Мұқағали Мақатаев
Шын дарын өз заманының
шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол
мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас - қабағын
бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің
жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны
Мұқағали Мақатаев ақынның поэзиясынан танып, көруге
болады.
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа
бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан
заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып,
бұрынғыдан да толысып, кемелдене
түскендігі бәрімізге
мәлім.
Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын
ұстана
білді, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ
оқырмандарының жүрегіне жол аша
білді.
Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық
үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз
оқырмандарының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың
ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап,
қалың оқырманның жан жүрегін таба
білді.
Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал - адам
бейнесін ашуға қызмет етеді. Ақын поэзиясында табиғат көріністерін,
пейзажды әшейін бір уақыт кеңістіктің дерегі ретінде даралап
қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін
тәсілдер өте
көп. Әрі
көркемдік - философиялық иірімдер мен сарындар, түйіндер мен
мазмұндар арқылы өте жарқырап көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың
үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына
тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр
бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын
атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.
Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз
бен мұң жүреді. Осы бір алма - кезек ауысқан көңіліне жұбаныш,
жанына тыныш беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың
табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі
келеді. Табиғаттан пана іздейді.
Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән
түйсікпен ұғындыра
білген.
Белгілі суреттерден белгісіз сырларды
аңғарған. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала
шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер
маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы
дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын
қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінеді. Сол қайыңнан адамдар
тіршілігін көргісі келген. Ол адамдар арасындағы қарым - қатынасты
суреттесе де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына
көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббатты,
үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне - бірі жалғасып жатқан тіршілік
сабағын жаза
білген.
Адамның әлдебір күйініш - сүйініш немесе кескін - кейпін, қимыл -
әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру,
ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың
бәрі, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін
керек. Кезінде Абай «Сөз өнері дертпен тең» екендігін ескертіп
кеткен. Ал, шын дарын иесі өнердің азабын тартқанына дән разы. Отыз
мың сурет пен бес жүз безендірілген кітаптың иесі, өнерде бағы
жанған жапон суретшісі Кацусика Хокусай (1760 - 1819) өзі туралы:
«Мені сурет дуалаған, мен сурет тұтқынымын»- деген
екен. Ал
ақын
Мұқағали да: «Поэзия, сен менімен егіз бе едің,» - деп өзімен
туысып кеткен өлеңін жанына жақын
тұтқан.
Жырым - Сырым
екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөліп емізбедім.
Жатсам - тұрсам мұң шағып дәптеріме
Жабырқаған жаныма ем іздедім, - деп өлеңінен жанына шипа
табады.
Қазақ поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптардың бірі – туған жер, оның
бауырында өткен балалық шақ, ата-мекеннің тағдыры, оған деген
сүйіспеншілік екені белгілі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз