Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұражайға саяхат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары |
|
Сабақ тақырыбы |
Мұражайға саяхат |
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Мұражай туралы толық мағлұмат беру және тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау |
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: берілген деректерден қажетті ақпараттарды іріктеп алып, сұрақтарға жауап береді. Көпшілігі: деректерді салыстыра талдап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, тақырып бойынша қорытынды жасайды Кейбірі: мұражайдағы дерек көзін қолданып, бірнеше аспектіде қарастырып, өзіндік пайым жасайды. |
Бағалау критерийлері |
Мұражай, этнография, археология, кесене ұғымдарын түсіндіреді; Мұражайдың дереккөз ретіндегі маңыздылығын анықтайды; Тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар, кесенелерді біледі; Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап өз ойын айтады; Еңбектерді тарихи дерек ретінде талдайды. |
||
Тілдік мақсаттар |
Қажетті терминдер мен сөз тіркестері: Мұражай, сәулет өнері, батыр, жырау, тарихи шығарма, жылнама сөздерін қолданып сипаттайды. |
||
Құндылықтарды дарыту
|
- патриотизм - батылдылық - көшбасшылық - төзімділік |
||
Пәнаралықбайланыстар |
тарих, әдебиет. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта) |
||
Бастапқы білім |
Мұражайды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысып, өлкеміздің тарихын біледі |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 3 минут 7 минут 15 минут 5 минут |
Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Дөңгеленіп тұрайық. Шеңберді біз құрайық Кереге болып керіліп, Уықтар болып иіліп Шаңыраққа киіліп Киіз үй біз құрайық Топқа бөлемін : «Мұражайға билеттер арқылы»топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 бөлініп отрады: 1.Этнорафиялық 2. Тарихи ескерткіштер3.Археологиялық Миға шабуыл
2) Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру. 1. "Мұражай" бізге қандай тарихи мәлімет береді? 2. Мұражайдың атқаратын ролі? 3. Мұражай экспонаттары? 4. Мұражай залдары? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беремін. Слайд арқылы түсінік беріп өтемін. Мұражай - туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Тарихы мен дамуы Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада</ тарихи мұражайлар 16 - 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды.Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі мұражайы. Ол – Қазақстандағы көне музейлердің бірі. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары Е.П.Михаэлис, М.И.Долгополов, П.Д.Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Әр уақытта музейдің қалыптасып, дамуына ұлы Абай және оның талантты шәкірті, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтер қолдау көрсеткен. Музей құрылғалы 8 рет қоныс аударған көрінеді. 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін музей генерал губернатор үйінің ғимаратында жұмыс жасап келеді. Генерал-губернатор Проценконың бұйрығымен салынған сәулетшісі белгісіз ғимарат 1856 жылғы тарих және сәулет ескерткішіне жатады. Музей қорында саяси жер аударылғандар мен жергілікті зиялылардың жеке коллекциялары және 34 мың сирек кездесетін басылымы бар ғылыми кітапхана бар. Қазіргі күні музей қорында 108 мыңнан артық жәдігер сақтаулы екен. Музейдің жаңартылған алты залында жеке-жеке «Палеонтология және геология», «Туған өлкенің табиғаты», «Археология және этнография», «Қала және өлкенің тарихы», «Алаш қозғалысы және Алаш қаласы туралы», «Семей ядролық полигоны», «Семей тәуелсіздік жылдарында» атты бөлімдерде орналасқан “Галерея аралау” әдiсi –өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға арналған стратегия. Галереяда ой шарлау әдісі арқылы постер қорғайды 1 топ.Зерттеу сұрақтары: Этнография дегеніміз не? Мұражайдағы этнорафиялық жәдігерлердің маңыздылығы. 2 топ. Зерттеу сұрағы: Археология дегеніміз не? Мұражайдағы археологиялық жәдігерлердің құндылығы неде? 3 топ. Зерттеу сұрағы: Кесене дегеніміз не? Өңіріміздегі кесенелердің тарихи дереккөзі ретінде құндылығы? Әр топ берілген критерий бойынша деректерді талдау жұмысын жүргізеді: Постер жасау арқылы .Шағын презентация 1топ Критерий:
2- топ Критерий:
3- топ Критерий:
4 тапсырма «Шеңбердегі доп» әдісі Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады |
1-топ: «Этнографиялық» залы 2-топ: «Археологиялық» залы 3-топ: «Ескерткіштер» залы Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Ұжымдық. Авт. Таймас баспа үйі, 2007 Қазақстың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары. Коллективн. Авт. – А: Атамұра, 2010 Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап, 2010 Қазақстан музейлері. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап баспасы, 2009 А – 3 форматындағы қағаздар, флипчарт, фломастер, түрлі бояулар, түрлі түсті қағаздар |
|
Сабақтың соңы 3 минут 2 минут |
(Б) Қорытынды кезеңі. Бағалау критерийлеріне оралып, тапсырманың қаншалықты дұрыс орындалғандығын талқылау. Мұғалім және оқушылар тарапынан сабақ мақсаттарының орындалуы туралы пікір алмасу. |
Стикер |