Мухамбетжанова Айтолкын Галимгазыевна

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мухамбетжанова Айтолкын Галимгазыевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Мухамбетжанова А. Ғ.

Білім беру саласы: «Қатынас» «Сөйлеуді дамыту»

Өтпелі тақырып: «Көктемгі егістік»

Мақсаты

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көктемгі тіршілік туралы білімдерін кеңейту.

Оқыту: Көктемгі еңбек және егістік туралы түсінік беру.

Билингвалдық компонент: көктем – весна, ағаш – дерево, наурыз – март, сәуір – апрель, мамыр – май.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:  суреттер, теледидар, тұқым, құм, сауыт, тақта, су.

Сөздік жұмыс: көктем, егістік, ағаш, наурыз, сәуір, мамыр, жақсы, жаман

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жылулық шеңбері.

Қол ұстасып тұрайық

Біз шеңберді құрайық

Амандасып алайық

Сәлеметсіздер ме!
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз қандай жыл мезгіліне арналғанын жұмбақ арқылы шешіп көрейік.

Жұмбақ жасырамын.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Ал, балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады? (көктем)

2.Негізгі бөлім

Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады.

Балалар қарандаршы суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Бала не істеп жүр?

Нелер ұшып келді?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Наурыз айында қандай құбылыстар болады?

Сәуір айында қандай?

Мамыр айын да?

Балалар көктем айларын екі тілде айтып көрейікші

Билингвалдық компонент: көктем - весна

наурыз – март,

сәуір – апрель

мамыр - май

Адамдар не егіп жатыр?

Егістікте егінді немен егіп жатыр?

Балалар не істеп тұр?

Дұрыс айтасындар.

Балалар ағаш егіп жатыр?

Ағашты қандай жыл мезгілінде егіп жатыр?

Тамаша.

Артикуляциялық жаттығулар жасайық.

Тем-тем-тем Аш-аш-аш Ақ-ақ-ақ

Келді көктем Ектік ағаш. Топырақ

Балалар кім көктем мезгілі туралы тақпақ біледі.

Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Балалар, біз көктем мезгіліндегі ағаштар секілді тербеліп сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті: «Ағаш»

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бұталар

Биік болып өседі.

Жақсы.

Енді, ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Жақсы, жаман»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Жақсылық, мейірімділік құндылықтар туралы білімдерін тереңдету.

Ойынның шарты: ортаға екі тақта қойылады, бір тақтада жарқыраған күннің көзі, екінші тақтада көңілсіз күннің көзінің суреті ілінеді. Балаларға суреттер беріледі жақсы қылықтармен және жаман қылықтармен. Балалар қолдарындағы суретті тақтаға іліп әңгімелеу.

Тосын сәт.

Балалар тындандаршы біреу есік қаққан сияқты,

Балалар бізге пошташы апай қорап беріп кетті ішінде не бар екен қарайық

Ішінде флешка мен тұқым бар. Флешкада не жазылғанын тындап көрейік.

Мен, «Шалқан» ертегісіндегі атаймын, балалар маған бақшаға көкөністер егуге көмектесіндерші.

Мен сендерге тұқым беріп жібердім. Көкөністерді қалай егу керектігін сурет арқылы беріп жібердім.

3. Қорытынды

Балалар біз бүгін қандай жыл мезгілі туралы айттық?

Ойын ойнағанда қандай жақсы әдеттер естерінде қалды?

Қандай ертегіден бізге хат келді?

Қандай көкөністер ектік?

Егу үшін біз не істедік?

Балалар сендерге көп рахмет.

Енді осы көкөністерімізді атайға беріп жібереміз.

Сендерге рахмет.

Келген қонақтарға да көп рахмет айтамыз

Сау болыңыздар.




«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.





Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.





Өтпелі тақырып: «Көктемгі егістік»



Picture 31















Өткізді: Мухамбетжанова А. Г.



2020-2021 оқу жылы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2021
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі