400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудағы сенсорлық бөлменің рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенсорлық бөлме маңыздылығы жайынды
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудағы

сенсорлық бөлменің рөлі»


Автор: Картайганова Камшат Ахметбековна

Мекеме атауы: «Келешек» бөбекжай балабақшасы»

МКҚК, меңгерушісі

e-mail: keleshekbalabaksha@mail.ru


Аңдатпа:Сенсорлық бөлме балалармен іс-әрекетке арналған автодидактикалық материалдармен қаныққан орта.  Бұл идея адамды шынайы және интерактивті кеңістікке батыратын, оның қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуіне ерекше жағдай туғызатын сенсорлық бөлме туралы заманауи идеялармен ең үйлесімді платформа.

Сенсорлық бөлме- концепциясы бала бойын дамытудың әуенді музыкамен, түрлі-түсті эффектілермен интерактивті экспозицияны енгізудің, сондай-ақ тактильді сезімдерді қалыптастырудың алғашқы сәтті әрекеттерінің бөлігі.


«Сенсорлық балалар дегеніміз –  өз ісіне өзі сүйсініп, өзін-өзі тану»

Мария Монтессори


Сенсорлық бөлме ол ғажайып ертегі. Барлық дыбыстар бар, қорқынышты ұмытуға жайлануға көмектеседі. Бұл бөлмедегі ойындар өте белсенді және балаларда жақсы сезімдік күйдің масаттану, тандану, қуану сияқты қабілеттердің қалыптасуына әсер етеді.

Сенсорлық бөлмені психологиялық сергіту бөлмесі деп атайды. Сенсорлық бөлмелер ақыл ойдың дамуына жағымды әсер етеді, сезімдік әсерді үйлестіреді және ізденуге деген ынталарын арттырады. Сенсорлық бөлме - өзге балаларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің сауығуына әсері мол. Балабақшадағы тәрбиеленушілер мен мүмкіндігі шектеулі балалар мен арнайы мамандар психолог, дефектолог жұмыс жасайды. Сенсорлық даму баланың түсті ажырату, екі түсті бояуларды араластырғанда түс немесе реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастыру, суреттегі бейненің түс арқылы көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамыту. Бұл сенсорлық бөлме балалардың психикалық эмоционалды және физикалық босаңсуына арналған. Бұл бөлмеде әр жастағы балаларда, педагогтарда жаттығуға алады. Жаттығулар барысында түрлі стимуляторларды соның ішінде дәндік, яғни аруматтерапия түстік ол дегеніміз- алау лампалар, және дыбыстық жаттығуларды қолданамыз.

Сонымен қатар ойын бұрыштары құрғақ бассейн. Жүйке жүйесінде ауытқуы бар балаларға пайдасы өте зор. Бөлме бейнелеу ұйымдастырылған іс-әрекеттерге арналған жиынтықтар және бояулар. Балалар шығармашылығын дамуы мен салауатты өмір салтын дамытуға арналған жаттығу құрылғылары бар.Қоршаған ортаны толық қабылдау қасиетін қалыптастыруға бағытталған. Сенсорлық бөлме дүниемен танысудың негізіне жатады. Бұл ретте осында жаттығатын әр баланың психикасының дамуына бөлменің оң әсер берері сөзсіз.

«Бала болашағымыз» -деп, балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында балабақшамызда «Тұзды сенсорлық бөлме» ашылды.

Тұзды сенсорлық бөлмеде ем қабылдау пайдалы, микроэлементтерге бай ауаны жұту жолымен жүзеге асырылады.

Ең бастысы ағзадағы зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен қатар ағзадан жедел түрде улы заттар шығып, олар тұздың табиғи теріс иондарымен алмасады. Сондай –ақ тұзды сенсорлық бөлме мүмкіндігі шектеулі балаларға стрестен арылуға, созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде, невроз, ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттырып ұйқыны жақсартуда көмектеседі. Жүрек қан тамырлары ауруларына да пайдалы.

«Адамның бір қызығы бала деген» -деп хәкім Абай айтқандай. Біздің болашағымыз, ертеңіміз балаларымыздың денсаулығы мықты, рухы биік болғай.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. ҚР білім және ғылым министрлігінің 2009 ж. 21-қыркүйек №439 бұйрығы

  2. «Маған өзім жасауыма көмектес» М.Монтессори, Москва 2000ж.

  3. «Арнайы педагогика» Н.М.Назарова, академия, 2010 ж.-356 б.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2024
148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі