Мұқағали Мақатаев мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаев мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға эссе, мақала жазу барысында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. Мақатаевтың шығармашылығы және ұлы мұрасы

Мұқағали Мақатаев - қазақтың біртуар ақыны. Қазақ поэзиясында өнерін өлеңмен өрнектеген, өз атын алтын әріппен жазып кеткен тау тұлға. Өзінің сара жолын салып, мына біздер жас ұрпаққа өшпес мұра қалдырған. Мұзбалақ ақын 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауданында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Отбасының тұңғышы. Қазақтың байырдан келе жатқан ата салты бойынша отбасының үлкені ретінде атасы мен әжесінің қолында өскен. Өзінен кейін артынан ерген бір қарындасы мен үш інісі болған. Сұрапыл зұлмат соғыстың қарсаңында дүниеге келген ақын жастайынан өмірдің тауқыметін тартып өскен. Мұқағали небәрі 10 жаста болғанда әкесі Калинаград майданында ерлікпен көз жұмған. Отбасының үлкені ретінде еңбекке ерте араласып, балалық шақтың қызығынан ерте қол үзген.

Ерте есейген Мұқаңның бойында тума талант бар еді. Махаббат пен сүйінпеншілікті жыр ол өлең шумақтарын қағаз бетіне түсіріп жүрді. Оның алғашқы жыр шумақтары аудандық «Советтік шекара «газетінде 1949 жылы жарық көрген. 1962 жылы қазақтың жыр өнерінің алыптары шоғырланған Алматы облысына қоныс аударып, өзінің шығармашылығын сол жерде жалғастырды. Қазақтың небір ұлы тұлғарларының арасында, адасып қалмай өзінің жыр шумақтарымен өзінің оқырмандарының жүрегін жаулай білді. Қазақ поэзиясына жаңа леп, жастық жалын, жаңа толқыныс алып келді. Оның қай өлеңі болмасын терең мағынасымен, тілге ыңғайлы, жаттауға, есте сақтауға жеңіл сөздерімен ерекшеленеді. Мұқағали тек қана ақын емес, ол терең ойлы философ, аударма ісінің шебері. Өзінің көзі тірі кезінде әлемдік алып ақын-жазушылар У. Шекспирдің, Дантенің, У. Уильямның шығармаларын қазақ тіліне тәжімалап, үш кітап етіп басып шығарған. Мұқағалидің жырлары өзіндік терең мағынаға ие, философиялық ойларға толы. Мұқағалидің ақындық шеберлігі оның өзінің өмірден көрген-білгенін, көңілге түйгенін асқан әдемілікпен бейнелеп жеткізуінде. Оның өлеңдері жақсылық жасау, намыс пен рух, адалдық сарынында жазылған. Өзінің оқырмандарына өз жырлары арқылы кеңірек ойлануды, өмірге деген көзқарасын өзгертуді үйретті. Мұқағалидың жырлары тілге оңай тигенмен көптеген психологиялық және философиялық ойларды ауқымды қарастырады. Оның өлеңдері имандылыққа, өз дінін сүюге, өз Тәңірін тануға үгіттейді. Өзгенің өмірін сүреттеу арқылы адамның ішкі жан дүниесіне тереңінен еніп, адамның оптимистік рухын, әр адамның ішіндегі арман-әнін жеткізеді. Оның қаламынан туған әрбір шығарма өз оқырмандары үшін, өзінің артынан ерген ұрпағы үшін қайталанбас байлық, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, ғибраттың көзі. Адамның ар-ұятын, рухы мен намысын шыңдап, нәпсісін тежеуге көмектесетін асыл мұра.

Мұқағали өз кезінде қоғамда лайықты орын ала-алмай кеткен ақын. Бірақ адамның ұлылығын оның көзі тірісінде ол туралы халықтың не дегені емес, одан кейінгі ұрпақтың ол туралы не ойлайтыны, өзінен кейінгі қауымға не қалдырғаны танытады. Қазақта Мұқағалидай сөз шебері болғанын, сондай қайталанбас тұлға өмір сүргенін қазіргі жастар ешқашан ұмытпайды. Міне, ақынның артынан қалдырған асыл мұрасы осы емес пе!?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.04.2021
1110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі