Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы"-романындағы Құнанбайдың бейнесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы"-романындағы Құнанбайдың бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құнанбай бейнесі арқылы қандай мәселе көтерілген, сол жөнінде толымды ақпарат ала алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» - РОМАНЫНДАҒЫ ҚҰНАНБАЙДЫҢ БЕЙНЕСІ


XIX-XX - ғасыр тұсындағы, Құнанбайдың бейнесімен құлдықтың қамытын киген халықты, шерлі өлкенің шеменді шерін, ұлт пен ұлықтың ұлардай шулаған зары мен сағым көмкерген сағынышын, өткен мен өткел тарихы тұсындағы, «тар жол - тайғат кешуін» - суреттеген бірден-бір роман ол - «Абай жолы».

Аталмыш, романда – орыстың отаршыл саясаты тұсындағы үш жүздің арасын үтір ғана бөліп тұрған елдің, ішінара ру-руға бөлініп, іліктіктің іргесінің негізі мен ұрда-жық үстентаптықтың кейпі керім көрініс тапқан. Көшпенді елдің аста-төк, сиықсыз сайраны, сыйымсыз күңшілдігі, кем дүниесін кеңіте түсуге ұмтылысы, сол тұстағы қараңғы қазақты қынадай қыруға тырысқан, кеңестік идиялогияның үлкен жемісі іспетті.

Дүрдеараздық пен дүмше молдалық, қала берді жалғыз тұяғынан айырылып, онсызда қара жамалып отырған Қодар мен ұлының жесірі Қамқаға жабылған жалалар. Сайып келгенде, ар-ұждан мен Тәңірі таңбалап, тағдыры келіскен, жазмыштық белгілер. Ал, бейкүнә, талас-тартыстың құрбаны – Кәмшәтқа келер болсақ, әлімсақтан; «Алла алдында да, адам алдында да сұраусыз» - деп, келетін: бауырға басып, бауыр еті баласы ету сынды, бұл - күні еске естелік етер, сүрленген еттей сүйегі ғана қалған ырымдар. Тағдыр талайы тезіне түскен кейіпкерлер болмысы, өзара бір-бір әлем, өзіндік бір-бір - патрет. Мәселен, зейіні саф, зерделі Зерде әжесі мен ұғымы ерек Ұлжан анасының жылуын сезініп өскен Абайдың, ұлы ақыл ойдың иесі болмауына хақысы жоқтай.

Автор, бұл – романның негізгі қаһарманы ретінде - аға сұлтан Құнанбайды негізге алады! «Қарадан шығып, хан болған», айтқаны заң, ерік пен күштің, бірден-бір иесі, Жаратқанның нақ өзіндей. Елі үшін – «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс». Бірақ, басты кейіпкер бейнесі, қабағы қатулы, өткір көзінен жауы сеcкенер, әмірінен ат үріккен, сұсты, әр қадамын адымдап басып, орамды оймен ойқастай сөйлейтін, ділмәрлік кейіпте суреттелген. Мінезі тік, мысқылы басым. Жазушы бейнесін биіктеткенмен еш аласартпайды.

Кей жерлерде, тым мейірімсіз, қомағы тұйық, тұрпаты қалыгез болып бой көрсетеді. Ол, тұсы қара басқан Қодарды құдыққа тастап, қансыраған қалпымен қырық түйірлі тас атқызып, келіні - Қамқаны түйе өркешіне түйіп өлтірткен кезі. Шендік меңдіктен бе, шіміртпейді. Сондай шақта, өз әкесін зерттеп-зерделеуге ұмтылған ұлына да сыр алдырмауы оқиға желісін шиеленте түседі.

Ал, кей тұста, одан артық абзал жан жоқтай. Мақтау-мадақтаулардың иесі. Ия, бұл романның шырмауықтай ширатылып, өрілген көлбегей тұсы. Жапа тармағай жағынулар мен жөнсіз жортуылдау, ер құнын құндап, өшпес өшпенділік пен Бөжей өлімін естірпегендегі Құнанбай хәлі бір бөлек әңгіме. Ауыр күрсіне, күңірене, күйзелуі. Осылай трагедияға толы тағдыр иірімін, бір кейіпкердің болмысына, бар пенденің ғұмырындағы бейнетін сыйдыра салу, жазушы өресінің өрелі екендігінің айғағы.

  • Хош...

  • Асқан ақыл мен парасат биігіндегі тұлға, дала заңын ұстанғанымен - шариғаттан әрі аспайды.

Құнанбайдың , «құлқы емес, ұлты үшін» - «Алла үйі» - яки, мешіт негізігін қалатуы құптарлық іс. Дін Ислам - діңгегін негізге алып, шариғат даналығымен, «Шығыс» - әпсәнәларын, Ұлы-Абайға әлімсақтан игертуі ұлылық. Ұрпағының ұлы мақсат жолындағы алғашқы қадамын, «Алла үйінен» бастатуы, оның имандыл, адамгершілік сипаттағы құнды қасиетті өн бойына жиып, өсуіне, ұлт санасына - сәуле болып нұрлануына, себепкер боларын сезгендей. Бір сәт, кейінге шегініс жасалық. Ал, қазір ше?

Қазіргі, кей – Құнанбайлар: «көзі ашық, көкірегі ояу» - болса да, жұртының ұртын майлатпақ түгілі, ұлына - Құдайдың құлы екенін игертіп, кәлима шәһадат: айтқызып, даналықтың һәм күллі әлем иесіннің қасиетті кітабы – «Құранды» - тәпсірлеп бере ала ма? Көпке топырақ шашып, жақсылығы жасырын, садақаланған жақсылар мен жайсаңдарды, жалпылама алып жатсынбалық. Жер-ана төсін тепкілеп, тұмса уақыт белдеуімен құшағына құмша семіп, кері қайтушы пенденің пендешілігі делік. Мәселенің мәнісін ұқтыру үшін - мүмкін сол-Құнанбайларды жетімдер үйіне жетектеп әкелеліп көрсетсек, жанары жанаураған жәудір көздерге қарап, жұмыр жүректері жібір ме еді. Қиямет күннің иесі алдында, жүзіміз ақ болсын десек, жақсылықтың жаршысы бола білген дұрыс-ақ. Бұл мендік пайым. Кім білсін. Үкілі үміт қой, шіркін...

Алшынбайдай алшаң басып, биекеш билік тисе бүйіріліп, үстемдіқ қылу, ықылымнан бергі дүрдеараздық пен мысықтілеулестік, жеңіл сөзбен жіңішкелетсек, күндестік «сыры кеткенмен, сыны кетпеген сырлыаяқ» - сынды, қазіргі қоғамда сарқыты әлі сақталып тұрғандығы жасырын емес.

Романда Құнанбай кеңес үкіметінің жемісі. Типтік - тұлға арқылы, тұспалдап жеткізілген шындық. Жапатармағай жабылып, Құнанбайды қаралағаннан гөрі бір сәт түсінуге де болады. Ел тізгінін ұстаған ердің, ез болмауы ләзім. Екіндіктің де етегінен тартып, емеурінін жидырмауға тырыса,р айыртұмсықтылардың болуы заңдылық. Ол қай заманда да болған, бола да бермек. Құнанбай болмаса, ғазалы құйма алтыннан да қымбат ұлы Абай қайдан дүниеге келер еді. Қараң елдің сәулелі шоқ жұлдызын сабатып, тарлан Талыстойды тоқыратып, шайыр Шәкәрімді құдыққа тастатып, саф Сократты тірідей отқа қақтатқан осы түсініспеушілік емес пе?

Барында бардың бағасын білмей, жоғында жарығым деу бізге ғана тәндей. Күншілдіктің күрмеулі торында тұрған елдің, болашағы бұлыңғыр болмақ. Саналы санадан, сарылып шыққан жүрек сыры осы. Оқырман алып қосарға қалған ой сіздікі.

Болашақ жарқын боларына сенгім-ақ келеді. Бірақ әзірге сене алмай тұрмын. Сендірер кісім болса...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі