі сынып
оқушыларының барлығы тапсырманы тиянақты орындауында, яғни, білім
көрсеткішінің нақты және сапалы болуы. Сабақта оқушының өз білімін
өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы да көптеген шеберлікті
талап етеді. Олай дейтінім, оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге
қызығушылығының артуындағы себептерді туғызу. Одан әрі оқушының
іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуына дәлелді нәтижелерге
әкеледі. Сонымен бірге әрқашан оқушы іс-әрекеті белсенділігінің
артуын қадағалай аламын. Осы дағдылардың арқасында бала жоспарлаған
мақсатына жету жолында қиындықтарды жеңу, ойын іске асыруға ұмтылуы
байқалады. Бүгінгі мұғалімнің басты
мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның
ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды,
электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың
көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де
алады. Бұл - өмір
талабы.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»Н. Ә.
Назарбаев.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ
болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс -
тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде
білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына
өзгерістер енгізілуде.Келешекте біздің еліміз басқа
тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ
балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты
білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін мұғалім ұлттық құндылықтарды
басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысын жүргізетін адам.Тәуелсіз
еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім
беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға
қойылған басты міндет. Осы міндетті ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар –бүгінгі мектеп оқушысын тәрбиелеу бүгінгі тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан ұстаздардың
қолында.Қорыта келгенде, біз бүгінгі міндеттерді
жүзеге асыру арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосатын
боламыз.ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары
дамыған, зерделі, жан - жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір
сәтте естен шығармағанымыз жөн.