Материалдар / Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Мұқағали Мақатаевтың қысқаша өмірбаяны мен шығармашылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2022
217
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев


Аскербекова Жанерке Кенжебековна


ШҚО, Семей қаласы, «М.Әуезоватындағы педагогикалық колледжі»КМҚК



Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Алжан руынан шыққан.Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ұлы Отан соғысына аттанған әкесі Сүлеймен  1941 жылы Калининград майданында қаза табады. Мұқағали  өзінің үш інісімен бірге анасы Нағиман  мен әжесі Тиынның тәрбиесін көріп өседі. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен қатар өткендіктен, ол тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Кейіннен ақын өзінің бұл кезеңі жайлы «Адам  өмірінің бақыты -- балалық шағы. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені...», -- деп жазады (Күнделік, 9 сәуір 1973 жыл).


1948 жылы аудан орталығындағы мектеп-интернатты ойдағыдай бітіріп шығады. Сөйтіп  Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің (Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің) филология факультетіне оқуға  түседі. Өкінішке орай аталмыш жоғары оқу орнын және кейіннен Шет тілдер институтын да тәмамдай алмайды. Қарасазға қайта оралып, ауылдық кеңестің хатшысы, бастауыш мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі, сегізжылдық мектепте мұғалім, аудандық газетте әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Шалкөде ауылында қызыл отау меңгерушісі, комсомол қызметкері болып істейді. Алматы мен ауылдың арасын жалғап,  Қазақ радиосында дикторлықтың дәмін де татып көреді. «Қырман басында», «Қойшы бала -- Әкітай» атты тырнақалды  өлеңдері сол кезеңде аудандық «Советтік шекара» («Хантәңірі») газетінде жарияланады. Елуінші жылдардың басында  «Інімнің ойы», «Шебер» деп аталатын өлеңдері «Жастық жыры» ұжымдық жинағына енеді. 1954 жылы бір топ өлеңдері «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында жариияланған. Мұқағали Мақатаевтың талантын алғаш бағалаған ақын Әбділда Тәжібаев болатын. Ол 1960 жылы 18 наурызда «Қазақ әдебиеті» газетінде ақ тілекке толы алғысөз жазып, ақынның бір шоғыр   өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынған. Сонда  «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде мақтанбасқа бола ма?!» -- деп айрықша тамсанған  екен. Алматыға түпкілікті көшіп келгеннен кейін «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан», 1962-1963 жылдар) газеті мен  «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат», 1963-1965) және «Жұлдыз» (1965-1972)  журналдарында әдеби қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) поэзия секциясының әдеби кеңесшісі  қызметін атқарады. 39 жасында  Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған.  Мәскеудегі Максим  Горький (Алексей Максимович Пешков) атындағы Бүкілодақтық әдебиет институтында оқығанымен,  оны  да аяқтай алмайды.  Бұл жайлы ақын өзінің күнделіктерінде былай деп жазады: «Сонымен, қош бол Мәскеу... Шын уайым, шын қайғы осылай болады екен-ау» (15 қараша 1973 жыл). «... Үйреніп қалған ұямдай Мәскеуді барам қия алмай. Миллиондардың ішіне Бір басым менің сыя алмай. Еңсемді бір сәт жия алмай, Не бетімді айттым, Алматым, Не деймін саған ұялмай?.. Таңғы шақ, Аяз сорып тұр. Соғып тұр боран, Соғып тұр. Ақ құсым,  мені аман-сау, Алматымменен жолықтыр» (18 қараша 1973 жыл). «Жұмыссыз жүргеніме Жаңа жылда бір жыл толады. Қайтіп, қалай жан бағып жүргеніме таңданамын» (7 желтоқсан 1973 жыл). «Үнемі Мәскеуде тұрып, сонда тірлік еткендей Мәскеу неге  ой-түсімнен шықпайды?! Алматыға, адамдарға деген  біртүрлі жатырқау бар. Как ни говори, Москва -- есть Москва, там  все попроще. Так можно  кое-кому научиться и можно добиться кое- чего.  Бастан өткен аяулы бір дәурен сияқты. Бір нәрседен  арманда қалған,  сол жерде бір асылымды ұмыт  қалдырғандаймын. Өмір болса тұра тұрсын, досты сол халықтың арасынан іздеу керек екен» (18 желтоқсан  1973 жыл). Ең бірінші бақытым  -- Халқым менің, Соған берем  ойымның алтын кенін... -- деп тебіренген ақынның «Ақ қайың әні», «Ару-Ана», «Аққулар ұйықтағанда», «Чили -- шуағым менің», «Шекарада», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Алтай-Атырау», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Жер үстінен репортаж», «Моцарт. Жан азасы», тағы басқа поэма-толғаулары бар.


Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.


Нағыз талант өз кезеңінің іске асуына айналдырса

шығармашылығының іргетасын қалап, адамдарға әсер қалдырса, ол мәңгі өмір сүреді.Халықтың сенімін ақтау үшін сирек амандық,

қасыңды көтер, қалағаныңды әнде, жарқырат

болашақтың жарқын нұры. Мұны ақынның поэзиясынан да байқауға болады

Мұқағали.Мұқағали өлеңдері дәлел

көтерілу

ұлттық поэзияны жаңа деңгейге көтеру, жаппай еуроцентризм дәуірінде ақиқат

қазақ қарасының сапасы

поэзия. Ол тұрып қалды

қазақ поэзиясының ұлттық бояуы мен рухын түрлендіріп, байытып, сол арқылы қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты.Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды.

Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады.


М. Мақатаев адаммен бірге табиғаттан да келісім мен жарасым іздеген ақын. Оның лирикасындағы табиғат жай сурет, көрініс ғана емес, жанды, сезімтал. Сол үшін Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мергеннің оғына іліккен аққу мен киікке жаны ашиды.Кейіпкерлерді өз қиялындағы таза табиғат құшағына, ата кәсіп басына жетектеген – жеңіл - жеңсік, әуесқой желік емес, ішкі жан драмасын ашуға құрылған. Шынайы торығыс, жанға жақын, көңілге қонымды суреттерді еске алудан туған шын серпіліс, тебіреніс көкірегіндегі өзгеше бір шапағатты сәулені оятардай әсер береді.

Ақын туған жер табиғатын шабыттана, құштарлықпен өлеңге енгізеді.


Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:


«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —

деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан...

... Сені іздедім.

Ӏздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»


Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.


Сонымен, қортындылай келсек, қазақтың нағыз ұлттық нұсқасын Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан көреміз.Мақатаев өлеңдерінде қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы жаңғыртылатынын көреміз. сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін білдіреді.Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің ішінен реалистік өмір шындығына ой жүгіртеміз, көркемдік өрнегін танимыз. эксклюзивті бейнелі үлгідегі сөздер. Ол халықтың болмысын көркем демалуға қатысты, демек адам, оның жан дүниесі, оның сезімі, яғни адам өмірінің асқақ шындығы ақын әрбір қаһарманды өзінің жеке қалпында тұрғандай сауатты бейнелейді.Расында да, оның кейіпкерлері шыншыл, оқырманды бірден баурап алады.Сондықтан да сөз өнерінің бірегей мұнарасы ретінде Мұқағали мұрасы келешекке елеулі қазына болып қала береді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!