Мұхиттардың органикалық әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхиттардың органикалық әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхиттардың органикалық дүниесіне сипаттама,баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЯНДАМА Жаратылыстану ғылымдары

2024



Тоқташ Ерсұлтан Маратұлы

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті



Мұхиттардың органикалық әлемі


Дүниежүзілік мұхит суында тіршілікке арналған барлық қажетті жағдайлар бар. Су- мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар үшін мінсіз өмір сүру ортасы. Ол жарықты өткізеді, құрамында оттегі және көптеген қажетті химиялық заттар мен қосындылар бар. Мұндағы тіршілік ету жағдайы құрлықта тіршілік ететіндерге қарағанда әлдеқайда қолайлы. Температураның күрт ауытқуы болмайды, мұхит суының жоғары тығыздығы кеңістікте ағзаның денесін жақсы көтеріп тұрады және оған құрлықта тіршілік ететіндер тәрізді күтпеген ауа апатының әсеріне қарсы тұра алатындай мықты қаңқа немесе тамыр керек емес. Сондықтан мұнда Жердегі ең ірі жануарлар мекен ете алады.

Сол себепті мұхиттағы өсімдіктермен жануарлардың түр құрамы айтарлықтай көп. Мұхитта тіршілік ететін тірі тіршілік иелері мынадай түрлерге бөлінеді: планктон, нектон, бентос



Планктон- тірі, еркін жүзетін кішігірім тіршілік иесі, олар судың ағысына қарсы тұруға қабілетсіз. Планктондарға фитоплактон мен зоопланктон жатады, әдетте олар – кішкентай шаяндар мен балдырлар.

Тұщы су планктоны- көл планктоны және өзен планктоны деп ажыратылады. Тұщы су зоопланктонында ескекаяқты және бұтақмұртты шаяндар мен коловреткалар көп болады. Теңіз зоопланктонында негізінен шаянтәрізділер, қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюкалар, т.б. омыртқасыздар басым келеді. Таза түрде салмағы бойынша алғанда, теңіздер мен мұхиттардағы планктон ондағы басқа тірі организмдерін бәрін қосқандағыдан 20 есе көп екен. Фитопланктон фотосинтез процесі жақсы жүретін судың жоғары қабатын, негізінде 50 – 100 м тереңдікті мекендейді.



Нектон – белсенді жүзетін организмдер. Нектондарға тірі ағзалардың ең көп тобы жатады. Олар – шын мәнінде балықтардың, сүтқоректілердің және басқа да тіршілік иелерінің барлық түрлері.

Мұхиттық нектондар – эволюцияның даму барысында кейіннен пайда болған жануарлар. Мысалы, балықтар палеогенде, ал басаяқты моллюскалар мен сүтқоректілер неогенде қалыптаса бастады.



Бентос – су қоймаларының түбіндегі организмдер жиынтығы. Өсімдіктер бентосы(фитобентос) тайыз жағалау зонада орналасады, жануарлар бентосы(зообентос) барлық тереңдікте болады. Бентос көптеген балықтардың жемі. Мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтағы су қоймасының түбіндегі саз-топырақ бетінде және арасында тіршілік ететін организмдер жиынтығы.



Мұхитта тіршіліктің таралуы. Дүниежүзілік мұхитта тіршіліктің таралуына климат, тереңдігі мен жағалаудан қашықтығы әсер етеді.



Зоналылық Дүниежүзілік мұхитқа да тән. Мұнда ол тік және көл- денең бағытта байқалады.



Ендік зоналылық. Экватордан полюске қарай жерүсті суының қа сиеттері (температура, тұздылығы, тығыздығы мен мөлдірлігі, толқын- дау қарқындылығы және т.б.), сонымен қатар өсімдік және жануарлар әлемінің құрамы да өзгереді.



Арктикалық және антарктикалық белдеулерде тіршілік өте жұтаң. Мүнда тірі ағзалардың түрлері де, олардың саны да аз. Планктон тек қысқа уақытқа ғана созылатын жаз мезгілінде және мұздан арылған жерлерде ғана дамиды. Планктоннан кейін балықтар және олармен қо ректенетін морждар мен итбалықтар пайда болады.



Қоңыржай белдеулерде су температурасы жыл бойы 0°С-тан жоға- ры болады. Судағы еріген оттегінің молдығы тіршіліктің қарқынды түрде дамуына әкеледі. Қоңыржай белдеулерде ағзалардың түрлері өте көп емес, бірақ әр түрдің саны көбірек. Қоңыржай ендіктер балыққа бай және мұнда балық аулау кәсіби түрде жүргізіледі.

Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы жыл бойы жоғары болады. Суда еріген оттегі мен қоректік заттар аз, сол се бепті қоңыржай белдеулерде планктон да, балықтар да азырақ. Алайда ыстық белдеулерде алуан түрлі жылусүйгіш балықтар мен теңіз түбі ағ залары (маржандар, ұлулар, тікен терілілер, шаян тәрізділер) мол.



Экваторлық белдеуде су температурасы жыл бойы жоғары. Тір- шіліктің қайнаған көрінісі мұхитқа қоректік заттар әкелетін ірі өзен- дердің сағасына жақын жерлерде байқалады. Мұхиттардың түбінде маржан тізбелері көп. Экваторлық суларда мұхит тасбақалары, ұлу- лар, тунец, сардина, макрель ауланады.



Тік зоналылық. Дүниежүзілік мұхит құрылымы үш негізгі бөлік- терге бөлінеді:

1) Жағалаудағы таяз сулылық (материктік саяз жер, материктік үстірт, континенттік қайраң). Құрлықтың тереңдігі 200-500 м-ге дейінгі ойпаңымен сипатталады.

2) Жағалаудағы саяз жерден үлкен тереңдікке қарай өтетін өтпелі зона (материк бөктері, континенттік бөктер), 3-4 км тереңдікте мұхит- тың арнасына ауысады.

3) Терең су (мұхиттың арнасы).

Жағалаудан қашықтығы. Таяз сулардағы жағдай өсімдіктер үшін де, жануарлар үшін де неғұрлым қолайлы болады. Бұл мұхиттар мен теңіздердің қайраңдары. Олардың таяз жерлерінде жарық, жылу, қо- ректік заттар көп. Белсенді түрде араласып отырғандықтың арқасында су оттекпен байытылып отырады. Ашық мұхитқа қараған жақта тір- шілік қарқындылығы жүздеген есе азаяды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2024
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі