400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың туылған күн кеші "Хантәңірінің мұзбалағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барша мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Хантәңірінің мұзбалағы



«Поэзия – мен үшін жанымның шырылы» - деп Мұқағали атамыз тегін айтпаса керек. ХХІ ғасыр алыбының шығармашылығын білмейтін жан жоқ шығар. Мектебіміздің шәкірттері де осыны дәлелдеп, ақынның туған күніне жүректен шыққан жыр шумақтарын арнады. «Б.Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Хантәңірінің мұзбалағы» тақырыбында өткен әдеби кеште ақынның өлеңдерін, өздерінің шығарған арнау өлеңдерін оқып, сахналық қойылым көрсетілді. Бұл кеште мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, ақын - Нұрақов Сәбиттің мектеп оқушыларынан ұйымдастырылған «Ақындар мектебі» Мұқағали атамыздың жырларынан үзінділер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп жанынан ұйымдастырылған «Ғасыр үні» оркестрі және оркестр жетекшісі Иманқұлов Бекнұр Қапасұлы өнерпаздарымен халық күйлерін орындап, көрермен қауымға тербетілген киелі домбыра үнімен рухани азық силады. Ақынның жыр кешіне ауыл ақсақалдары мен әжелер алқасы мүшелері және ата-аналар қатысып, оқушылар бойындағы ақынға деген сүйіспеншілік пен құрметті тамашалады. Ақынның өз дауысында оқылған өлеңдерін тыңдап, әсем әндері шырқалды. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер діңгегіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

«Б.Қосынов атындағы мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»

КММ –нің директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Умбетаева Зульфия Кимебаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі