Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас
ауданының білім бөлімінің “Шоқан Уәлиханов атындағы Бөлтірік шешен
ауылының орта мектебі” КММ
Тақырыбы:
«Мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігі – білім сапасын арттырудың
негізі»
Физика пәнінің
мұғалімі: Тайшикова
А.А.
2021-2022 оқу
жылы
Мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігі – білім сапасын
арттырудың
негізі
«Ғылым — қоршаған
әлемнің барлық құбылыстарын
Жүйелеу арқылы
жинаған адамзат ойының көпғасырлық
жұмысы»
(Альберт
Эйнштейн)
Физиканың пәндік мазмұнын білу
және түсіну педагогтің кәсіби білімінің маңызды компоненттерінің
бірі болып табылады және оқушыларды қазіргі заманғы дамыған
технологиялар әлемінде өмір сүруге даярлауда, сонымен қатар олардың
мектепте физиканы пән ретінде зерделеу арқылы жалпы дүниетанымын
қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады.
Бүгінгі күні шәкірттерімізге
сапалы білім беруде әрбіріміздің алдымызға қойған басты мақсатымыз
– ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген, сананың жаңа деңгейіне ие,
өзін-өзі бағалауға қабілетті және жаратылыстану-ғылыми дүниетаным
негізінде сын тұрғысынан ойлай білетін тұлғаның функционалдық
сауаттылығын дамыту.
Мектеп қабырғасында
оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытумұғалімдер
үшінмаңызды міндет болып
табылады.
Жаратылыстану сауаттылығы PISA
халықаралық зерттеуінде бағаланатын оқушылардың функционалдық
сауаттылығының бір бағыты болып
саналады
PISA халықаралық зерттеуінде
оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың бірқатар ерекшеліктері бар.
PISA тапсырмаларында оқу жаттығулары емес, шынайы өмірмен
байланысты практикалық мысалдар
қарастырылады.
Оқыту сапасын арттыру
мақсатында әлемнің алдыңғы қатарлы мектеп жүйелері үш принципті
берік ұстанады:
-
мұғалімдікке лайықты
адамдарды тарту (білім беру жүйесінің сапасы
оны жүзеге асыратын мұғалімдердің сапасынан жоғары болуы мүмкін
емес);
-
бұл тұлғаларды тиімді
педагогтерге айналдыру (оқушылардың нәтижелерін
жақсартудың жалғыз жолы оқыту сапасын жақсарту болып
табылады);
-
әр баланы жоғары білікті
оқытумен қамтамасыз ететіндей жүйені құру және атаулы қолдауды
қамтамасыз ету (жүйенің жоғары нәтижелі
деңгейіне жетудің жалғыз жолы – әр оқушының деңгейін
жоғарылату).
Осы орайда өздеріңізбен ПШО
ұйымдастырған «Физика мұғалімдерінің
пәндік құзыреттерін дамыту»
біліктілікті арттыру курсынан
алған ақпараттармен бөліскенді жөн
санадым.
Курс бағдарламасының
мақсаты:
пәнді оқыту сапасын арттыру
үшін физика мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы кәсіби
құзыреттілігін
жетілдіру.
Курс бағдарламасының
міндеттері:
-
мұғалімдердіңфизика курсының
мазмұны мен құрылымының әдіснамалық негіздерін, курс аясында
қарастырылатын әдістемелік идеяларды терең түсінуін қамтамасыз
ету;
-
мұғалімдердің пән бойынша
білімдерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес іске асырудағы
білік-дағдыларын дамыта отырып
тереңдету;
-
мұғалімдерге қиындық туғызатын
тақырыптар бойынша физикалық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері
туралы түсініктерін кеңейту;
-
физикалық есептерді шығарудың
прогрессивті әдістерін қарастыруға қызығушылығы мен ынтасын
қалыптастыру;
-
мұғалімдердің физиканы оқыту
проблемаларын пән мазмұны аясында шешу, сондай-ақ оқыту процесін өз
бетінше талдау дағдыларын
қалыптастыру;
мұғалімдердің қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеу, физика есептерін шығару барысында
әртүрлі цифрлық ресурстарды қолдану дағдыларын
дамыту.
Ең басты назарға алып,
ескеруіміз қажет маңызды ақпараттар, ол күнделікті тапсырмаларды
құрастыруда қолданатын – командалық
сөздер.
Білуге қатысты командалық
сөздер:
|
-
Таңдайды;
-
Іріктейді;
-
Атайды;
-
Табады;
-
Анықтайды;
-
Есептейді;
-
Тұжырымдайды
|
-
Кім (бар/
болды)...?
-
Қалай
(ұзақ/көп)..?
-
Не
(бұл)..?
-
Қайсысы/қандай
..?
-
Неге
(болды)..?
-
Қайда (бар)
..?
|
Түсінуге қатысты командалық
сөздер:
|
-
Жіктейді;
-
Сипаттайды;
-
Түсіндіреді;
-
Ажыратады;
-
Қорытынды
шығарады
|
|
Қолдануға
қатысты командалық
сөздер:
|
-
Таныстырады;
-
Құрады;
-
Өндіреді;
-
Аяқтайды;
-
Ұйымдастырады;
-
Әзірлейді
-
|
-
Білім мен әдісті қолдана
...
-
Егер,.. болса не болатынын
түсіндіріңіз
-
Негізгі, түйінді идеяларды
заыңыз
-
Өз сөзіңізбен
жеткізіңіз
|
Жоғарғы ойлау дағдылары
дегеніміз не?
|
|
-
Үдерістердің өзара байланысы
мен қосылыстарын
түсінеді;
-
Ақпаратты таратады жаңа түрде
ұсынады;
-
Тұжырымды фактілер менөз
ойымен түйіндейді
|
|
Жоғарғы ойлау дағдыларына
қатысты командалық
сөздер:
|
-
Талдайды;
-
Болжайды;
-
Салыстырады;
-
Негіздейді;
-
Қорытынды
шығарады;
-
Гипотеза
ұсынады
|
-
Неліктен.......
Неге?
-
Қалай әсер ететінін......
Сипаттаңыз
-
Қандай сипаттамалары бар
....?
-
Қандай шешім ұсынар
едіңіз?
-
Неліктен ........ Жақсы болар
еді?
-
Басымдықтарына қарай
орналастырыңыз.
|
Тапсырма «неліктен» сөзімен басталса, сұраулы
сөйлем түрінде болады. Ал командалық сөздерді пайдалансаңыз, онда
сөйлемнің соңы командалық сөзбен
аяқталады.
-
Тапсырмалар мәтіндік
ақпаратпен қоса кесте, диаграмма, график, суреттер, схемалардан
құралуы керек;
-
Тапсырма әртүрлі пәндік
облыстарды қамтуы тиіс (тапсырманы орындау үшін әртүрлі білімдерді
кіріктіру және жалпы оқу біліктерін
қолдану);
-
Тапсырмалар қосымша ақпаратты
қажет етуі мүмкін;
-
Тапсырмалар кешенді және
құрылымдалған болуы керек, яғни өзара байланысты бірнеше
сұрақтардан тұрады.
Мәселенің шешіміне талдау
жасау үшін оқушылар есептің шартын түсінуі керек: не берілетінін
және не табылуы керек. Шешімді талдау командалық сөздерге
негізделген проблемалық жағдайды талдауды қамтиды. Мұғалімнің
оқушыларға беретін тапсырмаларында нақты нұсқаулар болуы керек.
Тапсырманың шарттарын құрған кезде ойлау қабілеттерінің деңгейіне
байланысты командалар мен сөз тіркестерінің тұжырымдалуына назар
аудару қажет. Мысалы,
-
тапсырмада «сипаттаңыз»
командалық сөзі қолданылса, онда сіз нақты не болғанына жауап
бересіз;
-
егер тапсырмада «түсіндіріңіз»
командалық сөзі қолданылса, онда сіз не үшін болғанына толық
түсініктеме беруіңіз қажет;
-
тапсырмада «бағалаңыз»
командалық сөзі қолданылса,
сіз бір нәрсенің барлық
артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасауыңыз
қажет;
-
егер тапсырмада «салыстырыңыз»
командалық сөзі қолданылса, онда сіз
екі (немесе одан да көп)
заттың ұқсастығы мен айырмашылығын жазып алуыңыз
керек.
Жалпы тапсырмаларды
төмендегідей типтерге бөліп қарастыра
аламыз:
Сандық
тапсырма – белгілі бір физикалық
құбылыстарға негізделген, ХБЖ-не келтіруді, суретін салуды,
формулаларды жазып көрсетуді және математикалық есептеулер
жүргізуді қажет етеді.
Сапалық
тапсырма – есептеу жүргізуді қажет
етпейді. Сонымен қатар, салыстыруды, талдауды, терең ойлауды,
физикалық заңдылықтар мен заңдарды білуді және қолдануды, логикалық
қорытынды жасауды талап етеді.
Кеңейтілген
тапсырмаларда – пәнаралық байланыстар
міндетті түрде қамтылуы тиіс.
Тереңдетілген
тапсырмалар – күрделі есептер,
олимпиадалық есептер, жоғары ойлау дағдыларын қалыптастыратын
командалық сөздерді қолданып құрастырылған құрылымдастырылған
тапсырмалар болып табылады.
Web1.0 және Web2.0
веб-ресурстарын күнделікті сабақ барысында қолдану өз кезегінде
оқушылардың білім сапасын арттыруда, фнукционалдық сауаттылығын
дамытудағы маңызды факторлардың бірі болып саналады. Күнделікті
сабақ барысында қолдануға және оқушылардың жеке шығармашылық
ізденістері үшін қолжетімді
симулятор-контенттер:
-
Web1.0
|
Web2.0
|
Компьютерде арнайы жасақтама
орнатуды талап етеді
|
Қызметтер ғаламтор арқылы
қолжетімді
|
Оқшауланған
|
Бірге
|
Оффлайн
режимде
|
Онлайн
режимде
|
Лицнезияланған бағдарламалық
жасақтама
|
Тегін бағдарламалық
жасақтама
|
Автор
біреу
|
Бірнеше авторлардың бірлескен
жұмысы
|
Авторлық құқық қорғалған,
барлығына қолжетімді
емес
|
Ұжыммен қолдануға болатын
ортақ, қолжетімді
контент
|
Барлығымызды да төмендегідей
маңызды сұрақтар алаңдататыны
сөзсіз:
-
Біз мектепте физиканы қалай
оқытамыз?
-
Балаларымыздың функционалдық
сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын қалай
дамытамыз?
-
Біздің оқушылар PISA
халықаралық зерттеулерінің қорытындысы бойынша қандай нәтиже
көрсетеді?
Сонымен, мектептегі оқыту
жүйесінің сапасы – мектеп мұғалімдерінің сапасына
негізделеді. Бұл оқушылардың мектепті
аяқтағаннан кейін жетістіктерге, табыстарға жетуіне әсер ететін
бірден-бір маңызды фактор болып
табылады.