400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мұхиттың ластануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхит суының ластануы және себеп салдары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Теніздің ластануы не себепті?





Көптеген мемлекет ұлттық табысының 30%-ын балықшылық, теңіз саудасы, туризм және ұқсас өнеркәсіптік салалар арқылы теңізден қамдайды. Мемлекет аралық тауарлардың шамамен 90%-ы жартысы теңіз жағалауында өмір сүреді. Сондай-ақ теңіздер күн райы мен климаттарға да қатты әсер етеді. Жер шарының ысыну мөлшерін ретке салады. Оған қарамастан адам баласы осы ерекшеліктерге ие теңіздердің қазірге дейін тек қана 10%-ын ғана танып біледі.Осыншама құнды теңіздер үшін ал біздер не істейміз? Қазір адамзаттың теңіздер үшін не істегеніне көз жүгіртейік.Әлемде жыл сайын 450 миллиард текше метр көлемінде тазартылмаған немесе аз тазартылған шөп-шалам мен өнеркәсіптік және егістік сыпырындыны теңізге төгеміз. Теңіз тура қоқыс шелегі және зиянды химикаттар үшін жаһандық бір қоқыс алаңы сияқты қолданылады. Көптеген елді-мекенде канализацияға ағатын барлық лас су аяғында теңізге құяды. Осылайша теңіз ластанады.

«Теңіз ластануы» дегеніміз ол – теңіз суын пайдалану сапасын азайтатын және құндылығын жоятын материалдар мен энергияның адамзат қолынан тікелей немесе жанамалы түрде теңізге тасталуы. Ластау көздерінің басында теңіз жағасы бойында құрылған қалашықтар мен өнеркәсіптік құрылыстар бар. Әуе мен теңіз тасымалдауы да бұл ластанудың себептерінің бірі. Кемелер арқылы ластану не кеме апаттары арқылы, не болмаса әдейі жасалады. Теңіздерде құрылған мұнай өңдеу платформалары мен шіріген мұнай құбыр желілері де осы ластанудың себептері арасында. Ластау көздеріне статистикалық тұрғыдан қарағанда, себептердің басында теңіз жағасында орналасқан өнеркәсіп орындары мен қалалық әкімшіліктердің теңізге төккен қоқыстарын айта аламыз. Олардың жалпы мөлшері 44% төңірегінде. Автокөлік газдары, тұман және көмір жағатын энергия жайлары себеп болған қышқыл жаңбырлары мөлшерінің 33%, кеме апаттары нәтижесінде теңізге төгілген май, кіші қайықтардан теңізге төгілген қоқыстар 12% -ды құрайды.

Теңізге әдейі тасталған қалдықтар болса жаһандық теңізді ластау көздері арасында 10%-ды құрады. Мұнай іздеу және өңдеу жұмыстары, яғни теңіз түбін бұрғылау кезінде пайда болған қалдықтар 1% шамасында.

Адамдардың теңізді ластауы теңіздің экожүйесін бұзады; теңіздегі әр түрлі табиғи қимылды өзгертеді. Мұның нәтижесінде адамның да денсаулығы нашарлайды. Осы ластауға бақылаусыз аулау да қосылғанда, теңіздердегі жәндіктердің тіршілігі мен саны да азаяды. Мамандар теңіз және табиғи резервтерді қорғаудың адамның тіршілігін жалғастыру үшін аса маңызды екенін алға тартады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
05.06.2023
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі