400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің өткізген саябағының талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің өткізген саябағының талдауы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Мұғалімнің өткізген сабағының талдауы
Сабақты өткізуші: Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ әдебиеті
Бағдарламада берілген оқу мақсаты:
6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;
Сабақтың мақсаты: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы
түсіндіреді; кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей "Тортай мінген ақ боз ат" әңгімесі

1) Сабақта жаңа технологиялар, нақтырақ айтқанда LearningApps платформасы тиімді
қолданылған. Оқушыларға кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығына баға беруге бейімдеуге
бағыттарған тапсырмалар қарастырылған.
• Мәтінмен жұмыс
• Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға байланысты тапсырмалар
• Деңгейлік тапсырмалар
• Тапсырмалар Блум тақсономиясына сәйкес төменгі, орта, жоғары деңгейде жасалды
2) Сабақтың үш кезеңі қамтылды:
Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту кезеңі. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырдым. Тақырып төңірегінде «Мозайка» әдісі арқылы суретті құрастырды.
Сабақтың ортасында оқушылардың шығарманы қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау үшін
«Baamboоzle» платформасы тиімді қолданылды. Оқушылар ұяшықты таңдап, сұрақтарға ұтымды жауап
берді. Мазмұнына байланысты сұрақтардан басқа оқушыларға проблемалық сұрақтар ұсынылды.
Әрбір топқа шағын мәтін ұсынылды. «Дұрыс/бұрыс» кестесі арқылы тақырыпты қалай меңгергенін
зерделедім. Тапсырмалар барысында шағын мәтін ескеріліп, «Кім? Қашан? Неліктен?» атты әдіс
қолданылды. Берілген үзінді бойынша үзіндіні кім айтты, қашан айтты, неліктен осындай жағдай
туындағанын анықтады. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында «LearningApps»
платформасында жасалған «Сәйкестендіру» әдісі қамтылды. Оқушылар Ораш пен Тортай атты
кейіпкерлердің мінезін анықтап, оның іс-әрекетін бағалады. Себебін анықтады. Сабақ соңында «Маған
ұнаған кейіпкер» тапсырмасы арқылы оқушылар кейіпкердің заманауи жаңашылдығына баға берді.
Сабақ соңында «Теннис» бекіту тапсырмасы қамтылды. Оқушылар тақырып төңірегінде
сөздер мен сөз тіркестерін жазып жарысты. Постер жасады. Кері байланыста «3-2-1» әдісі арқылы
сабақ қорытындыланды. Оқушылар тақырыпты 3 сөйлеммен қорытындылап, сол 3 сөйлемнен 2 сөз не
сөз тіркесін шығарды, 1 сөзге қысқартып, қорытындылады. Барлық тапсырмалар барысында
дескрипторлар ұсынылды.
КӨРНЕКІЛІКТЕР ТИІМДІ болды деп ойлаймын. Себебі барлық тапсырмаларда карточка,
қиынды қағаздар болды, онлайн платформаларда жұмыс жасады.
Рефлексия
Сабаққа қойған мақсат нақты болды.
Бүгін оқушылар сабақты ұғыну үшін:
• Сөздермен жұмыс жасады
• Мәтінді оқыды
• Жабық тапсырма орындады
• Плафтормада мінез бен іс-әрекетті сәйкестендірді
• Диалог құрады
• Ой толғау жазып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріп, қазіргі таңдағы маңыздылығын
анықтады.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
64
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі