Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж
Жалпы кәсіптік ПЦК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕБІ
Мамандық атауы: 1140600 Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пән: Педагогика
Орындаған: ҚБ-921 тобының студенті
Алимова Жансая Армановна
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Мухамеджанова Г.С.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________
ПЦК төрағасы Мухамеджанова Г.С.
Көкшетау, 2025
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................................ 3
І бөлім. Педагогикалық әдептің мәні мен маңызы
-
Педагогикалық әдеп – педагогикалық шеберліктің элементі.............................6
-
Мұғалімнің кәсіби имиджінің оқу-тәрбие процесіне әсері..............................9
ІІ бөлім. Педагогтық әдепті меңгеру жолдарының негіздері
2.1 Мұғалімнің педагогикалық әдебінің негізгі аспектілері...................................15
2.2 Мұғалімнің педагогикалық әдепті сақтаудағы рөлі....................................18
2.3 Мұғалімнің педагогикалық әдепті бұзу салдары.....................................21
Қорытынды ............................................................................................................. 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................................ 25
Қосымшалар ............................................................................................................27
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Мұғалімнің педагогикалық әдебі – оның кәсіби шеберлігінің ажырамас бөлігі. Бұл ұғым мұғалімнің өз қызметін орындау барысында оқушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен және қоғаммен қарым-қатынасындағы сыпайылық, сабырлылық, сыйластық және адамгершілік қағидаларын сақтауын қамтиды. Мұғалімнің әдебі оның жеке мәдениетімен, ішкі рухани байлығымен және психологиялық тұрақтылығымен тығыз байланысты.
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді. Мұғалім сахнадағы актер сияқты әрқашан көз алдында жүреді. Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтік әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнайы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогті әдепті дамытуға септігін тигізетін жекеленген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайттарды бөліп көрсетуге болады.
Зерттеудің нысаны: Педагогикалық әдеп.
Зерттеудің пәні: Педагогикалық әдеп және шеберлік, оның талаптары.
Зерттеудің мақсаты: Педагогикалық әдепті зерттей отырып, оның талаптары мен міндеттеріне назар аудару.
Зерттеудің міндеттері:
1.Педагогикалық әдептің мәнін ашу.
2.Педагогикалық шеберлік жайлы түсінік беру.
3.Педагогикалық кәсібилікті қалыптастыру жайлы мәлімет беру.
4.Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
5.Педагогикалық әдептің талаптары мен міндеттері.
Зерттеудің болжамы: Егер мұғалімнің педагогикалық әдебі тиімді қалыптасса және оны оқыту процесінде жүйелі қолданса, онда оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі артып, олардың тұлғалық дамуы мен психологиялық жайлылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде оқу үлгерімнің жақсаруына, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеудің әдістері:
Тақырыпқа байланысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің көздері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық еңбектер, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар,эмпирикалық дереккөздер, интернет-ресурстар мен электрондық дерекқорлар арқылы алынған ақпарат.
Зерттеудің теориялық маңызы: Бұл зерттеу мұғалімнің педагогикалық әдебінің мәнін, оның білім беру үдерісіндегі рөлін және қалыптасу жолдарын теориялық тұрғыдан талдауға бағытталған. Осы ретте мұғалімнің педагогикалық әдебін ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыру арқылы оның кәсіби қызметке, оқыту сапасына және жалпы білім беру жүйесіне тигізетін ықпалын айқындау. Бұл зерттеу педагогикалық әдеп саласындағы ғылыми-теориялық білімдерді толықтырып, болашақ зерттеулер мен практикалық қолданыстар үшін маңызды негіз қалайды.
Зерттеудің практикалық маңызы: Бұл зерттеудің практикалық маңызы мұғалімнің педагогикалық әдебін жетілдіру арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Алынған нәтижелер мен ұсыныстарды мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында тиімді қолдануға болады.
1. Мұғалімдердің кәсіби қызметіне тигізетін пайдасы:
• Мұғалімдер педагогикалық әдептің негізгі қағидаларын меңгеріп, оны оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде саналы түрде қолдана алады.
• Педагогикалық әдебін сақтаудың тиімді тәсілдерін меңгеру арқылы оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынас мәдениетін жақсартады.
• Мұғалімдердің кәсіби этикасын дамытуға және олардың беделін арттыруға ықпал етеді.
2. Оқушыларға әсері:
• Мұғалімнің педагогикалық әдебі жақсарған жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, оқу үлгерімі жақсарады.
• Педагогикалық әдеп сақталған ортада оқушылар өзін еркін сезінеді, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік алады.
• Мұғалімнің әдебі жоғары болған кезде оқушылар арасындағы өзара сыйластық пен тәртіп деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нәтижелері мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында мұғалімнің педагогикалық әдебін жетілдіруге көмектеседі. Бұл білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және жалпы мектеп мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу: Курстық жұмыста мұғалімнің педагогикалық әдебінің білім беру үдерісіне әсері қарастырылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және оларды білім беру жүйесіне енгізу мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мұғалімнің педагогикалық әдебі оқу үдерісінің тиімділігіне тікелей әсер ететінін дәлелдеді. Мұғалімдерге ұсынылған әдістемелік құралдар мен кеңестер олардың кәсіби әдебін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға көмектесті. Осылайша, зерттеу нәтижелері мектеп тәжірибесіне сәтті енгізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Педагогикалық әдеп – педагогикалық шеберліктің элементі
“Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші ретінде адал, әділетті, шыншыл адам болуға тиіс.”
К.Д. Ушинский
Қандай да бір мамандықтың өзіне тән ерекшелігі болатыны сияқты, мұғалімнің де кәсіби ерекшелігі оның әдебінен, сөйлеу мәнерінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалімнің кәсіби ерекшелігі ең алдымен оның педагогикалық әдебіне байланысты. Әнші үшін музыка тыңдау қаншалықты маңызды болса, мұғалім үшін әдеп соншалықты қажет. Қазіргі уақытта ұстаздық шеберлік жайлы жиі айтылуда. Бұл – заңды құбылыс. Шеберлікке, шынайы педагогикалық әдіске ие болмаған мұғалім өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындай алмайды [1].
Сонымен, ұстаздық шеберлік дегеніміз не?
1. Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның адами және ұлттық құндылықтарға негізделген нанымы оқушыларды өз ұлтының азаматы ретінде тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Ол үшін ұстаз бойында осындай қасиетті сіңірген адам болуы керек.
2. Өз пәнін жетік білуі.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі.
4. Бірақ осы үш қасиет болғанымен, егер мұғалім оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмаса, педагогикалық әдептен жұрдай болса, онда сабақ пен тәрбие жұмысы өз мақсатына жете алмайды.
Мысалы, бір мұғалім теория жүзінде тәрбие әдістерін жетік меңгергенімен, оны тәжірибеде дұрыс қолдана алмаса, оқушыларды тыңдай білу мен түсіністік танытудан қиналса, оның сабағы нәтижесіз болады.
Демек, ұстаз шеберлігі – тек мұғалімнің жан-жақты және әдістемелік сауаттылығымен шектелмейді. Ол сөзді бойға сіңіре білу қабілетімен де тікелей байланысты. К.Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, педагогикалық теорияны қаншалықты жақсы меңгергенімен, педагогикалық әдептің қыр-сырын игермеген ұстаз нағыз мұғалім бола алмайды [2].
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіби сапасы. Бұл қасиет мұғалімнің әрбір нақты іс-әрекетінде, тәрбие мен оқыту әдістерін қолдануда, оқушылармен қарым-қатынасында көрініс табады.
Ұстаздық әдеп туралы сөз қозғағанда, біз ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың пікірінше, “Ұстаз”, “Тәрбиеші”, “Мұғалім” деген қасиетті ұғымдар 200-ден астам кәсіби компоненттерден тұрады екен.
Осы тұрғыдан алғанда, Әл-Фараби нағыз ұстаздың бейнесін былай сипаттайды:
“Шынайы ұстаз – өзінің айтқанын екі еткізбейтін, ешкімге қысым көрсетпейтін, білімі теңіздей терең, ақыл-ойы парасатты, ерік-жігері мықты жан.”
Осындай қасиеттерге ие ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетіп, оны соңынан ертіп, мұқтажын, талабын орындай алады.
Әл-Фараби түсінігінде ұстаз – қала басшысы сияқты ел жетекшісі, халық қадірлейтін тұлға. Медресе балаларды оқытып-тәрбиелесе, қала бақыты олардың ата-анасына өнеге көрсету арқылы халықтың игі қасиеттеріне баулиды. Олай болса, мұның екеуі де “сегіз қырлы, бір сырлы”, қай жағынан алсақ та халықтың қошеметіне бөленген адамдар.
Философтың айтуынша, егер адам бойында мынадай 12 түрлі қасиет болса, ол кемел тұлға болып саналады:
1. Тән ерекшеліктерін жетілдіріп, әр іс-әрекетінде нәтижеге жете алатын адам болуы.
2. Кез келген нәрсенің жақсы-жаманын ажыратып, дұрыс шешім қабылдай алуы.
3. Өзін түсініп, сезінуі, көрген-білгенін есінде жақсы сақтай алуы.
4. Көрегендігі, талғамы жоғары, байыпты адам болуы.
5. Әр іске әділ, турашылдықпен қарауы, шешен болуы.
6. Ілімге құштар, оқуды-танымдық жан-тәнімен сүюі, шындықты мойындап, ой еңбегін ерекше қастерлей білуі.
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды болуы.
8. Өтірік-өсекке жол бермей, шындық пен әділдікті жақтай білуі.
9. Өркөкірек болмауы, жаны мен ары таза, кіршіксіз болуы.
10. Материалдық дүниеге, пайдакүнемдікке, ұсақ тірлікке қызықпауы.
11. Табиғатынан әділ, шынайы шыншыл болуы.
12. Кез келген қиын шешім қабылдауда сабырлы, байсалды болып, қорқыныш пен үрейге бой алдырмауы.
Осылайша, Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушінің ортақ он екі қасиетін атап көрсетеді. Бұған қоса, ұстаздың рухани кемелдігі үшін даналықты, заң мен әдеп қағидаларын жетік білуін, әр істі ақылмен орындап, сөз бен ісінде үйлесімділік табуын, әскери өнерді меңгеруін маңызды деп санайды.
Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың қандай болуы керектігін де атап көрсетеді. Ұстаз өзінің шәкіртінен адалдық пен сыпайылықты талап еткісі келсе, ең алдымен, өзі де сол қасиеттерге ие болуы тиіс.
“Мұғалімдік” ұстаздықтың өлшемі – тым қатал болмау, бірақ тым босбелбеулікке де салынбау. Егер ұстаз тым қатаң болса, оқушы оған қарсы шығып, жек көріп кетуі мүмкін. Ал егер шамадан тыс жұмсақ болса, оқушылар оны менсінбей кетеді. Демек, ұстаз өз орнын, беделін сақтай отырып, парасаттылық пен ұстамдылық танытуы тиіс [3].
Ұстаздардың педагогикалық әдепке ие болуы – олардың кәсіби шеберлігінің маңызды бөлігі. Бұл ұғым ұстаздың әрбір нақты жағдайда оқушыларға тиімді әсер етіп, қолайлы қарым-қатынас орнату қабілетін білдіреді. Сонымен қатар, ол оқушының жүрегіне жол тауып, оның тәрбиесіне оң ықпал етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Педагогикалық әдепті анықтау үшін үш түрлі көзқарасқа негізделуге болады:
1. Педагогикалық әдеп – оқушылармен қарым-қатынаста қолданылатын әділеттілік қағидаты.
2. Мұғалім тұлғасының психологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
3. Мұғалім шеберлігінің жеке бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп оқушылармен өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Оқытушы оқушыларға ілтипатпен қарап, ұстамдылық танытып, әділетті болуы қажет. Сонымен қатар, оның бойында шынайылық, байсалдылық және сенімділік секілді қасиеттер болуы тиіс.
Үшінші көзқарасқа сүйенсек, педагогикалық әдеп – оқушылармен кәсіби қарым-қатынас орнату өнері. Бұл ұстаздың оқыту мен тәрбиелеу барысында әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас стратегиясын қалыптастыра білуі.
Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық әдеп – жалпы педагогикалық әдіс-тәсілдердің маңызды бөлігі болып саналады. Оны жеке қарастырсақ, “педагогикалық техника” ұғымына жақын келеді. Мұны антикалық философтар “taktike” (грек тілінде “тәртіпке келтіру”) сөзімен байланыстырған.
Мұғалім оқыту барысында қолданатын әрбір педагогикалық әдіс-тәсіл оның әдеп деңгейін көрсетеді. Әдепті ұстаз әрбір әрекетінде оқушының жеке тұлғасын құрметтейді, олардың ішкі жан дүниесін түсініп, дұрыс бағыт бере алады.
Мысалы, кейбір оқушылар сабақ кезінде тәртіп бұзса, ұстаз оларды орынсыз жазалаудан гөрі, жағдайды әділ бағалап, мәселені тәрбиелік тұрғыдан шешуі тиіс. Оқушыларға дауыс көтеру, олардың намысына тию, немесе кемсіту – педагогикалық әдепке сай келмейтін іс-әрекеттер [4].
1.2 Мұғалімнің кәсіби имиджінің оқу-тәрбие процесіне әсері
Көптеген педагогтар мен психологтардың пікірінше, мұғалім имиджі басқа мамандық өкілдерінің бейнесінен ерекше қызметімен ерекшеленеді. Мұғалім оқыту білім мен тәрбиенің жоғары сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі. Осы тұрғыдан мұғалімнің бейнесі оның педагогикалық оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады [5].
Педагогикалық қарым-қатынас өнерін меңгермейінше, оқушылармен өзара әрекеттесуде, оқу тапсырмаларын беру мен қабылдауда, оқу құралдарын пайдалануда, минут сайын сабақ жағдайы туралы бақылауда көрініс табатын мұғалімнің өнерпаз ісі білім беру процесінің тиімділігін айқындай алмайды.
Мұғалім имиджінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – коммуникативтік толеранттылық болып табылады. Бұл адамның жағымсыз немесе қолайсыз психикалық күйлерін, сөздерде, өзара әрекеттесуі серіктестіктердің қасиеттері мен әдеттеріне төзімділік дәрежесін көрсететін адамға деген қатынасты сипаттайтын мінез сапасы.
Коммуникативтік толеранттылыққа қол жеткізу мақсатында мұғалім өте байсалды, төзімді, шыдамды, сабырлы қарым-қатынас орната алуы қажет. Осы артықшылықтардың арқасында педагогикалық процесте өрлескен іс-әрекеттер үшін психологиялық қолайлы жағдай жасалады. Мұғалім баланы барлық кемшіліктерімен, қателіктерімен, қиыншылықтарымен сөзсіз қабылдауға ұмтылуы керек. Шәкірт тәрбиелеу дегеніміз:
• оған төзімділік таныту, оны түсінуге және оған көмектесуге ұмтылу;
• оның жеке басына құрмет көрсету, өзін-өзі бағалауды сақтау;
• оның басқалардан ерекшелену құқығын мойындау; мәселеге оның позициясынан, оның көзінен қарау;
• баланың жеке психологиялық және жеке ерекшеліктерін ескеру.
Мұғалімнің балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау әдебі туралы Б.Лампрехт былай дейді: «Балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеу керек, ақылдылық ету керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек. Манеры сөзі, оқушыға тек қана түсінікті болып қана қоймай, мұғалім сөздері оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жағымды, сүйкімді болу керек. Оқушыларға әрдайым жылы жүзбен, ілтипатпен қарап, олардың мұғалім алдында именбей, еркін сөйлеуіне, өз пікірін қысылмай айтуына мүмкіндік тудыруы керек» [6].
Шиеленіс, қиындық жағдайында коммуникацияға төзімділіктің көрінісі ерекше маңызды.
Бейненің қалыптасуы нәтижесінде әрбір мұғалім педагогикалық іс-әрекетін жеке, ерекше стильге айналдырады.
Корректілік ымдылық қана емес, сонымен қатар сөздік мінез-құлық мұғалім бейнесін қалыптастырады. Мұғалімнің сөзін оқушылардың қабылдауы, түсінуі оқу уақытының шамамен 25-50% құрайтын тәрбиелік тыңдау үрдісімен байланысты. Сондықтан оқу материалын меңгеру сапасы мұғалімнің сөзінің жетілдірілуіне байланысты. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне өте сезімтал. Сондықтан бүгінгі күні сөйлеуді меңгеру мұғалімнің ең маңызды кәсіби құрамдас бөлігі болып табылады. Оған сөйлеу арқылы өз ойын, сезімін анық және тиянақты жеткізе білу, сондай-ақ мимика жатады. Сабақта мұғалімнің сөзі әрқашан оқушыларға арналады, мұғалім жаңа мағлұмат береді ме, оқушының жауабына түсініктеме бере ме, мақұлдау немесе мадақтау білдіре ме деген сұрақтарға жауап іздей отырып, оның сөз мәнері – үшімен, сенімділігімен, пәніне деген қызығушылығымен ерекшеленуі керек. Оның ойын білдіруі анық, қарапайым, оқушыларға түсінікті болуы шарт [7].
Вербалды педагогикалық қарым-қатынастың маңызды бөлігі – өзіне деген оң көзқарасы, өзіне деген сенімділігі бар оқушыларды тәрбиелеу, мадақтау. Мұғалімнің сөзін оқушылардың қабылдауы мен түсінуі өте маңызды. Айтылу, сөйлеу мәнері, дикция, дауыс ырғағы, пауза және паразиттік сөздердің болмауы («осы..», «былайша айтқанда..», «яғни..», кідірістер) шарт. Сонымен қатар, сөйлеудің эмоцияналдығы болу мұғалімнің сөзінің айқындығына тікелей әсер етеді.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің ережесі бар:
• сөйлеу процесі айтқандай күйзеліс туғызбауы үшін мұғалім оны барлық ести алатындай деңгейде сабырлы сөйлеуі керек,
• мұғалім анық сөйлеуі керек;
• мұғалім минутына шамамен 120 сөз жылдамдықпен сөйлеуі керек;
• мәнерлі дыбысқа қол жеткізу үшін логикалық және психологиялық үзілістерді қолдана білу маңызды. Логикалық үзілістерсіз сөйлеу сауатсыз, түсініксіз, мағынасыз болып қалуы мүмкін.
• мұғалім интонациямен сөйлеуі керек. Өйткені логикалық екпіндерді қоя білу, айтылғанның мазмұнын үш-төрт маңызды жеке сөздерді ерекшелеу;
• өзекті мұғалімнің іс-қимылына жеке реңк береді және оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін: ол оқушыларды шабыттандырады, баурайды, тартады.
Мұғалімнің монотонды немқұрайлы дауысымен берген ақпараты оқушыларға ұйқышылдық туғызады немесе зеріктіруі туғызады. Кез келген дыбыстың дұрыс айтылмауы, артық іс-әрекет олардың күлкісін келтіруі мүмкін.
Сондықтан вербалды емес мінез-құлық (мимика, ым-ишара, көзқарас, жүріс) туралы ұмытпау керек. Мұқият көзқарас, мейірімді күлімсіреу, достық ым-ишара оқушы психологиясына жақсы әсер етеді. Түсіндіру қимылдары ақпаратты жақсы меңгеруге ықпал ететінін есте ұстаған жөн [8].
Мұғалім бейнесінің негізгі құрамдас бөлігі - көрнекі тартымдылық. Әрбір ұстаз әдемі болуға міндетті. Табысты «өзін-өзі жеткізу» жасалған әсерді сақтау үшін күш-жігерді қажет етеді. Мұнда жұмыс киім түстері, дұрыс макияж, сәнді шаш кию немесе сәндеу маңызды.
Көбінесе мұғалім өз оқушыларының алдында беделін жоғалтады, өйткені ол тұлға ретінде қызығушылық тудырмайды. Ал мұғалім тұлғасына қызығушылық болмаса, пәнге деген қызығушылық болмайды. Мұғалімнің тұлғасына деген қызығушылық пәнге деген қызығушылықты белсендіру құралы болып табылады. Сондықтан ұстаз бейнесін шабыттандыруы керек. Қазір имидж үшін тұлғаны жеке тұлғаның ұстанымдары мен көзқарастары «жеңімпаз» психологиясына сәйкес келуі өте маңызды.
• бірінші параметр – жоғары өзін-өзі бағалау;
• екінші параметр – өмірге деген оң көзқарас;
• үшінші параметр – жақсылыққа деген сенім;
• төртінші параметр – болып жатқан оқиғаға өзінің әсерін көру және сезіну;
• бесінші параметр – өзгеру, өмірден сабақ алу, тәуекелге бару, болмыстың жаңа формаларын іздеу.
Педагогикалық имиджді құрудың маңызды элементтеріне мыналар жатады (А.А. Калюжный бойынша):
• образ жасау педагогикалық іс-әрекетті алмастырушы емес, тек қосымша болып табылады.
• педагогикалық іс-әрекетке дейін педагогикалық имидждің талапқа сай орындалғанын қадағалау керек.
• қарым-қатынас қарапайым тілге негізделуі керек, ал талқыланатын мәселелер әркім үшін мағыналы болуы керек.
• сыртқы сарапшылар қажет [9].
Мұғалімге өзін таныту қабілетін дамыту емес, өзін және өзгені көре білу, бағалай білу қасиеті керек, мұғалімнің имиджін дамытып, қалыптастырудың мақсаты бетпердедегі актерді немесе академикті тәрбиелеу емес екенін түсіну маңызды.
Мұғалімнің сәтті бейнесі үшін бірнеше кеңес тармақтары бар:
• өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру, қажеттіліктерге жол ашу;
• өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне талдау жасау: «Менде не бар?» және «Мен нені жақсы жаққа өзгерте аламын?» деген сауалдарға ой-толғау жасау;
• өзін-өзі бағалауды дамыту және сонымен бірге өзін-өзі төмен немесе жоғары бағалаудан арылу. Табысқа жеткізуге кедергі келтіретін невротикалық мінез-құлықты анықтау керек;
• өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, кәсіби өсуге ұмтылу;
• табысқа және өзін-өзі ынталандыруға мотивациялық дайындық әдістерін табу, өзі үшін «осында және қазір» принципін орнату, алға басқан әрбір қадам үшін қуану.
Мұғалімнің оң көзқарасы нәтижесінде оқушының өзін-өзі бағалауы артады, оның шығармашылық мүмкіндіктері ашылады, оқушының өз құндылығына сенімділігі оның өзін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.[10]
Мұғалім мен оқушының ынтымақтастық бағытына жемісті іс-әрекет жасау үшін мұғалімнің ақыл-ойы, ерік-жігері, адамгершілік күш-жігерін, ұйымдастырушылық қабілетін жұмылдыруы және оқушылар арасында адамгершілік, интеллектуалдық және рухани ұстаным құралдарын шебер әрекет етуі қажет. Осының бәрі бірігіп мұғалімнің бейнесін (имиджін) құрайды.
Педагогикалық имиджді қалыптастыру – балалармен табысты жұмыс істеу үшін объективті маңызды болып табылатын жеке қасиеттер мен қарым-қатынастардың күшті жақтары туралы мұғалімге ақпарат беруге бағытталған белсенді мақсатты іс-әрекет. Мұғалімнің педагогикалық әдептің негізгі қағидаларын іс жүзінде меңгеруі, оның кәсіби мәдениетінің маңызды элементі, еңбекті ғылыми ұйымдастыру міндеті жағдайында тұлғаның маңызды аспектісі болып табылады. Сәтті құрастырылған педагогикалық кәсіби бейне мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруінің негізгі бағыты болуы тиіс және оның жетістігінің маңызды алғышарты болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби имиджін құрудың негізгі талаптары педагогиканың қоғам оның мазмұнын емес, оның сыртқы формасын тұтынатынын түсінуінде жатыр. Бірақ ұрпақтан-ұрпаққа идеал ұстаздың бейнесі өзгергенімен, іштей ниеті, шынайылығы, тіл таба білуі сияқты құндылықтар өзгеріссіз қалады [11].
ІІ БӨЛІМ. МҰҒАЛІМ ӘДЕБІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Мұғалімнің педагогикалық әдебінің негізгі аспектілері
Мұғалімнің педагогикалық әдебі – оның кәсіби қызметінің маңызды элементі. Бұл оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, оқу-тәрбие процесінің тиімділігіне, білім алушылардың дамуына ықпал етеді. Педагогикалық әдептің басты мақсаты – оқушының жеке тұлғасын құрметтеу, оның дамуына жағдай жасау және тәрбиелеу мен білім беруде тиімді әдістерді қолдану [12].
Педагогикалық әдептің негізгі аспектілері келесі бағыттар бойынша қарастырылады:
1. Кәсіби-этикалық аспект
Мұғалімнің моральдық-этикалық құндылықтары оның қызметінің негізі болып табылады. Бұл аспект келесі қағидалардан тұрады:
• Ізгілік пен әділдік – мұғалім әрбір оқушыға тең көзқараспен қарап, олардың жеке ерекшеліктерін құрметтеуі керек.
• Жауапкершілік – ұстаз өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, себебі оның әрекеттері оқушылардың дамуына тікелей әсер етеді.
• Шынайылық – оқушыларға әділ баға беру, олардың жетістіктері мен қателіктерін ашық айту.
• Ата-аналармен ынтымақтастық – баланың дамуы үшін ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орнату.
• Кәсіби этиканы сақтау – әріптестермен, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту.
2. Психологиялық аспект
Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың психологиялық жағдайын ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін икемдей білуі керек:
• Эмпатия – оқушылардың көңіл-күйін түсіну, олардың жан дүниесіне үңілу.
• Психологиялық икемділік – әртүрлі жағдайларға бейімделе білу, оқушылармен қарым-қатынаста икемді тәсілдерді қолдану.
• Өзін-өзі ұстай білу – мұғалім эмоциясын басқара білуі қажет, оқушылардың іс-әрекетіне дұрыс жауап беруге дағдылануы керек.
• Мотивация беру – оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттыру, оларды жігерлендіру.
3. Коммуникативтік аспект
Мұғалімнің қарым-қатынас жасау қабілеті оның педагогикалық әдебінің негізгі көрсеткіші болып табылады:
• Сөйлеу мәдениеті – мұғалімнің сөздері анық, түсінікті, байсалды және сыпайы болуы тиіс.
• Белсенді тыңдау – оқушылардың пікірін мұқият тыңдап, олармен диалог орнату.
• Кері байланыс – оқушылардың жетістіктерін талдау, олардың әлсіз тұстарын түзетуге көмектесу.
• Вербалды емес қарым-қатынас – мимика, ым-ишара, дауыс ырғағы сияқты элементтерді дұрыс қолдану.
• Ата-аналармен және әріптестермен дұрыс қарым-қатынас орнату – мұғалім қоғаммен байланыста болуы керек.
4. Педагогикалық шеберлік және тәрбие аспектісі
Мұғалімнің әдістемелік дағдылары мен тәрбие беру қабілеті оның педагогикалық әдебінің маңызды бөлігі болып табылады:
• Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру – сабақты оқушылар үшін қызықты әрі түсінікті өткізу.
• Тәртіпті сақтау – оқушыларға дөрекілік көрсетпей, сабырлы түрде тәртіп орнату.
• Оқушылардың дербестігін қолдау – олардың өз бетінше ойлау және шешім қабылдау қабілетін дамыту.
• Ынталандыру – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану.
5. Конфликтология және эмоционалды реттеу аспектісі
Оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен туындайтын мәселелерді мәдениетті түрде шешу мұғалімнің маңызды қабілеті болып табылады:
• Кикілжіңдерді шешу қабілеті – түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу.
• Өзін-өзі реттеу – эмоцияны бақылау, сабырлы болу.
• Қарым-қатынастағы икемділік – жағдайға байланысты дұрыс шешім қабылдау.
• Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру – әр оқушыға жеке тәсіл қолдану.
6. Инновациялық және заманауи технологияларды пайдалану аспектісі
Бүгінгі мұғалім тек дәстүрлі әдістермен шектелмей, заманауи білім беру технологияларын да меңгеруі керек:
• Ақпараттық технологияларды қолдану – интерактивті тақталар, онлайн платформалар, цифрлық құралдармен жұмыс жасау.
• Шығармашылық тәсілдер – оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа әдістерді енгізу.
• Жаңашылдыққа бейімділік – өзгерістерге жылдам бейімделу, жаңа педагогикалық тәсілдерді меңгеру [13].
Мұғалімнің педагогикалық әдебі – бұл оның кәсіби мәдениеті мен тұлғалық қасиеттерінің үйлесімі. Әдепті мұғалім оқушылардың сенімін оятып, олардың білімге деген ынтасын арттыра алады.
Педагогикалық әдеп – мұғалімнің адамгершілік қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біріктіретін маңызды ұстанымдар жүйесі. Ол оқыту мен тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, ұстаздың қоғамдағы беделін де нығайтады.
Сондықтан, заманауи мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар психология, коммуникация, эмоциялық интеллект және инновациялық технологияларды меңгерген жан-жақты тұлға болуы керек [14].
2.2 Мұғалімнің педагогикалық әдепті сақтаудағы рөлі
Мұғалім әдебі – бұл оның оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен және қоғаммен қарым-қатынасында ұстанатын моральдық және кәсіби нормалар жиынтығы. Бұл қағидалар мұғалімнің педагогикалық қызметінің табысты болуын қамтамасыз етіп, оның беделін арттырады [15].
1. Гуманизм және оқушы тұлғасына құрмет
Бұл қағида мұғалімнің оқушыларға адамгершілікпен қарауын, олардың жеке ерекшеліктерін мойындауын және дамуына жағдай жасауды білдіреді.
Негізгі принциптері:
• Әр оқушының жеке тұлға екенін түсіну және оны құрметтеу.
• Оның пікірін ескеру, өзіндік ойларын еркін білдіруге мүмкіндік беру.
• Оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттеріне сай қолдау көрсету.
• Әдепсіз сөйлеу, мазақ ету немесе қорлау сияқты педагогикалық емес әрекеттерден аулақ болу.
Маңызы:
Бұл қағиданы ұстану оқушы мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырады, оқушылардың өзін-өзі бағалауын жақсартады және білім алуға деген ынтасын арттырады.
2. Әділдік және бейтараптық
Әділдік – мұғалімнің кәсіби беделінің маңызды көрсеткіші. Бұл қағида оқушыларға тең қарауды, олардың жетістіктерін объективті бағалауды талап етеді.
Негізгі принциптері:
• Оқушыларды жеке көзқарасқа емес, нақты білім деңгейіне қарай бағалау.
• Сүйікті немесе жақтырмайтын оқушыны бөліп-жармау.
• Әр оқушыға бірдей мүмкіндік беру.
• Оқушылар арасында теңдік принципін сақтау.
Маңызы:
Мұғалімнің әділетті болуы сыныптағы жағымды психологиялық ортаны қалыптастырады, оқушылар арасында сенім мен сыйластықты күшейтеді.
3. Сабырлылық және шыдамдылық
Мұғалім оқу процесінде түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қиын жағдайларда өзін ұстамды, байсалды ұстай білу – оның кәсіби шеберлігінің көрсеткіші.
Негізгі принциптері:
• Оқушылардың қателіктеріне шыдамдылықпен қарау, айғайлап немесе жазалау арқылы емес, түсіндіру арқылы шешім табу.
• Эмоцияға берілмей, кез келген мәселені салқынқанды шешу.
• Баланың мінез-құлық ерекшеліктерін ескеру.
• Қысым көрсету, жазалау немесе келеке ету арқылы емес, сенім мен түсіністік арқылы оқушылармен байланыс орнату.
Маңызы:
Сабырлы мұғалім оқушылар үшін үлгі болады, олардың ашық, сенімді және еркін болуына ықпал етеді.
4. Қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік
Мұғалімнің сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы мен ым-ишарасы оның оқушылармен қарым-қатынасының сапасын анықтайды.
Негізгі принциптері:
• Әдепті, мәдениетті сөйлеу, дөрекі сөздерден аулақ болу.
• Оқушыларды аты-жөнімен атау, оларға құрмет көрсету.
• Олардың пікірін тыңдап, сыйластықпен жауап беру.
• Дауыс көтермеу, агрессия немесе қатал үнмен сөйлемеу.
Маңызы:
Сыпайылық пен әдептілік мұғалім мен оқушы арасындағы позитивті қарым-қатынасты нығайтып, өзара сыйластықты күшейтеді.
5. Кәсіби шеберлік және өзін-өзі дамыту
Білім саласы үнемі жаңарып отыратындықтан, мұғалім де өз біліктілігін жетілдіріп, кәсіби дағдыларын дамытуы қажет.
Негізгі принциптері:
• Заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру.
• Оқыту әдістерін жетілдіру және жаңашылдыққа ұмтылу.
• Пәндік білімін тереңдету және кәсіби дамуға ұмтылу.
• Тәжірибе алмасуға және үздіксіз оқуға дайын болу.
Маңызы:
Өзін-өзі дамытатын мұғалім оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, олардың тұлғалық қалыптасуына әсер етеді.
6. Оқушылардың жеке өміріне құрметпен қарау
Оқушының жеке өмірі мен құпиясы мұғалім тарапынан толықтай құрметтелуі тиіс.
Негізгі принциптері:
• Оқушының отбасы жағдайын көпшілік алдында талқыламау.
• Оқушының жеке мәселелерін сыныптастардың көзінше көтермеу.
• Оқушылардың құпияларын жария етпеу.
Маңызы:
Бұл қағида оқушылардың мұғалімге деген сенімін нығайтып, олардың өзін жайлы сезінуіне ықпал етеді.
7. Үлгі болу және моральдық тазалық
Мұғалім – оқушылар үшін басты үлгі. Оның мінез-құлқы, сөйлеуі мен әрекеттері тәрбиелік мәнге ие.
Негізгі принциптері:
• Өз іс-әрекеті арқылы оқушыларға жақсы үлгі көрсету.
• Жауапкершілікті, шынайылықты, адалдықты сақтау.
• Дөрекілік, әділетсіздік және жалған сөйлеуден аулақ болу [17].
Маңызы:
Оқушылар мұғалімнің мінез-құлқын бақылап, оны қайталауға бейім болады, сондықтан мұғалім үлгі болу арқылы жақсы қасиеттерді сіңіре алады.
8. Ынтымақтастық және командалық жұмыс
Мұғалім тек оқушылармен ғана емес, ата-аналармен және әріптестерімен де тиімді қарым-қатынас орнатуы керек.
Негізгі принциптері:
• Ата-аналармен серіктестік қарым-қатынас орнату.
• Әріптестермен тәжірибе алмасу, кәсіби ортада сыйластық сақтау.
• Оқушылармен бірлесіп жұмыс істеп, олардың пікірін ескеру.
Маңызы:
Ұжымдық жұмыс пен ынтымақтастық мұғалімнің кәсіби дамуын күшейтіп, білім сапасын арттырады [16].
2.3 Мұғалімнің педагогикалық әдепті бұзу салдары
Мұғалімнің педагогикалық әдепті бұзуы оқу үдерісіне, оқушылардың психологиялық жай-күйіне және жалпы мектеп ортасына теріс әсер етеді. Бұл мәселені жан-жақты қарастырайық.
1. Оқушыларға әсері
• Психологиялық жарақат – Мұғалімнің дөрекі сөздері, әділетсіз шешімдері немесе қорлау әрекеттері оқушылардың өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді. Бұл олардың бойында қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін [18].
• Оқу мотивациясының төмендеуі – Егер мұғалім әділетсіздік танытса немесе қатал болса, оқушылар сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады.
• Қарым-қатынастың нашарлауы – Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімсіздік қарым-қатынас орнатуға кедергі жасайды, бұл олардың ашық сұрақ қоюына немесе көмек сұрауына ықпал етпеуі мүмкін.
2. Ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынастағы салдары:
• Ата-аналар тарапынан шағым – Егер мұғалім оқушыларға дөрекі сөйлесе немесе әділетсіз баға қойса, ата-аналар мектеп әкімшілігіне шағымдануы мүмкін. Бұл мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді.
• Әріптестермен қарым-қатынастың нашарлауы – Әдеп нормаларын сақтамайтын мұғалім әріптестерімен де ортақ тіл таба алмайды, бұл ұжым ішіндегі жағымсыз ахуалға әкеледі.
3. Құқықтық және кәсіби жауапкершілік:
• Тәртіптік жаза – Мұғалімнің әдеп нормаларын бұзуы (оқушыны қорлау, әділетсіз бағалау, кемсіту) мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жазаға әкелуі мүмкін (ескерту, сөгіс, қызметтен уақытша шеттету).
• Құқықтық жауапкершілік – Егер мұғалімнің әрекеті баланың психикалық немесе физикалық денсаулығына зиян келтірсе, ата-аналар заң жүзінде шағымдана алады.
4. Мұғалімнің кәсіби беделіне әсері:
• Қоғамдық пікірдің өзгеруі – Егер мұғалім педагогикалық әдепті жиі бұзса, оның беделі төмендейді, бұл ата-аналар мен оқушылардың оған деген сенімін әлсіретеді.
• Мансаптық өсуіне кедергі – Әдеп бұзған мұғалімнің мектеп ішінде қызметтік өсуіне, біліктілігін арттыру мүмкіндігіне шектеу қойылуы мүмкін [ 19].
Мұғалімнің педагогикалық әдепті бұзуы оқушылардың, ата-аналардың және әріптестердің сенімін жоғалтуға, кәсіби беделінің төмендеуіне, тіпті құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан мұғалім әрдайым өзінің мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, оқушылармен қарым-қатынасына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс [20].
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалімнің педагогикалық әдебі оның кәсіби біліктілігі мен тұлғалық қасиеттерінің көрсеткіші болып табылады. Ол оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде маңызды рөл атқарып, білім беру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір мұғалім өз әдебін жетілдіруге, оқушылармен өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға ұмтылуы тиіс.
Мұғалім әдебінің бұл қағидалары – оның кәсіби қызметінің негізі. Мұғалімнің моральдық ұстанымдары мен әдеп нормалары білім беру сапасына тікелей әсер етеді. Әдеп қағидаларын сақтау мұғалімнің беделін арттырып, оқушылардың дамуына оң ықпал етеді.
Сонымен, қорытындылай келе, педагогикалық әдепті қалыптастыру – өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген маман, мектеп имиджін қалыптастыру жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудының негізінде көзделген мақсатқа қол жеткізе алады. Болашақ педагогтарды мамандығы бойынша теориялық,практикалық білім нәрімен сусындатып, ізденімпаздыққа, әділеттілікке және т.б. тәрбиелеп, еліміздің туын әрқашан көкке желбірететін нағыз шебер педагогтардың дайындап шығару, әрбір жоғары оқу орнының міндеті болу керек. Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, педагогикалық-психологиялық мәселелер мен шетел педагогтары және психологтарының теорияларымен үнемі қаруланып отыру қажет.
Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті.
Кей мұғалімнің оқушыларға бірыңғай әдіс-тәсілдермен ықпал – әсер етуі нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайттары жоқ емес. Тіпті, бір мұғалімнің айтқан мәні шамалы, елеусіздеу сөзінің өзі де кейде оқушыларға жеңіл әзілдей әсер етсе, екінші мұғалімнің айтқан сөзі ерсілну ертілуі мүмкін. Бірақ, бұған қарамастан әр мұғалімнің дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогтық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық жайттарды бөліп көрсетуге болады. Аталған жағлайлардан басқа сергектік, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді бөліп алып қарауға болады.
Егер кез келген мұғалім ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онла талантты, шебер ұстаз бола алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әбенов, Ж. Педагогика негіздері. – Алматы: Дарын, 2013.
2. Құдиярова, А. Қ. Педагогикалық шеберлік. – Алматы: Білім, 2016.
3. Жұмабаева, Ә. Педагогикалық әдеп және ұстаз мәдениеті. – Астана: Фолиант, 2018.
4. Бабаев, С. Педагогика. – Алматы: Қазақ университеті, 2010.
5. Черепанова В.Н. Педагогическая имиджелогия. – Тюмень: ТОГИРРО, 1998
6. 10. «Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ: «Педагогикалық көзқарасы» мақаласы.
7. Шепель В.М. Имиджелогия: учебное пособие /В.М. Шепель. М.: Народное образование, 2002.
8. Қоянбаев, Ж. Б., Қоянбаев, Р. М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Print-S, 2019.
9. Мұқанов, М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: Білім, 2014.
10. Әбілқасымова, А. Е. Қазіргі заманғы педагогика. – Алматы: Нұр-Принт, 2020.
11. Сейталиев, Қ. Тәрбие теориясы. – Алматы: Дарын, 2017.
12. Шарипов, Ә. Мұғалім этикасы және педагогикалық әдеп. – Алматы: Рауан, 2015.
13.М.Бұлақбаева Педагогикалық шеберлік, Алматы, 2016ж.
14. Философия, психология және педагогика саласындағы халықаралық ғылыми мақалалар мен зерттеулер.
15.Қ.Қ.Жарықбаев., Ұстаз өнегесі.Алматы.: Санат.1995
16.Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж.Әдеп –инабатылық дәрістері / Оқу құралы.- Алматы:Рауан, 1998 ж.
17.С.Әбенбаев «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістері» Алматы, 1999 ж.
18.И.Н.Баженова «Педагогикалық ізденіс» Алматы, 1990 ж.
19.Қазіргі заманғы мұғалім.Қазақстан мектебі,2003ж.
20.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Білім әлемі.Алматы, 2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімнің педагогикалық әдебі

шағым қалдыра аласыз