жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері» романы
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ
|
Қысқа мерзімді
сабақ жоспары «Шақан-Шері» романы Пәні: |
қазақ әдебиеті |
|
Тоқсан: |
ІІ |
|
Бөлім: |
IІ БӨЛІМ. Прозадағы көркем ой |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Джадирова Жанар Джамбуловна |
|
Күні: |
09.01.2024 |
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері» романы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; |
|
Сабақтың мақсаты: |
Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау; Идеялық мазмұнын терең түсіну. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 мин Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін. Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын. Эпиграф
|
Оқушылар сәлемдеседі. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Дескриптор: - сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі. |
Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019 жұмыс дәптерлері. |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 30 мин. |
1-тапсырма. ТЖ Талқылау сұрақтарына жауап бере отырып, «Шақан шері» романының сюжеттік құрылысына талдау жасаңыздар.
|
Оқушылар тапсырманы топта жасайды. Сұраққа жауап беру арқылы шығарманың негізгі идеясын, композициялық орнынна талдау жасайды.
|
Десприптор:
3 балл
|
Слайд
|
||||||||||||
|
|
2-тапсырма.(Жұптық жұмыс) Шығарма сюжетіндегі адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың адамға шабуыл жасауының сыры неде?
|
Оқушылар идеялық мазмұнын түсінеді |
Десприптор: 2 балл сұрақ төңірегінде ойланады ойын жинақтап жауап береді |
|
||||||||||||
|
|
3-тапсырма.(Жеке жұмыс) Негізгі кейіпкердің ақтық сөзі бейнеленген эпизодты анықтап, Шақан-шері бейнесін ашыңыздар. «Мен өлгем. Мен aлдымен бaлaмды, coдaн coң әйелiмдi өз қoлыммен aжaлғa бергемiн. Көз aлдымдa жегiздiм. Өзiм жедiм. Coдaн coң өлдiм. Мiне, қaрaлы үй aлдындa қызыл қaны aқтaрылып, бacы бiр бөлек, aяғы бiр бөлек, aрыcтaй coзылып жaтқaн мен! Шaпырaшты Шaқaн! Aл мынa мен – түрегеп тұрғaн, жaны жoқ, cүлдерi бaр, aты жoқ, aруaғы бaр – Шaқaн емеc, тaрғыл жoлбaрыc, ендеше менiң aтым – Шерi…». |
Оқушылар кейіпкерді бейнелейтін эпизодты анықтайды, бейнесін ашады; |
Десприптор: 2 балл
|
|
||||||||||||
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды. . ……………. тапсырманы мен орындадым. …………………. түсіндім. Мен енді………………….. білемін. Мен………………………….сезіндім Мен………………………………. білім алдым. Мен………………………………….. үйрендім. . ………………………. менің қолымнан келді. Мен……………………………….. жасай алдым Мен……………………………… жасап көруге талпынамын. ……………… мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме….. берді. Менің…………. жасағым келді. Үйге тапсырма: «Шақан-Шері» романын оқып келу
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық көрген
соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті бұзып,
табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны
ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін
ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі
жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге болады:
«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді.
Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы
бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын
оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан.
Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда,
жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден көрген жапасын бір адамға
артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға
ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына
түйітпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық
шеріге артыпты. Содан не тапты?
Кек. Кегі аңда емес, адамда болуға тиіс екен. Елден аң емес, адам
айырыпты…»
Осы ішкі арпалысынан соң, Шақан өзінің ескі қонысына, өз жұртына
бет түзейді. Ал онда барғанда темір кісен күтіп тұрғаны айтылады
да, шығарма аяқталады.
Бір ғана роман жазу жолында Шақанның жүріп өткен жолдарымен жүріп,
түрлі мұрағаттарды ақтарып, көнекөздермен тілдескен автор – Мұхтар
Мағауин романның эпилогында өмірде болған Шақан жайындағы нақты
деректерді келтіреді:
— Шақан жайында алғаш рет Петербургте 1871 жылы шыққан «Военный
сборник» журналында «Отважный туркестанский охотник Шахан» мақаласы
жарияланған.
— Жетісу архивтерінде «басбұзар қырғыз Шақан-Тигрдің» іс-қағаздары
кездеседі. Жақын туысы Малтай Жантаевтың куәлігі бойынша, өкіметке
пиғылы теріс, қоғамға қатерлі адам деп танылған. Алайда, сот үкімі
табылмады.
— Хикаяның үш түрлі шешімі шықты:
Біріншісі – Шақан аяқ, қолына бұғау салынып, Сібірге – Якут
өлкесіне жер аударылды.
Екіншісі – Шақан тергеу аяқталар қарсаңда түрмеден қашуға әрекет
үстінде оққа ұшады.
Үшіншісі – әлде түрмеде, әлде этап кезінде қашып, аман
құтылады.
Ақыры, жазушы соңғысына тоқталғанды жөн көрген, себебі: 1884 жылы
шыққан «Природа и охота» журналының 13-санында жолбарыс аулаған
Шақан мерген туралы айтылған. Тарихи деректерге қарағанда Шымкент,
Әулие-Ата өңіріндегі Ұлы жүз қазақтарының патшалық тәртіпке қарсы
көтерілісіне (1867-1869) басшылық еткен батырдың бірі – Жолбарыс
Шақан болған екен.
Ал қазақ жеріндегі жолбарыс туралы нақты дерек:
Жетісудың ең соңғы жолбарысы 1940 жылы оққа ұшқан.
Бұл романнан оқырманның түйетіні: табиғи заңдылықты бұзу, құныққан
үстіне құныға түсудің кей аңдардың жойылуына, тұқымының құруына
әкеліп соғатынын есте сақтау қажеттігі. Мұндай шығармалар келешек
ұрпақты тәрбиелеудегі табиғаттың рөлін, ондағы әрбір қыбырлаған
тіршілік иесінің айрықша орны бар екендігін үйретеді. Аң аулаудың
да өз жөні, шегі болатындығын әр аңшының біліп жүруге тиістілігін
нақтылап, түрлі тарихи деректер мен топонимикалық атаулар жайлы
мағлұмат берген бұл шығарма – қазақ әдебиетінің ғана асыл қазынасы
емес, тарихтың, аңшылық өнердің мол мұрасы. Аңшылық туралы
шығармалар өткенді қастерлеу, табиғатты сүю, жан-жануарға деген
құрмет, аңшыға тән ұлы қасиеттер, жануарлар арасындағы
тепе-теңдіктің сақталуы, аң аулаудағы ұтқыр тәсілдер сияқты пайдалы
нәрселерді насихаттайды. Сондықтан, осындай шығармалар көркем
әдебиетті сүйетіндер мен аңшылыққа қызығатындарға мол азық болады
және бұл – біздің қоғам мен оқырмандарға қызық әрі керек дүние.
Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген