жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасындағы тәрбиелік жағдайы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасындағы тәрбиелік жағдайы
Кударинова А.С.
Кенжебекова Е.М.
Халқымыздың
сан ғасырдан бергі даналығына құлақ
ассақ «Адамның бақыты — балада» деген
екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып
жете алмайтын бақыт деген құдіретті
сөздің өлшемі өмірінің жалғасы –
ұрпағымен келетініне мән бермеуі де
мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы
келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан,
мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға
нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана
сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың
жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса
керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан
бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын
қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет
тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін
үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші
жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер,
яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен
дамымайды, отбасындағы үлкендердің
үлгісімен сіңеді.
Ал,
мүмкіндігі шектеулі балалаларды
тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді.
Ата-ана тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық,
төзімділік, сабырлық сияқты қасиеттер
болуы тиіс.
Отбасының
бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз
« ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
деген даналық оймен түйе білген. Кемістің
түріне де және күрделілік деңгейіне
байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі
де өзгеріп отырады.
Мүмкіндігі
шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын
болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап
болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі
шектеулі балаларға да жақсы тәрбие
берсе, ол да өз ата-анасына қуаныш пен
бақыт сыйлауы мүмкін.
Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады. [1].
Қандай мемелекетте болмасын өзінің заңды тұлға, азаматы болғандық-тан дүниеге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарына қамқорлық жасау-ға, өз қатарларымен бірге жүріп, өмірден тиісті сыбағасын алуына жағдай жасап жатады. Ал дүниеге алпыс екі тамырын идіріп, алып келген бала-сының мүмкіндігі шектеулі болуы, кез-келген ата –ана үшін психология-лық тұрғыдан үлкен соққы болары да, анық. Есін біле, өзін қоршаған ор-тамен араласа бастайтындай жасқа келген ондай балалар ше, әрине олардың да ішкі жан дүниесі (психологиясы) аласапыран күйде болуы табиғи заңдылық.
Осы орайда, адамның ең басты игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтарды қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық – құқықтық жарлықтар да және адам құқығы туралы халықаралық құ-жаттарда белгіленген .
Кемтар балаларды, әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңның 4 тарауында кемтар балалардың құқық-тары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің міндеттері мен құқықтары көрсетілген.15 бап кемтар балалардың әлеу-меттік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдауды кепіл ретінде тегін алуға құқығын бекітті. Осыған қарамай, кейбір ата-аналар балаларына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарды мойынұсынғысы келмей, баласын, көпшілік ортасына араластырмай, өз беттерінше әрекет жасап, баласының есейіп кеткеннен кейін, барып, тиісті орындарға шапқылайтындары да кездесіп жатады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:
үздіксіздік;
тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;
тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;
тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);
қарым-қатынастың жекелігі;
өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;
Тəрбиенің жоқтығы да – тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді. Егер олардың барлығын жасыратын болса жəне егер ата-анасының өмірі ашық болса, егер отбасында көп сөйлесе жəне көп сөйлемейтін болса, сол жағдайда оларды тəрбиелей бастайды. Мұның барлығы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына əсер етеді. Егер жұмыс жəне басқалар туралы айтып отырса жəне оларды қалай айтқаны; егер ұрысса немесе табысса; егер отбасы бірлікте немесе əркім өзөзімен болса; егер отбасында біреуді бүйірлесе жəне егер əкесі «пəтер жалдаушы» сияқты болса: кеш келеді, үндемей теледидар көрсе, оқыса, ұйықтаса жəне таңертен білдірмей жұмысқа кетіп қалатын болса, бұл əсерлер де балаларды тəрбиелейді. Мұның барлығы да тəрбие [2].
Балаларды тəрбиелеу барысында оларды тек экономикалық жəне психологиялық əсерлерден ғана қорғап қоймай, олардың сапалы денсаулығы мен физикалық дамуы үй-тұрмыстық, көліктік сұрақтарды шешуге, олар өмір сүретін ортаның, орталықтың урбанизациясына, индустриализациясына тəуелді [3].
Қорыта айтқанда, мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді[3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Баймұқанова М.Т. Отбасымен əлеуметтік-педагогикалық жұмыс. – Астана: Парсат əлемі баспасы, 2005. – 180 б.
Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы. –Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 239 б.
Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 257 с.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген