Мұрат Әуезов тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұрат Әуезов тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұрат Әуезов тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұрат Әуезов тәрбие сағаты

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Мұрат Әуезов туғанына

Мақсаттары



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Елінің мақтанышы, қазаққа «Абай жолын» сыйлаған Мұхтар Әуезовтің ұлты үшін сіңірген еңбегі зор. Өзі ғана емес, ұл-қызын да ұлтқа қызмет етуге тәрбиелеген. Сондықтан болар, ұлы қаламгердің ұрпақтары түгелдей ғылыммен айналысып, ел дамуына сүбелі үлес қосты. Бүгінде жазушының Мұрат Мұхтарұлынан өзге балалары өмірден озды. Мұғалима апамыз әкесі туралы естелік жазып қалдырды. Ләйлә Әуезова тарих ғылымының докторы, дарынды ғалым болған. Әкесінің шығармалары мен ғылыми еңбектерін жинастырып, мемориалды мұражайын ашып, оның дамуына көп еңбек сіңірген жан. Ернар Әуезов бүкіл ғұмырында Қазақстан табиғатын қорғауға қатысты. Бүгінгі күні қаламгердің ұлы Мұрат Әуезов мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және танымал қоғам қайраткері ретінде қалыптасты. Мұхтар Әуезов өмірінің соңында Мәскеуде Кунцевский ауруханасында емделіп жатқанда Мұрат Мәскеу университетінің студенті еді. Сондықтан соңғы сәттерінде әкесінің жанында ең көп болған азамат газетіміздің «Әкесі жақсы қандай-ды...» айдарында естеліктерімен бөлісті.



Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы мәдениеттанушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов биылғы жылы 80- жасқа толып отыр. Мұрат Әуезов 1943 жылы 1- қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдерінің «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірген. Қызмет ету жолында басшыда, депутат та, елші де болған.



презентация

Сабақтың ортасы


1.Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келген.

2.Ол – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы.

3. Ғалымның туған жері Меркі ауданы — Жамбыл облысының 10 ауданының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі.

4.Ғалым М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. КСРО Ғылым Академиясының Әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесі үшінгі диссертацияны қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы жалпы жиналысы арқылы академияның толық мүшесі болып сайланды.

5.Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы (1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарды.

6. Мұхтар Әуезовтің қолтаңбасы, түскен барлық құжат, көркем мәтіндер, жазбалары қазақ үшін асыл құндылық екені белгілі. Сондықтан, кемеңгер жазушының сүйікті ұлына деген өлшеусіз махаббатын мәлім­дейтін бір-екі мәтінді ұсынуды жөн көрдік. Мұхтар Әуезов баласына жазған хатында: «…Мұратай! Айналайын жақсы балам. Тілі тәтті, өзі тәтті Мұратайым. Сен мені сағындың ба, мен сені көп ойлап, көп сағынам. Қашан тағы көрер екем деп ойлаймын. Енді көргенде Мұратайым маған тағы қандай әндер айтып берер екен деп ойлаймын. Сен әнді жақсы айтушы едің. Осы күнде тіпті көп өлең, ертегі білетін болған шығарсың.Үйрене бер. Ең болмаса харіптер үйрен. Тәтеңе айтып маған өзің де хат жаз. Жаздыгүні мен саған велосипед әперем, алдамаймын, айналайын жаным. Ал, бетіңнен, көзіңнен сүйдім. Хат жазған ағаң. 4.ІІ.48 ж», – десе, енді бір хатында: «…Айналайын, Мұратайым! Сенің тәтеңе ерік бермей, маған хат жазғызғаныңа мен соншалықты қуанамын. Сен ақылды болып келесің. Ағаңды ойлағаның сол ақылды болғандығыңнан. Енді бұдан былай аз аздап сабақ та оқи беру керек. Тәтең саған жеңіл, жеңіл кітаптар оқып беретін болсын…», – деген сөздерінің өзі даналықтың дәнегіндей, тағлым мен тәрбиенің төресіндей.




Мұрат Әуезовтің жастарға айтқан ақылы: «Ұлтжандылық деген бұл – Ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұр­ландырып, жігерлендіріп жібереді. Қазақ халқының саны тым аз. Сондықтан біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болуы керек. Тек диплом алу үшін білім қуудың қажеті жоқ, білімнің ұшан-теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Алаштың азаматтары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Сыры - осы ұлтжандылық. Олар нағыз қазақ бола білді. Біз қазақтығымызды жүрегімізбен сезінуге тиіспіз. Өйткені заман – қатал».

8. Қаламгердің «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітабында өмірбаяндық мәліметтер, таңдаулы туындылар, замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сонымен қатар мұрағаттық деректер мен әр жылдағы суреттер көрініс тапқан.



Интербелсенді тақта/ компьютер



9. Кітаптары: «Ділім», «Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен».

10. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен насихаттау үшін заманауи көзқарасқа сай жан-жақты зерттелген шығармаларға қажеттілік туындайды. Қазақ және түрік әдебиеттанушыларының бірігіп жүргізетін зерттеу жұмыстары бұл кемшіліктерді азайтып қана қоймай, Мұхтар Әуезов және оның әдеби шығармашылығының сапалы түрде аударылып, жариялануына септігі тиер еді. Осы тұрғыдан алғанда Мұрат Әуезовтің түрлі философиялық ой-пікірлері мен тұжырымдамалары бүгінгі таңда өзекті болып тұр. Асылдың сынығы ретінде ол кісінің әрбір сөзі мен ісі жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс.















Тақырыбы:

Мұрат Әуезов Тәрбие сағаты







Өткізген.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі