400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің өз білімін жетілдіру – заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде құрастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырып: Мұғалімнің өз білімін жетілдіру – заман талабы Тельпекбаева Елизавета Амангалиевна Рудный қаласы әкімдігінің «5 гимназиясы» КММ Рудный қаласы Қостанай облысы Қазақстан Республикасы «Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі. Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып, рухани және материалды объекті және субъекті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды» деген А.Г. Мысливченко мен И.Л.Наумченко   Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім  өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын,шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.Білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде, сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.   Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы, я болмаса ғаламтордағы әдістемелік ақпараттарды саралап, өз жоспарлары бойынша жұмыс істеуі керек. Әр мұғалім міндетті түрде өз білімін жетілдіру, заман талаптарына сай еңбек етуге тиісті. Сонда ғана ол заманауи мұғалімдер қатарына енеді. Ол үшін ұстаздың кәсіптік дамуының бағдарламасы болғаны жөн. Мұғалімнің өзіндік білім алуына ақпаратпен күнделікті жұмыс; шығармашылыққа деген ынта-жігері ; қазіргі ғылымның жылдам дамуы; өмірде,қоғамда болып жатқан өзгерістер; бәсекелестік қоғамдық пікір материалдық ынталандыру, қызығушылық ықпал етеді. Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу, қызметінің мүмкіндіктері жатады. Жоғарыда айтылған ойларды ескере отыра, өз жұмысымда өздігімнен білім алу тақырыбы ретінде «Оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қазақ тіліне үйрету» тақырыбын алдым. Неліктен осы тақырып мен үшін маңызды да, негізгі тақырып болып саналадыі? Біріншіден, қазіргі заманда жастарға ақпараттық- коммуникациялық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Екіншіден, осы технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын арттыру. Үшіншіден, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға үйренеді. Тақырып төңірегінде айтып кеткен нәтижелерге жету мақсатында мен өзбетімен білім алуға, бар білімімді, шеберлігімді жетілдіруге тырысамын. Өйткені өздігінен білім алу - мұғалімнің кәсіптік қызметінің негізі. Өмірде бір қалыпта қатып калған ештеме жоқ, сондықтан Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», -деп тұжырым жасағым келеді. Ал жаңадан жаңаны табу үшін әр ұстаз өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Ал, әдістемелік шеберліктің ұйытқысы болып өздігінен білім алу табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:1.ИнфоУрок сайты2. К.Жантелова.Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен үйрету. // Қазақстан мектебі,№3,2013.-21- бет.3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
748
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі