Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Мұқағали Мақатаевтың жаттауғ оңай өлеңдер жинағы
Не пайда күрсінгеннен,өкінгеннен
Не пайда
күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке
қуат бекінгеннен,
Алайда,
емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой
майданның өтінде өлген.
Құрбан ғып
жастығымды, жас ғұмырды,
Жауымнан жасыра
алмай қастығымды.
Жанымды аямаған
жауларымнан,
Ала жатар едім
ғой жастығымды.
Өкінбен,
мұңайман да, өксімеймін,
Өмірім,
осылай-ақ өтші мейлің.
Алайда,
аласапыран тіршіліктің,
Алдында күресе
алмай тек сілейдім!
Күнін керіп
жүргем жоқ жетім құлдың,
Бірақта не
бітірдім, не тындырдым.
Шөп жинаған
ініне суырдайын,
Әйтеуір
тіршілікке бетім бұрдым.
Қарасаз, қара
шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам,
оған жұртым өлімдестің.
Өлсе өлер
Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас,
алайда өлеңді ешкім!
Туған жер
сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді
оны көрмесіме.
Тағыдай тауда
өскен тарлан едім,
Таңылдым
емхананың бөлмесіне.
Кім кепілдік
береді өлмесіме!
О, дәурен,
неткен ғажап сүйікті еді!
Жайылған жасыл
маңда киіктері.
Отырған
оңашада, биіктегі,
Таңғы самал
жататын сүйіп мені.
Ойнатып
омырауда таң самалын,
Мен алғаш
шыққан күнді қарсы аламын.
Мәңгілік сол
биікте қалып қоймай,
Несіне бұл
тірлікті аңсағамын?!
Қасқа бұлақ,
қасыңнан неге кеттім?!
He деген жел
айдаған көбелекпін.
Еркіндік,
еркелікті місе тұтпай,
Тасқа әкеп
өзімді-өзім шегелеппін...
Автограф
Көрер
едің,
Шаламын ба,
отпын ба,
Білер
едің,
Ақынмын ба,
жоқпын ба?...
Кектендірген
хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін
Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер
ең,
Езбін бе, әлде
ермін бе,
Байқар
едің,
Артықпын ба,
кеммін бе?..
Мен Спартак
бола алмадым, не шара,
Сенің өзің
Цезарь болып көрдің бе?!
Сырым да -
осы,
Жырым да -
осы,
Алдыңда?
Байқашы
бір,
Бықсыдым ба,
жандым ба?
- Махаңдар
жоқ,
Махаңдардың
сарқыты -
Мұқағали
Мақатаев бар мұнда!
Бұзылған үй
Тәкаппар таулар
жатқан жан - жағында,
Барып қайт
салқын жайлау, малды
ауылға.
Бір жер бар
«Қарасаз» деп аталатын,
Көресің жолың
түсіп барғаныңда.
Көресің көк
орманын, жылғаларын,
Мөп - мөлдір
қайнап шыққан тұнбаларын.
Жылғаның
жағасында бұзылған үй,
Сен соған ей,
жолаушым, бір қарағын.
Кес - кестеп
кісі жолын торымаған,
Осында тірлік
еткен момын адам.
Қаншама
тырбанса да шаруаның
Дәулеті бір -
біріне қорымаған.
Өмірде өзін -
өзі ол құл көріпті,
(Киіпті
ауыстырмай бір бөрікті...)
Байғұстың барша
жұрты тілек тілеп,
Үйіне тұңғышы
боп ұл келіпті.
Той жасап,
торқа төсеп шабылмаған,
(Демек, тойдың
жабдығы табылмаған.)
Өмір дейтін
өзгермес мекеменің
Алдында әжем
мені қабылдаған.
Кейін әкем ел -
жұртын басқарыпты,
(Қашанғы жарғақ
бөркі тасталыпты.)
... Жағасында
жылғаның бұзылған там,
Ғұмырым осы
жерден басталыпты.
Қайран Қарасазым-ай!
Тамаша еді жазғы
орман
Құстар
сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде,
суларда,
Үйрек
ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға
ма,
Шоршып
судан ақ шабақ?!
Таз тырна
отыр жағада,
Сыңар
аяқ, ақ қабақ.
Елік
ертіп лағын,
Еңкейеді
суатқа.
Елендетіп
құлағын,
Тыншымайды
бірақта.
Көкқұтандар
көлбеңдеп,
Көтерле
алмайды.
Жалғыз-жалғыз
ербеңдеп,
Көк
қояндар заулайды.
Мұздай
суын атқылап,
Ақ
бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ
шапқылап,
Оқыранып,
ойнаған.
...Тамаша
еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз
болғам,
Қайран
Қарасазым-ай!
Үйрек
ұшып, қаз қонған!
Қарасаз
Мен
бақыттымын,
Бақытты жерде
туылдым.
Айналайын
Қарасаз,
Қасиетінен
суының!
Сенің әрбір
бұлағың -
Менің әрбір қан
тамырым емес пе?
Қасиетті
тұрағым,
Қасиетінен
суыңның!
Көктемде үйрек
ұшып, қаз қонып,
Қараушы едім
тырналарға мәз болып.
Жыр қыстап
туылмас ем, сірә, мен,
Жаралмасаң өзің
Қарасаз болып.
Сонау жатқан
жасыл тауды көлденең
Алғаш рет ес
білгенде көрген ем.
- Асқар таудың
ар жағында ел бар,- деп
Әжем айтса, әй,
сәбилік, сенбегем.
Қарасазым!
Айтылмаған
сезім ең,
Мен іздеген
бақыттың сен өзі ме ең?
Сенің ғажап
табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса,
өзі көрсін көзімен...
Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған
күнім.
Ой, бәле -
ай!
Мына адамдар
неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап
берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір
жарытпай - ақ қойғаны - ай.
Мына дүние неге
жатыр үндемей?!
Алаулатып
тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ - құшақ
гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау -
шапан,
Мынау - атың,
мін»,- демей.
Мына жұртқа
жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір
сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің
қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім
өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп
қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға
бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір,
өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең
- дағы ұлыңды.
... Тойланбаса
тойланбасын,
He
етейін.
Той көрмей -
ақ, сый көрмей - ақ өтейін.
Қаламымды берші
маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз
жазып кетейін...
Апырмай туған
жер-ай!
Апырмай,
Туған
жер-ай!
Теңдесер
кім,
Бұл жерге сен
болмасан, келмес едім.
Кіндігімді
байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң,
бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен
қарайды адамдарың,
Жақын тартар
құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың
есігін ашып қалып,
Айлам құрып,
қайыра жаба алмадым...
Кел демеді,
немесе кет демеді,
Несін маған,
білмеймін, өкпеледі?!
Сені сүйген
жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген
біреулер жек көреді.
Туған
елім,
Көрмесем
сағынамын,
Кетсем ізім
өзіңнен табылады.
Жасыра алмай,
ініңнің отауынан,
Ыстық маған
атаның шаңырағы.
Ей,өмір!
Дүниенің ағын
да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің,
қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң
жоқ таласуға,
Ей, өмірім,
зымырап барасың ба?
Жер мен көктің
желпініп арасында,
Желігесің,
түсесің қара суға.
Құйын қуған
қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім,
зымырап барасың ба?
Мен отырмын
теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ
оған, аласым да.
Мені тастап,
толқындар, ағасың ба?
Толқынданып,
өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып
ізінен құйындаған,
Барасың ба,
өмірім, қиындаған?
Сыйын
маған,
Ей, өмір, сыйын
маған,
Сыйыңды алам
мен сенің бұйырмаған
Начало формы
Конец формы
Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын
оятпаса, болмайды,
Ақынды ақын
таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды ақын
сүйемесе, болмайды,
Ақынды ақын
күйелесе, ол - қайғы.
Ақынға ақын
басынан-ақ жуық-ты,
Барлық ақын бір
анадан туыпты.
Ақынға ақын
адал болсын әмәнда,
Ақынға ақын
арам болса, жаман да...
Ақынға ақын,
ете көрме пенделік!
Ақын, ақын!
Пенделікті жөнделік!
Емханада
Өкінішті...
Мына құрғыр
сырқаттың беті күшті.
Жүрегім
көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып
кеудемде бекіністі.
Өкінішті...
О,
Жүрек!
Менің алтын
қазығым-ау!
Қайтейін,
қажыдың-ау.
...Қытықтаған
бауырдың «назы» мынау.
Қажыдың-ау,
байғұсым, қажыдың-ау!
He
істемекпін?
Жаным-ай, саған
шипа істемек кім?!
Жаралғанда
бүтін ем, үш бөлекпін:
Жүрегім -
Африка, бауырым - Кипр,
Миым - Мұзды
мұхиттай...
He
істемекпін?..
Мен-дағы өлең жазбаймын
Мен-дағы өлең
жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін,
немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам
жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы
жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін
белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел
мейлі тыңдамасын.
Өтсем болды
арқалап адамдардың
Қуанышын,
шаттығын, мұң-наласын.
Қуат алып
Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын
Абайдың үлгісімен.
Абай болып
табынсам бір кісіге,
Абай болып
түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін -
құлқынды жемдеу үшін.
Мен-дағы өлең
жазбаймын ермек үшін.
«Жаздым үлгі
жастарға бермек үшін»
Абай жаққан бір
сәуле сөнбеу үшін
Туған жерге
Таныс
өлке,
Таныс
аймақ,
Таныс
маң:
Анау жерде -
құрбылармен алысқам,
Анау жерде -
құрбы жанмен табысқам.
Алба-жұлба ақша
бұлттар жарысқан,
Таулар әне,
ұйықтап кеткен данышпан,
Жолдар анау,
шұбатылып шаңы ұшқан,
Таныс өлке,
таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің
төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен
араласып, аулаққа,
Сағым болып
бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды
шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ
шилердің сыбыры,
Бәрі таныс -
кісінеген құлыны
Ін аузында
шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ
мекен!
Қандай қазақ
іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке
тәтті екен ғой,
Тәтті
екен!
Менің анкетам
— Туған
жерің?
— Ұланымын,
Қарасаз деп аталатын
ауылдың.
— Туған
жылың?
— 1931.
Құрдасымын Шәмілдің.
— Жынысың
кім?
— Еркекпін ғой,
еркекпін!Және-дағы
тәуірмін...
— Партияда
барсын, ба?
—
Жоқпын.
Бірақ,
коммунистік көзқараспен
қараймын.
— Шыққан
тегің?
—
Шаруамын.
Бар тірліктен
бағалы оны санаймын.
— Білімің
ше?
— Орташа
ғой.
Алайда өзім
жоғарыға балаймын.
— Ана
тілің?
—
Қазақша.
Қысылғанда
орысша да, немісше де, тағы
бар.
— Қайда
істедің?
— Мынау «Еңбек
кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған,
дипломсыз демесең,
Бір басымнан
бар мамандық табылар.
— Міндеттісің
бе әскерге?
—
Міндеттімін.
Біздің әлі жас
кеуде.
Жауынгердің
ұлымын ғой,
Жанын қиған
Мәскеуге.
— Сөгіс алып
көрдің бе?
— Ол жағынан
періште едім дей алмаймын
Мен
мүлде.
Ойлы-қырлы бүл
өмірде болады ғой мүлт
кету,
Ол өзі бір
еншісі ғой ездің әрі ердің
де...
— Шетелдерде
болдың ба?
— Болғамын
жоқ.
Олар маған
тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды,
өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған
орнымда-ақ.
—
Мекен-жәйің?
— Мекен-жәйім -
жер менің.
Жерде жүрген
ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз,
уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді
жырлау үшін келгемін!
Пай, пай, Өмір!
Пай, пай,
Өмір!
Өтесің-ау бір
күні.
Тиясың-ау
қуанышты күлкіні.
Өмір деген –
бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген –
көк аспанның күркірі.
Пай, пай,
Өмір,
Өтесің-ау бір
күні!
Болмағандай,
жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй,
кетеміз… пендеміз.
Ұрпақтарға
береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген –
бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін –
ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп
қаталаған кезіңде
Сусыныңды
қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де,
мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден,
бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін –
тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін –
өлемін деп қарамау.
Ғашықпын!
Ғашықпын!
Шын ғашықпын
сол адамға!
Мен болмасам,
болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім!
Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен
бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны
жасыра алам,
Бір алтын оның
әр тал шашы маған.
Сағынайын,
таусыла сағынайын,
Сағынышқа
жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым
жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым
менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар
ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені
іздеумен өткенім бе?
Сарғайған
сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар
сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да
мен бүл өмірден,
Мәңгілік
қалармын мен ғашық болып
Қайран бауыр
-
Мұқаш-ай!
Қарасазды
сағындым-ау!
Сағындым-ау, суымды, тауымды да!
-
...Қайран
дос, барғанымда осылай
деп,
Өрт кетіп
өзегіне тарындың-ау!
Көңіліңнен көтеріліп
ойран-дауыл,
Кемеңді
бұрып еді қайраңға
бір...
Сағынған
сазын, әне, тауың,
әне,
Жатырсың
өзің, міне, қайран
бауыр!
Үйірінен
адасқан тентек едің,
Тентегім-ай, үзілді ерте
демің.
...Қарасазың мінеки,
әлдейлеуде,
Әлсін-әлі
жаңартып көрпелерін
Әке
Әке, сенің
жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі
келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі
келгенде жасып қалам,
Мына өмірге,
бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан
емеспін қуаныштан,
Қуаныштар
алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан
өмірден өткенімен,
Өмір сүріп
келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке,
отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік
жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел
менен ер намысын,
Тірі тұрса,
қолынан бермейтұғын.
Үш бақытым
Ең бірінші
бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа,
Алатауға!!!
Отан туралы
Мен оның түнін
сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен,
асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның
қасиетті тілін сүйем,
Мен оның
құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін
сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған:
«Отан!» деп сыбырлаған
Жаным
менің,
Кеудемді жарып
шық та,
Бозторғайы бол
оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік
екен.
Мен оны
мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің
де күйік екен,
Отанды сүйгенің
де күйік екен...
Отан
Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға — сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз —
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан — мекенің!
Шеше, сен бақыттысың!
Шеше,
Сен
бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп
жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен
едім ғой сұрағаның,
Сондықтан
жыламағын, жыламағын!
Бармын
ғой,
Тірімін
ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен
өзіңдей асылданмын!
Таусылып,
өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы
берекеңді қашырмағын!
Мен сенің
қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот
басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам
саған бірін арнап,
«Шеше» деп
жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше
көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам
сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың,
тербете бер,
Құба талдаи
иілген бесігімді...
Әй,
табиғат!
Шеберсің-ау,
шеберсің.
Көрмегенді
көрсетерсің, берерсің.
Ұлан-ғайыр
байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген
адамдарға не дерсің?!
Айың анау, Күнің мынау, Жер
міне,
Ау,
адамдар!
Жетпей жатыр
енді не?!
Табиғатқа
таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол
сені, мені, елді де.
Өз - өзіңді жақсы
көр...
Мейлі біреу
сені дұшпан санасын,
Мейлі біреу
жаман көзбен қарасын.
Сен оларға
жақсы көзбен қарай caл,
Сонда олардан
жоғарылау боласың.
Бұл өмірде неше
түрлі адам бар,
Сен туралы
білмей жатып жамандар.
Мына сені жек
көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре
алмайтын адамдар.
Сол үшінде өз -
өзіңді жақсы көр!
Алдарыңнан
шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды
жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің
сондай жақсы бол.
Мейірім мен
шуақ шашып маңайға,
Көмегіңді
көрсете біл талайға.
Мың арманнан
аттап өту керексің,
Бір арманға
жету үшін қалай да.
Алдарыңнан
шықса дағы қандай сын?
Қыран болсаң
сыннан биік самғайсың.
Кешіре сал,
біреу сені ренжітсе,
Кешіргеннен
кішірейіп қалмайсың.
Тірлігіңе қарап
тұрып таңдана,
Тіліндегі уын
шашар сонда да.
Мына сені
өсектейді отырып,
Қолдарынан түк
келмейтін жан ғана.
Елің үшін
төгілсе егер ашщы тер,
Жақсы адамдар
еңбегіңді жақсы дер.
Сені жақсы
көрсін десең барлығы,
Ең бірінші өз -
өзіңді жақсы көр!
Қазынам бар
Қазынам
бар.
Біреуге берсем
бе екен?!
Өкпелейді-ау
бермесем,
Берсем,
бөтен.
Бар байлықты
қойныма тығып алып,
Әлде мына
қүмдардай өлсем бе екен!?
Қазынам
бар,
Біреуге қисам
ба екен!?
Ренжиді-ау
қимасам,
Қисам,
бөтен.
Әлде мына
даладай бар байлықты
Бір өзім
иемденіп, жисам ба екен!?
Қазынам
бар.
Тәуекел, сатсам
ба екен?!
Өзіңдікін
өзгеге сатсаң, бөтен.
Әлде мына
таулардай бүркеніп ап,
Бүк түсіп,
теріс қарап жатсам ба екен?
Қазынам
бар.
Қисапсыз
шектеледі.
Қызғанады
біреулер, жек көреді.
Бермеймін де,
сатпаймын, көрсетпеймін!
Алам
десең,
Алдымен зертте
мені...
Қара өлең
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...
Нені аңсаймын
Нені
аңсаймын?..
Туған өлке,
туған жұрт, сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын,
білмеймін, неге аңсаймын
Ұл де, мейлің,
адасқан құл де, мейлің,
Сені аңсаймын,
туған ел, онан сайын!
Қуат берген
дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды
аңсаймын бұзылмаған.
Гүлін сүйем,
шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем
масаңның ызыңдаған.
Шыда, шыда
Шыда,
шыда
Шыдай түс, шыда
тағы
Шыдамдыны мына
өмір ұнатады
Үміттің Кұлан
иек қула таңы,
Әйтеуір бір
атады, бір атады...
Өкінбе,
өкпелеме, бүгініңе,
Өмір,
өмір!
Болмайды
түңілуге,
Мәңгі сені
жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып,
қақың бар жүгіруге
Түсінемін
жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой,
шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың
тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас
ұрып, табынбағын.
Шыда,
шыда!
Шыдай түс, тағы
шыда!
Тау құлатқан
тасқынның ағысына,
Кір жуытпай,
кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға
болады, алысуға...
Қиын не бар?..
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен,
Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,
Жылдарымды еске аламын бүлінген.
Дос болам десең...
Дос болам
десең, досыңды сыйла,
қымбаттым!
Досыңа сен,
досыммен ғана қымбатсын.
Дос болам
десең, мендегі доспен
достасқын,
Сендегі доспен
дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп
па?
Апырау, неткен
жақсы едің!
Досым аз
менің...
Досым ау менің,
тапшы емін!
Достарыңменен
достастыр мені,
Болайын нақ
құлың !
Достыққа
жүрмін,
Достыққа жүрмін
құмартып!
Өлгелі жүрмін,
өзіме өзім мін артып...
Жауыздың барып
жанына уәзір болғанша,
Достардың барып
ауласында өлген мың артық
Досым, саған
сенемін - сеніп өтем,
Жолы бөтен
демеймін, жөні бөтен.
Дос деген
адамның көркі екен,
Дос деген
ақылды серік екен.
Не дейін,
досым, жүргенде достарың сыйлай
жүрсін,
Әрқашан құшағын
жыймай жүрсін.
Ел сыйлаған
екінің бірі болшы,
Ата-анаң бұл
дүниеге сыймай жүрсін
Наурыз айы туғанда
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.
Қазақ жері
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар
дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар
дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар
бір-бірін өпкен жер,
Сарылып
сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп
топырағын,
Тағзым жасамай
өтпеңдер!
Мына өлке, мына
аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін
тұрғанға,
Құлшылық етемін
құмдарға,
Тағзым жасаймын
қырларға!
Шүкірлік етемін
қашан да
Осы бір Отанда
тұрғанға!
Бесік басында
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!
Хан тәңірі
Шыңның мен
танымаймын аласасын,
Төбе де
аласамен таласасың.
Тянь-Шаньның
шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан
тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен
ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп
шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп
тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан
тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет
болса, бөлшегіндей
(Алдында
құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу
тұрған Хан тәңірі -
Шапшыған
Тянь-Шаньның емшегіндей.
Күн де оның
баурайында дөңгелеген,
Буалдыр, бозғыл
шәйі перделеген.
Бойында
Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш
бар жерге деген.
Тік тұр
ол.Қырын қарап сай-салаға,
Күн көркі, Көк
- мекені, Ай - шағала.
Қалғымай қанша
жылды өткерді екен
Тәкаппар
Тянь-Шаньдағы қайсар аға?
Таудың мен
ұнатпаймын тапалдығын,
Тапалдан
талайлар-ақ татар жұғын.
Сүйем мен
табиғаттың ұлылығын,
Сүйем мен
табиғаттың қаталдығын!

