Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер өз білімін көтергенде нені басшылыққа алуы керек?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оспан Жазира Оспановна

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы 249-топ

15.11.2017 жыл.


Мұғалімнің кәсіби өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамыту - педагогикалық шеберлікке бастар жол

Мұғалім әрдайым даму үстінде, сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді. Мұғалім өз көзқарасы бойынша оқушыға дамыта білім беру ортасын тудырады.Заманауи сабақ құзіреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің, не жетпейсің! Мектеп қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды. Сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.    Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің  ең басты міндеті – білім берудің  ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз.Сондықтан мектепте іс-тәжірибемде , оқушылармен жұмысымда зерттеу жүргізіп келемін.Мұғалім неғұрлым кәсіби терең біліммен қаруланған сайын, оқушы да көз алдындағы тұлғаға ұқсағысы келеді. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс.Оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етуде, жаңа технологиялар бойынша біліммен қаруландыруда көптеген әдіс-тәсілдерді қолданамын. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Білім нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру-ұстаздардың басты борышымыз, қастерлі жұмысымыз, қашан да ата-ана үшін баланың орны бөлек, өмірдің сәні де, нәрі де-балада.Ата-анасы бала үшін бас ұстазы болса,ал ұстазы-екінші ата-анасы. Ендеше ұрпақ тәрбиесінің кілті-ұстазда. Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін қажет.

Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу .Өзіндік білім көтеру- мұғалімнің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы.

 Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. 

Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұшқырлығымен, күрделілігімен,жан-жақтылығымен ерекшеленеді,бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы: дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты. Өз алдына мақсат қоя білуге жағдай жасауымыз керек. Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін – дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет – өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды білімге баулып қамқорлыққа алып тәрбиелеу – ортақ шара іс тетігін шешеді десек, білікті маман қызмет атқаратын білім мекемесінің қазіргі кезеңде заман күшінен қалмайтыны белгілі. Осыған орай әр мұғалімнің өз білімін көтеруі өз кезегінде кезек күттірмейтін маңызды қадамдардың бірі. Өйткені ұстаз басқаларды үйретумен қатар өзі де үнемі үйрену үстінде болары сөзсіз.  Елбасының қадағалап отырған әлемдік талапқа сай білім беру жүйесін қалыптастыру баршамыздың алдымызға қойылған ұлы мұрат. ХХІ  ғасырдың ұстазы өз мамандығы бойынша ғана емес, жалпы ғылымдар саласы бойынша ой-өрісі кең, ұлттық менталитеті жоғары кәсіби білікті маман, қоғаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін, жауапкершілік сезімі жоғары болуы тиіс.
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік.
Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

      "Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір, осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

     


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі