Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Әуезов. "Көксерек - әңгімесінің қазақ әдебиетіндегі орны

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы



















Жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар


Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)


7-сынып












Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.



Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

 

 

 






Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4

«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4

«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11

«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 14

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 18

«Ғаламтор ғаламаты. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 18

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 21

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 24

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 24

«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

































1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика»


Оқу мақсаты

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды

  • Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады


Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты


Жоғары деңгей дағдылары



15-20 минут


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы негізгі ойды анықтаңыз. Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданыңыз.


Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика, негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды


1

сөйлеушінің дауыс ырғағын ажыратады;

негізгі ойды анықтайды;


1

1


Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады

интонацияны қолданады;


кідірісті қолданады;


логикалық екпінді қолданады.



1

1

1

1

1

1

Барлығы

8



«Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Негізгі ойды мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы анықтайды




СПрямоугольник 3 өйлеушінің дауыс ырғағын ажыратуда,

негізгі ойды анықтауда қиналады


СПрямоугольник 7 өйлеушінің дауыс ырғағын ажыратуда,

негізгі ойды анықтауда қателеседі


СПрямоугольник 8 өйлеушінің дауыс ырғағын ажыратады,

негізгі ойды анықтайды


Интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданады

Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолдануда қиналады

Прямоугольник 1


Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолдануда қателеседі

Прямоугольник 6

Интонацияны, кідірісті,

логикалық екпінді қолданады

Прямоугольник 4






Бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық - зор байлық. Лексика»


Оқу мақсаты

7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу



Бағалау критерийі

Білім алушы


  • Хроника құрылымы мен ресімделуі ерекшеліктерін ажыратады

  • Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

  • Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады

  • Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты

Білу және түсіну

Қолдану


15-20 минут



Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, төменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, өзіндік талдау жасаңыз.



Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері

Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер  елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар  деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал  аландар туралы көне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада көрініс береді.

Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа «тұрларды» да атап өтеді. Ал осы «тұрларды» ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.

Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта өздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.

Соның бірі, әйгілі әйел патша – Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі «Тарих» шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынадай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер  падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған.


Хроника құрылымы

Оқиғаның хронологиялық реттілігі мен ерекшелігі қандай?



«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» тақырыбында кеңес бере отырып, шағын мақала жазыңыз. Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.












Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Хроника құрылымы мен ресімделуі ерекшеліктерін ажыратады


1





хронологиялық реттілікті анықтайды;

ерекшелігіне тоқталады;

1

1


Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады








2

жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


1

1

1

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

оқырманға кеңес береді;

шағын мақала жазады;


1

1


Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады.

3 көркемдегіш құралдарды қолданады.

1

1

1

Барлығы

10

«Көшпенділер мәдениеті. Орфография», «Денсаулық – зор байлық. Лексика» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Хроника құрылымы мен ресімделуі ерекшеліктерін ажыратады


Хронологиялық реттілікті анықтауда,

еПрямоугольник 22 рекшелігіне тоқталуда қиналады

Хронологиялық реттілікті анықтауда,

еПрямоугольник 24 рекшелігіне тоқталуда қателеседі

Хронологиялық реттілікті анықтайды,

еПрямоугольник 23 рекшелігіне тоқталады

Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуда қиналады

Прямоугольник 18

Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуда қателеседі

Прямоугольник 2


Прямоугольник 10 Жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазады


Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

МПрямоугольник 13 ақала жазуда оқырманға кеңес беруге қиналады


МПрямоугольник 5 ақала жазуда оқырманға кеңес беруде қателеседі


ОПрямоугольник 11 қырманға кеңес береді, шағын мақала жазады


Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады

Көркемдегіш құралдарды қолдану қиындық туғызады

Прямоугольник 14


Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі

Прямоугольник 9

Көркемдегіш құралдарды қолданады

Прямоугольник 12


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________





2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»


Оқу мақсаты

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану


Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты


Білім алушы

  • Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды

  • Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады


Білу және түсіну

Қолдану


15-20 минут

1-тапсырма

Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, дамуын болжаңыз.


Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. (дамуын болжаңыз)


Мәтіннің жалғасын мұқият тыңдап, аяқталуын болжаңыз.


Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. (аяқталуын болжаңыз)



- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

2- тапсырма

«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды


1

мәтінді мазмұндайды;

дамуын болжайды;

аяқталуын болжайды

1

1

1

Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады

2

тақырыпты ашады;

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады;

1

1

1

1

Барлығы

7




«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды


МПрямоугольник 25 әтінді мазмұндауда,

дамуын,

аяқталуын болжауда қиналады


МПрямоугольник 17 әтінді мазмұндауда,

дамуын,

аяқталуын болжауда қателеседі


МПрямоугольник 19 әтінді мазмұндайды,

дамуын,

аяқталуын болжайды


Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады

ТПрямоугольник 16 ақырыпты ашуда,

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолдануда қиналады

ТПрямоугольник 21 ақырыпты ашуда,

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолдануда қателеседі

МПрямоугольник 20 әтінді мазмұндайды,

дамуын,

аяқталуын болжайды

Прямоугольник 15






Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»


Оқу мақсаты

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;



Бағалау критерийі







Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты


Білім алушы

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • Көркемдегіш құралдарды қолданады

  • Шағын мақала жазады


Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.


А мәтіні

Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыз­дарына ерекше назар аудар­ған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұр­ғанын аңғарады. Қарағайдың бұ­тақтарына кері­ле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сың­сып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.


Ә мәтіні


Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары


Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады:

1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады:

Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра.

3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.

4. Сым тілшелі: шаңқобыз.

5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық.

6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген.

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.


Екі мәтіннің ұқсастығы



Екі мәтіннің айырмашылығы



Түрі



Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)


Мақсаты


Мазмұны


Стилі





Тілі




2-тапсырма

«Қазақтың киелі домбырасы» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Көркемдегіш құралдарды қолданыңыз

_____________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл



Білім алушы



Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады


1

мәтіндердің мазмұнын ашады;

1




көзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады;


1



стилін анықтайды.

1



Тілдік ерекшелігін салыстырады.

көркемдегіш құралдарды ажыратады;

1



термин сөздерді анықтайды;

1



тілдік ерекшелігін тұжырымдайды.

1



Көркемдегіш құралдарды қолданады


2

көркемдегіш құралдарды қолданады (3-тен кем емес);

1

1

1



Шағын мақала жазады


тақырыптан ауытқымайды;

1



шағын мақала жазады.


1



Барлығы

11



«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, көзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қиналады

Группа 4


Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, көзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қателеседі

Мәтіндерді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, көзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады, стилін анықтайды

Тілдік ерекшелігін салыстырады

Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табу, тілдік ерекшелігін тұжырымдау қиындық туғызады

Группа 3


Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табуда, тілдік ерекшелігін тұжырымдауда қателеседі

Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табады, тілдік ерекшелігін тұжырымдайды

Көркемдегіш құралдарды қолданады


КГруппа 2 өркемдегіш құралдарды қолдануда қиналады

Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі



Көркемдегіш құралдарды қолданады

Шағын мақала жазады


ТГруппа 1 ақырыптан ауытқымай, шағын мақала жазуда қиналады

Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі

Көркемдегіш құралдарды қолданады





3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»


Оқу мақсаты

7.2.1.1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.3.3.1 Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану


Бағалау критерийі








Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты


Білім алушы

  • Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады

  • Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды

  • Мәтін құрылымын сақтайды

  • Графиктік мәтінді сипаттап жазады

  • Шылау түрлерін қолданады


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут

1-тапсырма

Берілген сызбамен танысыңыз. Сызбаға тақырып қойыңыз. Сызба бойынша нақты 3-4 мәліметті іріктеңіз.



2-тапсырма

Берілген сызбадағы ақпараттарды пайдаланып, мәтін құрыңыз. Мәтіннің құрылымын төмендегі ретпен жазыңыз. Шылау түрлерін қолданыңыз.


Кіріспе бөлім

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Негізгі бөлім

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Қорытынды бөлім

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады.



1

берілген сызбаны анықтайды;

1

сызбаға тақырып қояды;

1

нақты 3-4 мәліметті іріктейді.

1

Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды.

ақпараттарды қорытындылайды.

1

Мәтін құрылымын сақтайды.



2

мәтін құрады;

1

кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазады;

1


сипаттап жазады;

шылау түрлерін қолданады;

1

1

Графиктік мәтінді сипаттап жазады.

сызбаны толық сипаттайды.


1

Барлығы

9


«Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады

БShape1 ерілген сызбаны түсінуде, сызбаға тақырып қоюда, нақты мәліметтерді іріктеуде қиналады


Берілген сызбаны түсінуде, сызбаға тақырып қоюда, нақты мәліметтерді іріктеуде қателеседі

Берілген сызбаны түсінеді, сызбаға тақырып қояды, нақты 3-4 мәліметті іріктейді

Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды

Ақпараттарды қорытындылауда қиналады

Shape2


Ақпараттарды қорытындылауда қателеседі

Ақпараттарды қорытындылайды

Мәтін құрылымын сақтайды

МShape3 әтін құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазу, сөз санын сақтау қиындық туғызады


Мәтін құруда, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазуда, сөз санын сақтауда қателеседі

Мәтін құрады, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін жазады, сөз санын сақтайды

Графиктік мәтінді сипаттап жазады

Сызбаны толық сипаттау қиындық туғызады

Shape4


Сызбаны толық сипаттауда қателеседі


Сызбаны толық сипаттайды


Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»


Оқу мақсаты

7.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану


Бағалау критерийі










Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты

Білім алушы

  • Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданады

  • Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

  • Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады

  • Одағай түрлерін қолданады



Білу және түсіну

Қолдану


15-20 минут


1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз.


Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.


Мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестер







2-тапсырма

Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ойыңызды білдіру кезінде одағай түрлерін қолданыңыз.



Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады

1

көңіл күйге байланысты сөздерді анықтайды;

көркемдегіш құралдарды қолданады;

1


1

Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды;

тұрақты тіркестерді анықтайды.

1


1

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

2

көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды;

өз көзқарасын дәлелдейді;

қорытынды шығарады;

1

1

1

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады

одағай түрлерін қолданады;

1

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

ойын білдіру кезінде интонация;

кідіріс, екпінге ықпал жасайды.


1

1

Барлығы

10

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады



Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қиналады

Shape5

Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі

Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтай алады. Көркемдегіш құралдарды қолданады

Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

ТShape6 ақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қиналады

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қателеседі

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды, тұрақты тіркестерді анықтайды

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды


Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қиналады

Shape7

Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қателеседі

Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды, өз көзқарасын дәлелдейді, қорытынды шығарады

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады


ИShape8 нтонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсіну қиындық туғызады

Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінуде қателеседі


Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінеді

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қиналады

Shape9


Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қателеседі

Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасайды



4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»


Оқу мақсаты

7.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, оқу - еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі





Ойлау дағдыларының деңгейі


Орындау уақыты

Білім алушы

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

  • Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді

  • Диалогке қатысады


Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз.


Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

1

мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

1

1

Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді.

автордың көзқарасын ажыратады;

өз пікірін білдіреді;

1

1

1

Диалогке қатысады.

диалогке еркін қатысады.

1

1

Барлығы

7



«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні _____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды



МShape10 әтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қиналады

Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қателеседі

Мәтіндердің стилін анықтайды, тақырыбын түсінеді

Құрылымы мен аудиториясын ажыратады



МShape11 әтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қиналады

Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қателеседі

Мәтіннің құрылымын біледі, аудиториясын анықтайды

Тілдік ерекшелігін салыстырады

Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қиналады

Shape12

Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қателеседі



Көркемдегі құралдарды ажыратады, ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратады



Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»


Оқу мақсаты

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды

  • Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

  • Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15-20 минут


1-тапсырма

Оқшау сөздерді қолдана отырып, «Қазақ ғылыми-фантастикасының көк­жиегі өте тар» тақырыбында эссе жазыңыз. құрылымын, желісін сақтаңыз. Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсыныңыз. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


2-тапсырма

Екі мәтіннің стилін ажыратыңыз. Мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңыз.


1-мәтін

Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.

Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.


2-мәтін

Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантас­тика­­лық әңгімелері төңірегінде. Бая­нымызды  сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипа­тына аз-кем тоқталған жөн шығар.

Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ сана­сындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде баба­лары­мыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.

Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял.


1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы




Құрылымы




Мақсатты аудиториясы




Тілдік ерекшелігі




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл






Білім алушы






Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды


1-2

тақырыпқа сәйкес эссе жазады;



1







құрылымын, желісін сақтайды;


1

1






мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынады;


1

1






Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді


сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;

1







Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды


екі мәтіннің стилін ажыратады;

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

1

1

1

1

1






Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады

оқшау сөздерді орынды қолданады.

1






Барлығы



12
























«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушының аты-жөні __________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды


ТShape13 ақырыпқа сай эссе жазуда, құрылымын, желісін сақтауда қиналады

Тақырыпқа сай эссе жазуда, құрылымын, желісін сақтауда қателеседі

Тақырыпқа сай эссе жазады, құрылымын, желісін сақтайды

Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді


Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынуда, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануда қиналады

Shape14


Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынуда, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануда қателеседі

Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынады, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды


Екі мәтіннің стилін ажыратуда,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауда қиналады

Shape15



Екі мәтіннің стилін ажыратуда,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауда қателеседі


Екі мәтіннің стилін ажырады,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды


Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады

ОShape16 қшау сөздерді орынды қолдануда қиналады



Оқшау сөздерді орынды қолдануда қателеседі

Оқшау сөздерді орынды қолданады







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
3096
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11