Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұрат Мөңкеұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 9.10.2018жыл

Пән мұғалімі: Көбентаева Индира Әбдіғаниқызы

Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа»

Сілтеме: 10-сынып. Қазақ әдебиеті. Жаратылыстану- математика бағыты. Алматы «Мектеп» 2014

Сабақтың мақсаты:

Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды. Зар заман ақындарының қоғамдағы орны, тыныс- тіршілігі жайлы түсіндіру.

Дамытушылығы:

Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.

Тәрбиелігі:

Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер: Оқулық, ғаламтор мәліметтері

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

Оқулықпен жұмыс жасау. Үзінділерді талдау.

Қорытынды:

Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.

 Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды.

Үй тапсырмасы: Зерттеу жұмыстарын жүргізу

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды, бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2018
759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12