Мұғалімнің өз тәжірибесін
зерттеуі неліктен қажет?
Мен
оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен
әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап,
талдап, бақылауы тиіс
деп
есептеймін.
Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды
талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен
таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы
жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп жетістіктерге жетужолдарын
қарастырып, ал кедергілер мен кемшіліктерді жоюдың тиімді жолдарын
табу үшін үнемі тәжірибе жүргізіп, ізденіс үстінде болу
керек.
|
Өйткені тиімді тәжірибелер мен
ізденістер нәтижеге бастайды.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол
мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең
әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», – деп Ахмет Байтұрсынов
айтқандай, мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу,
жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып
табылады. Педагогикалық зерттеу – оқыту, білім беру және тәрбие
тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық
сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын
педагогикалық процесс. Көпщілік мұғалімнің педагогикалық ізенісі –
бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп
жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі болып табылады. Және де
тағы бір сөзінде Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім
қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,
ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң,
ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан
хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.» демекші, педагогика мен
методикадан меңгерген, білімді, жақсы оқыта білетін мұғалім- өз
тәжірибесіне зерттеу жүргізе алады. Себебі мұғалім мамандығының
қыр- сырын ашатын осы педагогика мен методика. Өзім басқарып
отырған мекемемдегі тәжірибесі мол, ізденімпаз мамандардың бойында
жақсы оқыта білетін мұғалімге тән қасиеттерді
байқаймын.
|
Мысалы сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген
еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері- зерттеушілік
әңгіме, дәйек пен диолог –мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартумен қатар, жоғары
деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларынан
дамуына ықпалын тигізетіні анық. Сыныптағы қарым-қатынасты
зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері
– зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диолог – мұғалімдер мен оқушыларды
мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартумен қатар,
жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік
қырларының дамиды. Сонымен бірге сабақта оқушыларға білім
беруде екі жаққа тиімді әдістерді өз тәжірибесінде қолданып,
зерттеп екі жаққа да қолайлы ахуалды қалыптастыру керек. Сабақты
меңгеруде әр баланың түсіну қабілеті, мүмкіндігі әртүрлі болып
келеді. Сол үшін де мұғалімнің шеберлігі осы жерде керек болады.
Мен өз тәжірибемде білімалушыларды оқыту барысында иновацияны, яғни
жаңа әдістерді кеңінен қолданамын. Мысалы АКТ құзіреттілігімен
бүгінгі күннің жаңалықтарымен жиі байланыстырамын. Сол арқылы
сабағымда оқушыны шығармашылыққа да, ізденушілікке де өз мақсатыма
да жете
аламын.
|
Сондықтан, бірінші кезекте мұғалім өз
тәжірибесін талдап, баға беріп, тарату
керек, білім беру ортасы үшін, ондағы
белгілі бір мәселені шешуге, білім алушылардың білімдерінің
жетілуіне, мамандардың өз арасында тәжірибелерімен бөлісе отырып,
жаңаша оқытуды, тиімді оқытуды, әдіс- тәсілдерді дұрыс қолдана
білуі маңызды. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы
айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер
мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа
әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп
ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы
тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады. Осылай
мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір
талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің
тиімді жолдарын
табады.
Білікті мұғалім өз тәжірибесін зерттеу арқылы
мектепті дамытып, білім беру жүйесін алға жылжытады
деген қорытындыға
келдім.
|
Орындаған: Қызылғұлов
Әсет
ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ЭССЕ
Құрылымдап ойлау – бұл уақыт
пен күш-жігерді қажет ететін және кез келген адам меңгере алатын
дағды. Ал эссе жаза білу – бұл өмірдің барлық саласында, соның
ішінде басшылық қызметте таптырмайтын маңызды
дағды.
Эссе жазу дағдысы ойды реттеп,
құрылымдап жеткізуге көмектеседі. Ал бұл өте маңызды, өйткені Сіз
қабылдайтын ақпараттың ауқымды бөлігі ауызша беріледі. Ойды
тұжырымдай білу және дәлелдемелер келтіре алу – бұл жұмыста немесе
оқуда ғана емес, сонымен қатар өмірде де керекті баға жетпес
қабілет. Басшы үшін өз көзқарасын дәлелдей білу, негізгі мәселелер
бойынша пайымдау, сонымен қатар өз ойын дұрыс және тиянақты жеткізе
білу сияқты қабілеттер ерекше құнды болып
табылады.
Эссе жазу барысында PRES
формуласын қолдануды ұсынамыз:
P (Position – ұстаным,
көзқарас. Берілген проблема бойынша өз
пікіріңізді білдіру қажет. Ол үшін келесі сөз орамдарын қолдануға
болады:
«Менің ойымша,
…......есептеймін»,
«Менің ойымша, бұл мәселе
назар аударуды қажет етеді / қажет
етпейді»,
«......... деген оймен
келісемін».
R
(Reason)/ Explanation –
негіздеу, өз ұстанымын түсіндіру. Мұнда
сіздің пікіріңізді дәлелдейтін барлық дәлелдер келтіріліп,
негізделген жауап жазылуы тиіс. Онда курстық оқу немесе тақырыптар
туралы сөз қозғалып, анықтамалар мен ұғымдар ашылуы керек. Бұл
бөлімде «Неліктен? Бұл мәселенің себебі неде?» деген сұрақтарға
жауап беріледі. Бұл сұрақтардың жауабы «өйткені», «сондықтан»,
«себебі» деген сөздер арқылы ашылады.
E (Example) –
мысал. Өз сөзіңізді түсіндіру және
растау үшін кем дегенде үш фактіні мысалға келтіру керек. Бұл бөлім
іс жүзінде өз ұстанымыңыздың дұрыстығын дәлелдей алу қабілетіңізді
көрсетеді. Сіз өз тәжірибеңізден мысал келтіре аласыз, ең бастысы,
сендіретіндей дәлел келтіру болып табылады. Бұл тұста «мысалы»,
«оны мен............. деген мысалдармен дәлелдей аламын» деген сөз
орамдарын пайдалана аласыз.
S (Summary) – салдар (ойды
қорытындылау). Бұл қорытынды бөлім болып
табылады, онда сіздің ұстанымыңызды растайтын қорытынды тұжырымдар
болуы тиіс. Сөйлемді «Осыған байланысты мен …......қорытындыға
келдім», «Қорытындылай келе…», «Сондықтан…», «Жоғарыда айтылған
ойларға сүйене отырып, мен бұл туралы ..........қорытынды жасаймын»
деп бастауға болады.
Сізге эссе жазуда
сәттілік тілейміз!