Мүгедек балаларды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру.
Əлеуметтік кызмет көрсету- бұл əлеуметтік қолдану, əлеуметтік- тұрмыстык, əлеуметтік-
медициналық, психоло- педагогикалық, əлеуметтік-құқықтык кез-келген материалдык
көмек көрсету болып табылады.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып,
жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды
мəселе болып табылады. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі
жандарға қатысты орынды мəселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл
бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Ең бастысы мүгедек балаларды сəби кезінен
бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы
қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі
шектеулі, мүгедек балалар тəрбиесіне ерекше мəн берілуі керек. Бұл тəрбиенің негізгі
мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға
қалыптастыру. Ең алдымен тəрбие ісіне терең сезім қажет. Тəрбиеге нағыз сенім бар
жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тəртібі болады. Еңбек, еңбек– бəрін жеңбек. Осы
бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар
дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар
елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың
өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен
арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып,
айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында
дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде
өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Күнделікті үй тұрмысындағы
еңбектің өзі баланың еңбек дамуының көзі. Баланың өзіндік қызмет дағдыларының
қалыптасуын қадағалау қажет. Оның дұрыс тамақтануы, тамақтанып болғаннан кейін
ыдыстарын, киімдерін жинау ұқыптылықтары еңбектену көзінің бұлағы емеспе. Үйде
жасалатын жұмыс туралы түсінігін дамыта отырып, заттық ойын жəне іс-əрекеттерін
ұйымдастыру күнделікті еңбек дағдыларының қалыптасуы болып табылады. Осы тұрғыда
ата-ананың орны ерекше. Ертең есейгенде олар кім болып шығады деген сұрақ əрбір
ата-ананы ойландыруы тиіс. Баласының қалаған ісімен еркін шұғылданып, қоршаған
дүниені тануына, олардың толыққанды тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, жол аша білу
керек. Осыған байланысты педагогтар да балаға арналған жеке даму бағдарламасы
бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен педагогтар бірігіп жұмыс жасаса мүмкіндігі
шектеулі, мүгедек балаларды еңбекке баулу мəселесі өз шешімін табады.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың мəселелерін шешу жəне əлеуметтік жағдайын
жақсарту мемлекетіміздің əлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі.2008 жылдың
аяғында Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы Халықаралық
Конвенцияға қосылды.
Бүгінгі күнде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. БҰҰ
ратификациялау шеңберінде Еңбек жəне əлеуметтік қорғау Министрлігімен дайындалған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 16 қаңтардағы №64 Қаулысымен
бекітілген, Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне
өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарына сəйкес барлық аумақтарда кедергісіз жағдай мəселесін шешу үшін
объектілерді түгендеу жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды
қажет етеді. Қоғамда бірінші жоспарда интеграциялау мəселелері бойынша мүгедектерді
жұмыспен қамту болып табылады. Оларды жұмыспен қамту сұрақтарын шешу барлық
елдерде іс жүзінде өзекті мəселе.
Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыруды көздеген «Нұр Отан» партиясының
«Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 2020 жылға дейін мектептердің 70 пайызы
инклюзивті білім берумен толық қамтамасыз етілуі тиіс, яғни арнайы қажеттіліктері бар
(мүмкіндігі шектеулі) балаларды қабылдауы қажет. Дегенмен, мамандардың айтуынша,
баланың инклюзивті білім алуы үшін де оны алдын ала соған дайындау қажет. Себебі
арнайы мамандар, ата-аналар о баста баламен жұмыс істемесе, кейін мектепке барғанда
қиындықтар туындамақ. Қазіргі таңда елімізде 3 жасқа дейінгі 6 мыңға жуық мүмкіндігі
шектеулі бала бар. Егер олардың дамуына ерте араласу мəселесі түбегейлі шешілмесе,
бұл балалардың көпшілігі мектепте оқуға дайын болмауы мүмкін. Ал ерте араласу əдісі
мүмкіндігі шектеулі азаматтардың əлеуметке бейімделуіне де үлкен əсер етпек. Мысалы,
бұл əдіс кең қолдау тапқан елдерде мүгедектердің 40 пайызға жуығы жұмыс істейді, ал
бізде бұл көрсеткіш 12 пайызды ғана құрап отыр. Бұған қатысты Ресейден жеткен
Санкт-Петербургтың ерте араласу институтының директоры Лариса Самарина:«Егер есту
қабілеті нашар сəбиге бір жасқа дейін арнайы құрал кигізсе, ол сөйлеуді үйреніп,
толыққанды өмір сүре алады. Ал егер үш жастан кейін кисе – оны сөйлеуге үйрету өте
қиынға түседі. Сол сияқты көру қабілеті нашар, церебралды паралич, басқа да ауруларға
шалдыққан балаларға қатысты да осыны айтуға болады. Күнделікті өмірде, тұрмыста
қажетті дағдыларды мұндай балаларға қаншалықты ерте сіңірсек, соншалықты олар
тіршілікке бейімделіп, қоғамда өмір сүре алады. Қазір Ресейде де мұндай балалардың
дамуына ерте араласу жұмыстары қарқынды түрде жүруде» дейді [ 5; 34].
Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық
пен махаббатқа құқығы бар.Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да
жоғары жəне де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын
үнемі қажет етеді. Медициналық сауықтыру ауру,жарақат,жарымжан болудың салдарын
шешуге немесе жеңілдетуге бағытталған диагностикалық, емдік жəне сауықтыру
іс-шараларының жиынтығын қарастырады.