№8 П.Д.осипенко атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдулмуталапқызы Жадыра
Мұқағали мұрасы – халық қазынасы
Мұқағали Мақатаев – тілінен бал да тамызған, у да ағызған қасиетті де қасіретті қазақ халқының өз заманындағы заңғар ақындардың бірі. Ол – көкірек көзімен көргенінің, өмірден өргенінің бәрін дерлік, зерделеп, зерттей жүріп түсініп-түйсінгендерін түгел дерлік, жасырып, жаппай атжалын тартып мінген арайлы ойларын жолынан қақпай, жұртының жанкешті жадында жаңғыртып, саналарына сәуледей сіңіре алған санаулы сөз зергерлерінің, жасампаз жыр жампоздарының бірегейі.
Өзінің бірде жанартау болып бұлқынып, тасты жарып, тау қопарардай толағай тасқынды, енді бірде көңіл көкжиегіндегі көлеңкеден ақ жаңбырдай арылтып, жүдеу жүректің қайдағы бір қалтарыстағы қамығыңқы қылын шертер жандауа жырларымен; сезімнің сазын селдетіп, құлан жортқан жапандарға жетелер парасатты да пайымды прозасымен; өртке тиген дауылдай дүлей де емес, сағындырған бауырдай биязы да емес – байсалды әрі дара драмасымен; тәрбиелі һәм тәлімді, сындарлы және сәтті сын саласындағы ой-пікір, мақалаларымен қалың қауымын қашан да қанаттандырып та, талаптандырып та кәусар бұлағынан мәңгілік сусындата берері тағы даусыз.
Сондықтан да оның атына қосарлана айтылатын анықтауыштардың қай-қайсысы да шындықпен шендесіп, дұрыстығымен дендесіп, адастырмайды. Содан да өлмейтін де өшпейтін мәңгілік мұра қалдырған Мұқағалиды ұлы десең - ұласып, бірегей десең – бітісіп, ақиық десең – астасып, ақынды ардақтаған күйі табиғи жарасып, біте қайнасып кете береді. Ендеше, пенде деуге қимастай, осынау дара тұлғаның туындылары туралы талдауды бір дәннің қауызына сыйғызғандай етіп, бір әңгіменің аясымен аяқтау да қисынға қиянат жасағанмен барабар болар еді.
М.Мақатаев елдің, жердің, ұлттың, халықтың һәм адамгершіліктің арлы ақиқатын айтамын, шындық үшін шырылдаймын деп, турасынан тартқан күйі туғанына да жақпаған тұстары көп. Тек, ол қарға тамырлы қазақтың жыртысын жыртты. Өзіне дегендегі өгей өмір – соның айқын айғағы. Ендеше еркебұлан ерімізді ардақтау – абыройлы парызымыз.
...Иә, қырық бес жыл – қысқа ғұмыр. Орта адамзаттық жаспен жарыстырғанда да келте кесілген аз өмір. Алайда Мұқағалидай мұратты ақынның сол саяқ сәтке болса да мына жалған дүниеге келіп кеткені үшін ғана шүкіршілік етіп, Ұлы Жаратушы иемізге сан мың мәрте мадақ айтуымыз керек!
Қуаныш пен қайғыдай тартысқан, от пен судай шарпысқан қарамақайшылықтардың құймасындай, алапат жұттан аман қалған жалғыз жетім баспақтың бұйдасындай күрмеуге келмейтін қысқа да қастерлі тағдырына; жесірдің сырласы мен жесірдің мұңдасындай, текті тарихтың тұңғиықтан шымырлап шыққан тұнбасындай мол мұрасына тағзым етуіміз керек! Мұқағали – өлең өлкесіндегі өз сүрлеуін дара даңғылға айналдыра алған санаулы ақындардың бірі. Сондықтан да оның әр жыры, жырында жымдасқан әр сыры тірі жанды тебірентіп, жабыққан жанарын құрғатып, күрсінгеннің еңсесін көтереді, сөйтіп көңілге – қуаныш, өмірге – жұбаныш сыйлайды. Тіпті, кез келген жыр жолдарындағы жасампаз ойға ортақтасып, өрімі өздерін баурап алып кеткенін аңғармай да қалатыны сондықтан қалың оқырман қауымның.
Алайда ақынның азапты жанын, алақұйын сезімін түсініп, айтып кеткен ақтық аңсарының астарын ұғу үшін оның байыз таппаған болмысының жапсарын парасаттылықпен пайымдаған жөн. Ал, ол тебіреністерді түйсіну үшін Мұқағалидың бойындағы буырқанысты, жүрегінің қылын шерткен сиқыр сезімді, жігерін жаныған сан соқпақты сергелдеңмен санасына түскен салмақты байыпты бағамдап, өз өреңінен өткізуге тырысып бағу керек.
М.Мақатаев - қолпаштың құлы емес, ұлтының ұлы болған арыс! Оның жыр жауһарлары ұлттық поэзиядағы ұлы құбылыс. Сондықтан да Мұқағали ұлы ақын деңгейіне көтеріле алды. Бір сөзбен айтқанда, қазақ дейтін халық барда – Мұқағали жырлары да жасай бермек; ал жұлдызы жанған жыр барда – ол жайында өз ойын ортаға салып, Мұқағалитану ілімін ілгері асыратындар да табылатыны сөзсіз. Ендеше, еңсесі биік ерліктің ұранындай, іргесі сөгілмес бірліктің жыр-әніндей; қастерлі қара өлеңнің байрағындай, асқақ арман-аңсардың айғағындай бола берер мұратты мұра қазақтың қалың жұртын болашаққа бастай беретіні күмән келтірмесе керек.
Иә, Мұқағали Мақатаев – қазақтың қызыл тіл өнеріндегі тек өзіндік өрнегі бар ғана ақын емес, ол сонымен бірге тілге тиек етуге лайықты теңдессіз құбылыс та. Себебі, оны ақынның жасын да жақұт жырларының жоғары деңгейде ғана айқындап отырған жоқ. Өйткені, ол шұрайлы шығармалар өзінің өміршеңдігімен, шынайылығымен, игі ізгілігімен әр жүрекке жол тауып, қандай көңілдің де қылын дөп баса білуі арқылы өз-өзін өскелең өріне көтеріп әкеткен. М.Мақатаев белгілі бір үрдісті берік ұстанған ұлы ақын ретінде тағдыры тәлейіне жазған жасампаздық пен бәсірелеп берген мүмкіндіктерді молынан пайдалана алды. Сондықтан да өзіндік бірегей ерекшеліктер тән дара тұлға ретінде даярланып қойылған идеологиялық тапсырыстар шеңберін тайсалмастан бұзып шыға білді. Содан да ол әдебиет атты әлемге, қасиетті жыр жаһанына үміті үзілмейтін айрықша үнімен енді. Сөйтіп, алғашқы ырғағынанақ ұлттың ұлы мұраты, қалың жұртың қастерлі құндылықтарын құлшына қошаметтеуімен де оның шынайы шығармалары сара әдеби құбылысқа айналды. Сонысымен де сарқылмас күш-қуатын әлсіретпеген күйі жалпақ жұрттың жүрегіне жол тартты және күні бүгінге дейін сол биігінде қалып отыр. Әрі солай бола беретіндігі де сөзсіз.
Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірімен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.
Ақынжанды халқымыздың аты бәйгенің алдын бермеуі үшін де Мұқағали мұрасы бізге қашанда қажет! Соған өресі жететін өркен және керек. Үкілі үмітіміз бен жеткен жетістігіміз тең түсе бергей!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқағали мұрасы – халық қазынасы (эссе)

шағым қалдыра аласыз