Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қаңтар 2024
856
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ТИІМДІ ОҚЫТУ МЕН ОҚУ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПЕДАГОГ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
БАҒДАРЛАМАСЫ
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ
www.cpm.kz
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық
құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................................................4
Бағдарламаның мазмұны....................................................................................................................9
Адамдардың қалай оқитындықтары туралы білім саласындағы заманауи жетістіктер ..........12
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ................................................................................................ 29
Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді..........................................................................29
Қалай оқу керектігін үйрену..................................................................................................35
Сыныптағы диалогтің маңызы............................................................................................39
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.....................................................................................................45
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау............................................................................................51
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.......................................................56
Талантты және дарынды балаларды оқыту....................................................................................66
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.............................71
Оқытуды басқару және көшбасшылық...........................................................................................82
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау...............................................................................85
Этикалық талаптар............................................................................................................................87
Бағдарламаны игеру нәтижесі бойынша мұғалімдерді бағалау....................................................89
1-қосымша Бағдарламаны игеру қорытындылары бойынша мұғалімдерді
бағалаудың критерийлері мен өлшемдері............................................................................90
2-қосымша Портфолионың таныстырылымында үш негізгі
критерийлерді қолдану үлгісі................................................................................................92
Глоссарий...........................................................................................................................................94
Байланыс ақпараты ..........................................................................................................................99
КІРІСПЕ
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан
күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,
өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары
жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын
қамтиды.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті
деңгейде кездеседі.
Осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Бағдарламаның негізін құрайтын ғылыми зерттеулер кешенін зерделеуге және талдауға арналған. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер
мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, сондай-ақ тәжірибелі ұстаздардың
көп жылғы тәжірибесіне негізделген.
4
Бағдарламаның теориялық негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған
(Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден,
мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген
тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны
дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге
негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра
бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау,
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте
сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы
терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету.
Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің
өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге
сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
• жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
• оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен
жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
• кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді
білуін қамтиды.
Мұғалім ұстанымы
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің
ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім
қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (1-сурет). Сондықтан
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының,
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке
тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде
мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек
деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық ісәрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар неме- 5
се оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
1-сурет. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің
және іс-әрекетінің негізі
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау
қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі»
стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
6
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс
істейтінін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Осы сияқты «мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту
үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе
жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты
қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
нәтижесі ретінде қарастырылуы.
Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын
пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде
өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,
оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде
пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал.
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама мұғалімнің алдына ең алдымен
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы
оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын
ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007)
деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
1-кесте. Шульман ілімі
Мұғалімнің көмекшілері
Құзырлы мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын
талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін
дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді
көздейді.
Қол
Жүрек
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл мамандық техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі
әдістер мен тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету,
түзету және бағамдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
идеяларды түсіндіре білуді талап етеді. Сонымен қатар мұғалім
ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген сабақтар мен
тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау
әдістемелерін меңгеру қажет.
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім
сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және
одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы
орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
Кәсіби-өнегелілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді,
оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ
адамдар.
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет
екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан
жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы мамандықтың басқа иелері
де бөліседі.
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар,
сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және
ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» оты- 7
рады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге
асырылады. Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу
мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру
Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға
мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды.
Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен
орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын,
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Бағдарлама:
1. оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға
қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;
2. әрбір оқушының пән туралы түсінігін қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін
сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;
сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуы
мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі
бар мұғалімдерді;
3. оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен
оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін,
оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыс критерийлері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін
мұғалімдерді;
4. бастапқы идеядан туынды идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды
оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып,
тереңдетіп бере алатын, дайын білім мен идеяларды ұсынбай, сол білім мен идеяларды
оқушылардың өздерінің құруына түрткі болатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
8
Barber, M., & Mousahd, M. (2007). How the best schools systems came out on top [Ең үздік мектеп
жүйелері бірінші орынға қалай шығады]. Online at http://mckinseyonsociety.com/how-theworlds-best-performing-schools-come-out-on-top/ Accessed on 19th November 2011.
Fenstermacher, G. & Richardson, V., (2005). Making Determinations of Quality in Teaching. [Оқытуда
сапаны анықтаудың туындысы]. Teachers College Record 107 (1), 186-213.
Hattie, J. (2009) Visible Learning. [Көзге көрінетін оқыту]. London., Routledge .
Pjares, M. F. (1992). Teachers’ beliefs and educational research: Cleaning up a messy construct. Review of Educational Research. [Мұғалімдердің пікірлері және білім беру зерттеулері: Ретсіз
тұжырымдаманы тәртіпке келтіру]. 62(3), 307–332.
Shulman, L. S. (2007). «Good teaching». [«Жақсы оқыту»]. Box content in S Loeb, C Rouse & A.
Shorri (eds) «Introducing the Issue», in The Future of Children. [«Мәселені енгізу», «Балалар
болашағы»]. 17 (1) 6–7.
Stronge, J., Ward, T. & Grant L. (2011). What Makes Good Teachers Good? A cross-case analysis of the
connection between teacher effectiveness and pupil achievement. [Үздік мұғалімдердің жақсы
болуы неден? Мұғалімнің тиімділігі мен оқушының жетістігі арасындағы байланыстың
көлденең талдауы]. Journal of Teacher Education, 62: 339. DOI: 10.1177/0022487111404241
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін
жетілдіріп, бағамдауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері
мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.
Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның
негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен
кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты
ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға
кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.)
барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.
Оқуға арналған негізгі материалдар «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған
нұсқаулық», «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Тренерге арналған нұсқаулық» және
«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» болып табылады.
Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн-материалдар тиісті сабақтар
барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның
біртұтас оқу-әдістемелік кешенін құрайды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда және
кәсіби қажеттіліктеріне қарай мұғалімдер Бағдарламада пайдаланылған және ұсынылатын
әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын
жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Бағдарламаның модульдері:
9
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген,
олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы
Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзіндік
зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстың негізінде өз түсініктерін құратын белсенді білім
алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008),
метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы
маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын
идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз
жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана
қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы
арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін
амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз
бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға
қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды көздейді.
Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті,
ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана
білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен
қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс
тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды
қамтиды.
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық
жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді
оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу
қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу
жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны
оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы
еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың
стратегияларын қарастырады.
Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды,
ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Бағдарлама сыни бағалау
10 тәсілдерін де қарастырады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты,
себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған
оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі
дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»
модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі,
балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр
жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге модульдермен,
мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен байланысы бар, атап айтқанда
әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан.
Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да
қарастырылатын болады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту
барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді
анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен
бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті
өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы
пікірлер баршылық. Осы Бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды
дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде
осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып
оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен
оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай
қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау
жөніндегі идеяларды қамтиды.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде
тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас
үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну,
алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін
жібере білу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің
сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен
түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның
негізгі идеясы сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау
нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру 11
мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.
Осы модульде көшбасшылық тәсілі «Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы» қағидатына
(Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ,
мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің
жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің
сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен
тығыз байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту
жолында: сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер]. 4th edition, York, Dialogos.
Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблемаларды шешудің
метакогнитивтік аспектілері]. in Resnick, L.B. (Ed). The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ,
Erlbaum).
Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners.
[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме]. Clevedon: Multilingual Matters.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University
Press).
Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалардың ойлану және білім алу қабілеттері
қандай?]. 2nd edition. Oxford: Blackwell Publishers Ltd.
АДАМДАРДЫҢ ҚАЛАЙ ОҚИТЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛІМ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕР
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған.
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады
(негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай
алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл
12
сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын ісәрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқу үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы бір
кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді.
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш санатынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым
күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының
ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек
беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Бағдарламада іске асырылатын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.
Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.
Өзіңіз үйренген бір нәрсе жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік
дағды немесе қағидат болуы мүмкін.
1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?
– Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?
2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?
3. Оқу нәтижесінде қандай өзгеріс туралы білдіңіз?
– Оның Сіз үшін мәні қандай болды?
4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?
5. Сіздің бұны үйренгеніңізді өзгелер неден байқайды? Олар үшін нәтиже қалай
көрінбек?
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және әр адамда әртүрлі жүретін үдеріс екенін көрсетеді.
Бұдан түйетін ой – бұл саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты
білу ауыр екені. Алайда оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау
және қабылдауын бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны
тұтастай қарастыра отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу
үдерісінде бір-бірімен өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы
нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан
кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен
ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы нысанды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы,
аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар. Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін
«тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері
тобы қосылған деген болжам жасауға болады (2-сурет). Біз ғылыми қордың мұраларын
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи
идеялармен танысамыз.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну
Әлеуметтік
психология
Аффекттік
теориялар
Когнитивті
психология
Нейроғылым
2-сурет. Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық
«экспедициялардың» негізгі бағыттары
13
Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болған топ – когнитивті теоретиктер.
Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты
адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді
(есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және
ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді
пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты мәселелерге баса назар аударыла
бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің дамып, өрістеуіне жол ашылды.
Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау және зияткерлікке қатысты соңғы
зерттеулер тұрғысынан қаралған.
Пиаже теориясына жүгіну
1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан
Жан Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды. Сол кезең үшін бақылау мен эксперимент жүргізудің тиімді әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап кезеңдерде
жүзеге асырылатын жалпы танымдық операциялардың кешенді даму көрінісін нанымды
дәлелдеп шықты.
Пиаже кеңістік, уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін
анықтады. Алайда, қырық жылдан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге өзіндік ережелер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін анықтап, жалпы сатылар мен құрылымдар
болатынына күмән тудырды.
Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет
деп есептеген. Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұмыс істейтін және
14 өзара қарым-қатынаста бола алатын көптеген салыстырмалы түрде тәуелсіз «зияткерлік
қабілеттерге» ие деген пікірге келді.
Пиажені жеке айырмашылықтар қызықтырмаған, ол «эпистемиялық субъектіні» зерттеген. Бұл саладағы көптеген соңғы зерттеулер жеке ерекшеліктерге шоғырланған, мұның
өзінде айрықша таланттар мен кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шектеулі
мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына аса мән берілген.
Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен қоректену», айналадағыны аңдау сияқты
шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге, оқудың – ассимиляция және бейімделу деп атаған
басты екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған. Қазіргі психологтар адам біраз туа біткен
қасиеттерге немесе жеңіл түрде айқындалатын танымдық қабілеттерге ие және Пиаже осы туа
біткен танымдық құрылымның маңыздылығын жете бағаламаған деген қорытындыға келіп
отыр.
Пиаже танымдық дамуды өсіп келе жатқан баланың физикалық немесе азын-аулақ
дәрежеде әлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы деп қабылдап, тарихи және
мәдени факторлардың маңыздылығын ескермеген. Қазіргі теорияларға сүйенсек, даму ерте
кезеңдерден-ақ басталады, бұл жағдайда әлеуметтік ортаның дамуға әсері елеулі болмақ.
Сонымен бірге Пиаже біртұтас танымдық тетіктердің, моториканың көріністері ретінде тіл
және басқа да графикалық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесін қарастырған.
Гарднердің зияттың қырлары туралы соңғы уақыттағы зерттеулері әр жүйенің өзіне тән шығу
тегі болатындығын және олардың мәдени, уақыттық мәнмәтіндер жүйесінде қолданылуы
елеулі ықпал ететінін болжайды.
Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары
Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде қарастыратын
ғалымдар мен зерттеушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым проблема болатыны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зерттеу жүргізіп,
ортақ зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы
күнге дейін сақталып отыр. Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын
тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.
Гарднер субъектілер көп қырлы зиятқа ие деп есептеген. Сол арқылы ол зиятты өлшенетін
және зияткерлік коэффициентіне (IQ) қосылатын бірыңғай және жалпы қабілет ретінде
қарастырмай, керісінше

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)