|
І.Ұйымдастыру
бөлімі
|
А)
Сыныптың тазалығын, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексереді(
оқушылардың оқу-құралдарын тексеріп, кезекшілікті қадағалайды)
Ә)
Амандасады
Б) Түгелдейді
|
а А) Кезекшілік қызметін атқарады, оқушылар
сабаққа әзірленеді.
Ә)
Амандасады
Б) Сабаққа назар аударады
|
Мұғалім мен
оқушы арасында қарым-қатынас орнайды. Сабақты бастауға дайындығын
білдіреді, оқушылар сабақта іс-әрекеттерін жоспарлайды.
|
|
IІ.Үй тапсырмасын тексеру
|
Үй тапсырмасын "Ыстық
доп" ойыны арқылы сұрау.
-"Алғашқы көмек" мәтінін оқып, баяндау.
- Қосымша тапсырпа: "Менің алғашқы көмегім" эссе
жазу.
|
Үй тапсырмасы бойынша жауап
береді.
|
"Алғашқы көмек" мәтінін оқып, баяндайды.
Қосымша тапсырпа: "Менің алғашқы көмегім" жазған эсселір
оқиды.
|
|
IІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа
тақырыпқа кіріспе.
|
Ой қозғау.
-Мәтін не туралы?
-Әңгімеде қай мезгіл
туралы айтылған?
-Адамдар сол кезде қалай
күн көрген?
- Ертеде адамдар қандай
аңдарды аулаған?
-Аңдарды қолға үйретуге болады? Мысалы, қасқырды қолға
үйретуге болады ма? Неліктен?
|
-Баланың
алғашқы көмегі туралы.
-Қыс
мезгілі
-Аңдарды
аулап, етін азық еткен, терісін үй тұрмыстарына пайдаланған.
-
Түлкі, қоян, қасқыр, т.б.
-Жоқ болмайды. Себебі, олар жабайы
аңдар. Орманда өскен.
|
Оқушылар
сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты қайталай отырып, жаңа
сабақпен танысады.
|
|
ІҮ.Жаңа
материалды хабарлау
|
Оқулықпен
жұмыс:
-Жарайсыңдар. Енді
балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз осы жабайы аңды қолға үйреткісі
келген кішкентай Құрмаш есімді бала туралы. Бүгінгі тақырыбымыз:
М.Әуезовтың "Көксерек" әңгімесі.
-Автор туралы мәлімет.
-Мәтінді оқыту.
-Түсінгендерін сұрау.
Мәтінге
байланысты сұрақтарға жауап беру
-"Ұрлық ас" , "адал ас" дегенді қалай түсінесің?
-"Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!"
дегенді қалай түсінесің?
-Үй
жануарлары мен жабайы аңдарды бөліп атап бер.
-Әңгімеден халық сол кезде қалай өмір сүргені туралы
айт.
-Мәтіннен мағыналары қарама-қарсы сөздерді тап.
Дәптермен жұмыс:
1.Берілген сөздердің орысша, ағылшынша
баламасын тап.
қасқыр , ит
,жаз
2. Қасқырға байланысты қандай
мақалдарды білесіңдер?
|
-Мұхтар
Әуезов (1897-1961ж.ж)-қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай
ауданында дүниеге келген қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері,
ғұлама ғалым. Шығармалары:"Абай жолы" романы, "Көксерек", "Өскен
өркен", "Қараш-қараш оқиғасы" және т.б.
-Мәтінді
оқиды.
-Мәтін соңындағы сұраұтарға жауап
береді.
Дәптермен жұмыс:
1.Берілген сөздердің орысша, ағылшынша
баламасын табады:
қасқыр
-
волк- a wolf
ит - собака
- a
dog
жаз - лето -
summer
2. а)Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе
де қан.
б) Қасқырды қанша
асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.
в)Ауыл иті болса да, бөрі келгенге бірігеді.
|
Мәтін авторының өмірбаянымен, шығармаларымен
танысады.
"Көксерек"мәтінін оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Үй
жанурлары мен жабайы жануарлардың айырмашылықтарын ажыратып,
айтады.
Берілген
сөздердің ағылшынша және орысша баламаларымен танысады, айтып
үйренеді.
Қасқыр туралы мақал-мәтелдер
айтады.
|
|
Ү.Сабақты қорытындылау
|
"Көксерек" фильмінің
үзіндісін көрсету.
Көксеректің күшік кезі
мен шолақ қасқырға айналған кезін салыстыр.
-Қасқырды қолға үйретуге бола ма
екен?
|
Венн
диаграммасы:
Көксеректің күшік кезі мен шолақ қасқырға айналған кезін
салыстырып, жазады.
Оқушылар өз ойларын айтады.
|
"Көксерек" фильмін көрсету арқылы оқушылар тақырыппен толық
танысады. Оқушылар өз ойларын айтады, фильмді көруге қызығады.
Көксеректің күшік кезі мен шолақ
қасқырға айналған кезін салыстырады.
|
|
VІ. Үйге
тапсырма.
|
- Мұхтар
Әуезовтің "Көксерек" әңгімесін оқып, баяндау.
-
Мәтінге сай жоспар құр.
|
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
-Сау болыңыз!
|
Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" әңгімесін оқып,
баяндайды.
Мәтінге
сай жоспар құрады.
|