400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Әуезов-тың шығармашылығы мен өмірбаяны

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ШТ-21-09-02 тобының 1-інші курс студенті Төлеуғали Айнель

“Мұхтар Әуезов-тың өмірбаяны мен шығармалары.”

М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды. Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша екені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды.

1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды. Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді сынай келе, солардан құтылудың бір жолы оқып-білім алуда жатқанын айтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз – оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті. 1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды. Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді. Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.

Жалпы Мұхтар Әуезов-тың өзіндік шығармалары мен өлеңдері адамға деген жан тәнімен сезіліп, адамгершілікті, адам бойындағы бар жақсы қасиеттерді оятады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі