жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұхтар Мағауин "Тазының өлімі" талдау
М.Мағауин «Тазының өлімі»
Тек, асыл қасиетіне байланысты эпизодтар
1)Ныспысы бөлек Бесқара
2)Есенжолдың үлкенге деген құрметі ( Әйелінің ақсақалдың сөзін бөлгеніне қарсылығы)
3)Алғашқы алған олжасын үлкенге сый етіп тартуы
4)Тазының иесін жоқтап ұлуы, иесіне деген адалдығы
5)Марқұмды еске алып, құран оқуы
Шығармадағы арлан, тазы сөздерінің кездесуі ( Арлан сөзі-4 рет; Тазы сөзі-116 рет кездескен)
1)Бұл кезде Лашынның күш-қайраты молайып, денесі жұмырлана,
бұлшық еттері толыса түскен, сұлу мүсінді, бірақ бейсауат кісі қор-қатындай зор
арланға айналған.
2)Қалт тұра калған шолақ арлан басына қауіп төнгенін аңғарысымен бұрыла
сала тау жаққа тартты.
3) Көк шолақ арланға керегі де осы екен, күтпеген. жерден
шабысын қалт тежеді де, ағынын баса алмай оза берген тазыға жойқын күшпен тұра
ұмтылды
4)Осы жаңа ғана өтіпті. Ізі ірі.Арлан.
-
Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін.
-
Тазы жеркене лоқситынды
-
Тазы сау аяғымен кабырдың етегін қазуға кірісті.
-
Тазы ұзыншақ төмпешікке бажайлай қарады
-
Тазы еңіске көз тастады
-
Тазы дәл ауыл көшер күні сол жетім дуал түбінде дімкәс көкжақ тоқтының өлексесі қалғанын есіне алды
-
Тазы құлағы түрілген
-
Тазы шоқиып отыра бере тұмсығын көкке созды
-
Тазы ұлуын күшейте түсті.
-
Қолынан қыран тазы арылған емес
-
Мамай шал сол Бескараның ұрпағы деп анау кезде бір көк тазы ұстап жүрді
-
Тазы үйіне жеткенше аң ұстамаса мойны қатып кетеді де, епті, алғыр ит бола алмайды
-
Тазы кез келгеніне түсіп кетуге аңсары ауып, иесінің тежеуімен әрең келеді
-
Тазы басын төмен салған беті тастақ беткейге қарай бүлкектей жөнелді.
-
Сұлу көрініске қас қағымдай уақ аңырып қалған тазы келер сәтте-ақ аяғының астындағы ұлпа қарды бір-ақ серпіп, ағыза жөнелді.
-
Аздан соң бөктер жақ қап-талмен шауып келе жатқан атты қала бастады, тазы да қауіпсіз жерде.
-
Алайда тәжірибесіз күшік тазы тұзаққа оңай түсті
-
Көз алдынан кызыл кұйрықтың елбең етуін-ойынның жаңа бір түрі деп ұққан тазы енді соны ауызға түсіруге тырысты
-
Тазы бұрылып, ауыз сала бергенде лып етіп ырғып түседі. Ағынымен өтіп кеткен тазы құйрықтың да,түлкінің де сол жақ капталға, құрық бойындай жерге шығып алғанын көреді. Бұрыла сап қайта қуады.
-
Тазы құр ауаны қауып, қайта бұрылғанда түлкінің тағы да есік пен төрдей жер ұтқанын біледі
-
Тазы алға аттай түсіп тұрып қалды.
-
Кенет тазы бойын жиып алды
-
Сәл-пәл тынығып қалған тазы енді оны екі ат-татпай-ақ қуып жетті
-
Сұлу аңға әлденендей бір зиян жасау ойында жоқ тазы етіне тіс тигеннен кейін әбден ызаланды
-
Сөйтіп, тазы өлтіруге үйренді және сол үшін мақтау еститінін ұқты.
-
Ауызданып алған соң тазы түлкіні кынадай кырды.
-
Бүған таңырқаған, әрі жүрегі орныққан тазы көптен көрмеген төбетке бажайлай қарады.
-
Бойын кенет лып еткен дүлей ыза буған тазы қара төбетті екі-ақ қарғып қуып жетіп, түлкі ұстағандағы әдетімен таңынан алып көтеріп соқты да, басып қалды.
-
Көзін қан жауып, ештеңені көрмей, сабалақ төбетті алқымдай сығымдап жатқан тазы кенет тиген соққыдан есін жиды.
-
Ақ тазы ұрыс үстінде айтылған сөздердін мағнасын түсінген жоқ.
-
Тазы адамдардың өзара қатынасына назар аударған еместі.
-
Тазы иесіне еріп сатушының үйі жаққа барғанды ұнататын.
-
Бірақ тазы иесінің соңынан ере жөнелгенде Бардасоқ ит мінезін қайта бастайтын.
-
Алғашында қатты ызаланған тазы қазір бүған мүлде мән бермейді.
-
Тазы жайсыз күйге түсіп, сүйегін де жөндеп кеміре алмады.
-
Коян ерге салғанмен, табаны кышып келе жатқан тазы жер танабын қуырып жіберді.
-
Тазы да барын салды
-
Тазы енді қоянның өзінен шыжымдап ұзай бастағанын аңғарды.
-
Әйткенмен, ештеңеден беті қайтпаған тәкаппар тазы өзіне сенімді.
-
Сарқылмас күш бойына ата қанымен дарыған тазы қоянды көз жазып қалар жерте жібермей, бір қалыпты шабыспен қуа берді.
-
Тазы аяқтарының ауырлай бастағанын сезді.
-
Құрбандығының санаулы ғана минуттары қалғанын байқаған тазы бойына бар күшін жиып, ентелей түсті.
-
Арыстай тазы бет-аузын сабалаған бұталардан именіп кібіртіктеңкіреген еді, мүндай бөгетке ұшыраспаған қоян әпсәтте-ақ жынысқа сіңіп ғайып болды.
-
Тазы тілі салақтап, ырсылдаған қалпы әрлі-берлі біраз шапқылады да, ұзынқұлақтан біржола айрылғанын білген соң кері қарай аяңдады.
-
Ал тазы басқаша ойлайтын сияқты
-
Өріске түскен соң ізшілдік машығынан жаңылған тазы кенет осы маңда жат иіс барын аңғарды.
-
Кенет тазы дәл аяғының астынан зор денелі сұр ит көрді
-
Тазы құтырына, ащы даусы тымық ауаны қақ айырып, қатарынан екі-үш үрді де, өмірінде бұрын-соңды болмаған әдет
-
Тазы көп ұзатпай, бірер белді асар-аспастан-ақ қуып жетті.
-
Тазы көз ілеспес жылдамдықпен ыршып түсті
-
Бұл кезде тазы әбден долданғантын.
-
Қара төбетті талағаннан соң тазы төбелесқой болып алғанды.
-
Тазы енді ұрыс әдісін өзгертті.
-
Тазы да қасқырдың от шашқан жанарынан оның ештеңеден тайынбайтынын ұқ-қан.
-
Бұл жолы да тазы жылдамдығының арқасында ғана аман қалды.
-
Ал тазы ет қызумен жараланғанын білмеген
-
Әйткенмен де шабуылдаушы тазы емес, бөрі еді
-
Бірақ тазы оңтайын бермеді
-
Қайратты да жырынды жауға ұшырасқанын білген тазы бір ғана тегеурінді соққымен ұрысты аяқтау үшін бөрінің қалт басқан қимылын бағуда еді
-
Тазы лып етіп бір бүйірге ырғып түсті де, қасқырға бас салды
-
Тазы қасқырдың мойнын өткір, қайратты азуларымен сықырлата қысып, қайырып әкетіп бара жатты.
-
Алайда, қасқырдың бұл қалпында ұзақ тұра алмайтынын білген тазы айбат шаша езуден ырылдаған қалпы дұшпанының мойнын сығымдай түсті.
-
Төрттағандап сіресіп тұрған бөрі сәл босаңсып кетіп еді, өзіне көмекке иесінің келуі бойына күш құйған тазы сол сәтіндеақ құрыш мойынды бұрап жіберді де қасқырдың төрт аяғын серең еткізді.
-
Қайрат-күші толысып, дер шағына жеткен тазы өзіне мүлде белгісіз болып келген жаңа бір қызықтың есігін ашканды
-
Әйткенмен тазы ұзақ салтанат құра алмады.
-
Тазы кіші иесінің келгеніне куанғанмен, мына ісіне ризашылық білдіре коймады.
-
Ауыл-дан шығып жүре бергенде тазы олардың соңынан ерді.
-
Сұрамсақтанғанмен ештеңе өнбейтінін аңғарған тазы енді пеш түбінде бүрісіп жата беретін болды.
-
Мұндай ауыр тұрмысқа тазы көндіге алмай-ақ қойды.
-
Ұйқысы шайдай ашылған тазы столдан қарғып өтіп, төргі үйге жетіп барды.
-
Көмекке ұмтылған тазы бірінші қарғығанда олардың үстіндегі көрпені жұлып түсті
-
Тазы Есенжолға қайта бас салған сәтте анасынан жаңа туғандай тыр жалаңаш Кәмила көмектесудің орнына Лашынның өзіне ұмтылды.
-
Сол күні тазы өмірінде бірінші рет далаға түнеді.
-
Тазы күресінге лақтырылған сүйек-саяқты ғана талғажау етеді
-
Тазы қораның сыртында жатқан, мал аузынан қалған бір құшак сабанды паналайтын.
-
Тазы қораның ық жағына шығып алып, шоқиып отырған қалпы көрер таңды көзімен атырады.
-
Тазы есіктің ашылуын ғана күтіп тұр екен
-
Алайда тазы мұнда тұрақтамады.
-
Алғашқы жолы беймезгіл келген адамның иесі екеніне күманданбаған тазы сүріне-жығыла атып тұрып, жетіп барып еді, лып етіп үйге кіріп бара жатқан Есенжолды көрді.
-
Секпілбет сатушыны сүбыханы сүймейді, әйткенмен өзінің араласуы жөнсіз екенін білгендіктен табиғатында қабағандык мінез жоқ тазы іштен тынған-ды.
-
Арық тазы сабанға тығыла бұйығып, ұйқылы-ояу қалыпта жата берді.
-
Тазы керіліп, құрысқан бойын жаз-ды да, дүр сілкінді.
-
Тазы Жауыртағының өркеш-өркеш биіктеріне қарап біраз тұрды
-
Өз ғылымына жетік сарыасық тазы бәрін де еркін оқиды
-
Ізге түсе жөнелген тазы алдындагы қыр-қаға шыға бере иек артпадан баспа қып қарады.
-
Тазы таяу манда ешкім көрінбес пе екен деп жан-жағына қарады
-
Үйден не үшін шыққаны ойына түскен тазы өлі түлкіге назар да аудармастан Суық бұлаққа қарай текіректей жөнелді.
-
Тазы бөгелмей алға қарай жүре берді
-
Тітіркеніп.кеткен тазы төңірегіне именшектей көз тастады.
-
Тазы бойын бейтаныс махұлықтың суық демі шарпығандай қалтырап қоя берді.
-
Кенет, тазы есі шыға қалшиып тұрып қалды
-
Қуанғаннан даусы шығып кеткен тазы арсалаңдап, иесіне қарай бір-ақ карғыды
-
Тазы осы төңіректі күзеген малшылардың бірінің қасқырға құрып, ұмыт қалдырған қақпанына түскен еді.
-
Бірақ ауыр салмақ алдыңғы аяқтан тартқан тазы екпінін баса алмай, тоңқалаң асып түсті.
-
Көзіне қан толған тазы тұра сала қақпанға салды ауызды.
-
Тазы жансыз темірді қарш-құрш шайнай берді.
-
Ақыры калжыраған тазы қар үстіне сылқ кұлады
-
Енді тазы аяғына тас боп жабысқан пәлеге адам қолынан шыққан қауіпті карулардың бірі деп кана карады
-
Есін жиған тазы бойында аяғының ауырғанынан да катты бір дерт барын аңғарды.
-
Тазы орнынан тұра сала мұздақтана қатқан қанды асай бастады.
-
Аш қарынға шамалы ас барып, әлденген тазы темір құрсаудан өз бетімен құтыла алмасын түсінді.
-
Тазы ет пісірімдей жанталасты.
-
Тазы бойына ең соңғы күшін жинап, алға еміне түсті.
-
Тазы ұзақ ұлыды.
-
Тазы иесінің мәңгілік ұйқы құшағына енгеніне, енді қайтып тұрмасына көзі жетті.
-
Тазы әзірейілдің әміріне қарсы сөз айта алмай, топырақ астына көмілген иесін жоқтап ұлыды
-
Тазы әзірейілдің әміріне қарсы сөз айта алмай, топырақ астына көмілген иесін жоқтап ұлыды
-
Бірақ ажал тазы ойлағаннан да тез, әрі күтпегенжақтан келді
-
Азапты тіршілік қажытқан тазы қорықпады да
-
Тазы өлімге мойын ұсынып, беріле салмай, тіршілік үшін күреске түсіп, арпалысып кетті.
-
Тазы біреу, қасқыр төртеу
-
Тазы байлаулы, қаскырлар бос.
-
Тазы күн ұзаққы күрестен әбден қалжыраған.
-
Оны тазы да сезді, қасқырлар да білді
-
Осы қабырдың дәл іргесінде қыран тазы Лашынның да қаны төгілген-тін.
-
Үйткені Лашын осы өңірдегі асыл нәсілді ең соңғы тазы еді.
Мұхтар Мағауиннің қай шығармасын алсаң да бір ерекше айрықты байқай аламыз. Сондай шығармаларының бірі – Тазының өлімі. Менің жеке пікірім бойынша, бұл шығарманың негізгі мақсаты, яки автордың оқырманға жеткізбек ойы тақырып бойынша тазының өлімін жеткізу емес, қазақтың бойындағы ұлттық құндылықтың жоғалып бара жатқандығы туралы ой салғысы келгендей.

