Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын-Мақатаевқа.
Келешекке рухымен жалғанар із,
Өзіңнен өнеге алар құралай қыз.
Ізгілік ағысымен ағып келген,
Мұқағали-тарихта қалған аңыз!
Ақынмын деп барамын құзға тағы,
Мұқашқа арнап мен-дағы жыр жазамын.
Долы заман өтінде лапыл қаққан,
Поэзияның карольі,мұзбалағы.
Қашандағы бек тұлға сүйікті елге,
Жырыңменен қазағыңды ұйыт,тербе.
Бүгінгі ұрпақ тырмысып,ұмтылуда,
Мәкең салған сонау заңғар биіктерге.
Сәбиіне ана ашқандай құшағын,
Біздің қоғам әдебиетке мүсәпір.
Мен өзіңнің жырларыңа асықпын,
Дәл құстардай жылы жаққа ұшатын.
Тағдыр біраз тербетіп қыр баласын,
Тосқауыл бола алмаған қыранға шын.
Жырлары елестетер қуат беріп,
Көз жетпес Алтай таудың құзар басын.
Қатпарланған қара өлең қыз білегі,
Сендік тұлға сезілер күздің лебі.
Мәкеңнен бастау алған әдебиеттің,
Жыр жауһар,орны толмас ізгілері.
Максут Ұлданай
Түркістан облысы
Келес ауданы
48 Саңырау мектебі
11 сынып оқушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали Мақатаевқа арнау
Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын-Мақатаевқа.
Келешекке рухымен жалғанар із,
Өзіңнен өнеге алар құралай қыз.
Ізгілік ағысымен ағып келген,
Мұқағали-тарихта қалған аңыз!
Ақынмын деп барамын құзға тағы,
Мұқашқа арнап мен-дағы жыр жазамын.
Долы заман өтінде лапыл қаққан,
Поэзияның карольі,мұзбалағы.
Қашандағы бек тұлға сүйікті елге,
Жырыңменен қазағыңды ұйыт,тербе.
Бүгінгі ұрпақ тырмысып,ұмтылуда,
Мәкең салған сонау заңғар биіктерге.
Сәбиіне ана ашқандай құшағын,
Біздің қоғам әдебиетке мүсәпір.
Мен өзіңнің жырларыңа асықпын,
Дәл құстардай жылы жаққа ұшатын.
Тағдыр біраз тербетіп қыр баласын,
Тосқауыл бола алмаған қыранға шын.
Жырлары елестетер қуат беріп,
Көз жетпес Алтай таудың құзар басын.
Қатпарланған қара өлең қыз білегі,
Сендік тұлға сезілер күздің лебі.
Мәкеңнен бастау алған әдебиеттің,
Жыр жауһар,орны толмас ізгілері.
Максут Ұлданай
Түркістан облысы
Келес ауданы
48 Саңырау мектебі
11 сынып оқушысы
шағым қалдыра аласыз


