мультимедиалық электрондық оқулықтарды қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
Оқу үрдісінде жиі қолданылатын ақпараттық технологияларды екі топқа бөлуге болады:
-
Дара компьютерге арналған технологиялар (оқытушы програмдар, физикалық құбылыстардың компьютерлік нобайлары, демонстрациялық програмдар, компьютерлік зертханалар, зертханалық жұмыстар, электрондық есептіктер, бақылаушы програмдар, дидактикалық жадығаттар);
-
Жергілікті және ғаламдық интернет желісін қолданатын желілік технологиялар. Бірақ та, физиканы оқытудың қазіргі кезеңінде оқыту үрдісін ақпаратандырудың алдында біршама қиындықтар кездеседі, ал олардың ең маңыздылары екі мәселе:
-
әдістемелік сүймелдеуші жадығаттардың, электрондық өнімнің дидактикалық негіздемесінің тапшылығы немесе жоқтығы (электрондық оқулықтардың көпшілігінде пәннің жалпылаушы, жүйелеуші қызметтері жүзеге асырылмаған);
-
пәнаралық байланыстың жеткіліксіздігі.
Орнығып келе жатқан ақпараттық қоғам өзімен бірге (шешілуі тиіс) көптеген мәселе алып келді, оның ең маңыздысы өскелең ұрпақты оқыту мәселесі. Оны оқыту үрдісін автоматтандырмай шешу мүмкін емес, себебі қазіргі заманғы технологияларды қолданбайтын «қолмен оқыту әдістері» өз мүмкіндіктерін әлдеқашан ада қылған. Оқытуды автоматтандырудың қол жеткізуге ең оңай түрі −электронды есептеуіш машиналарды қолдану, яғни, оқушыларды оқыту мен олардың білімдерін тексеруге және мұғалімнің әдістемелік құралдар дайындау қарекетіне компьютер мүмкіндіктерін қолдану. Әдістемелік құралдар мен «электрондық оқулықтарды» (ЭО) компьютерде ұсынудың біршама артықшылықтары бар.
Біріншіден, бұл оларды жасау мен деректерді қажетті түрде сақтау үрдісін автоматтандыру.
Екіншіден, бұл іс жүзінде шектеусіз болатын деректер қорымен жұмыс істеу. Оқытудың ақпараттық технолгияларын жасау, оқушылардың қажеттіктерін қанағаттандыратын, жаңа сипаттағы оқулықтарды шығарумен қабат жүреді. Жаңа сипатты оқу құралдары оқу үрдісі мен заманауи ғылыми зерттеулердің бірлігін, яғни, оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технолгияларды, түрлі «электрондық оқулықтарды», қолданудың орындылығын қамтамасыз етеді. Компьютерлік техниканың жабдықтарын оқытуда қолдану тек, пән маманының (физика пәніннің мұғалімі) мүмкіндігі ақпаратты ұсыну, байланыс, деректер қорымен жұмыс құралдарымен шектелмейтін жағдайда ғана нәтижелі болады. Қазіргі таңда физикадан компьютерлік оқу құралдарын бағалау тәсілдері мен электрондық оқулықтарды физиканы оқытуда қолданудың әдістемесі әлі толық айқындалмаған.
Осы мәселелерді шешу мақсатымен: бірінші, физиканы оқытуда қолданылатын электрондық оқулықтарды олардың оқытудағы нәтижелілігі және олармен жұмыс істеудің қарапайымдылығы тұрғысынан сараптайық;
екінші, электрондық оқулықтарды физикада оқытудың әдістерін қарастырайық.
Электрондық оқулықтар жайлы жалпы мәліметтер.
«Электрондық оқулық» дегеніміз не және оның кәдімгі оқулықтан айырмашылығы қандай? Электрондық оқулық компьютердің қатты, оптикалық, «flash» дискілерінде орналасқан оқытушы, бақылаушы, нобайлаушы програмдар, оларда оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны келтірілген. Электрондық оқулықпен орта мектептің 10 сыныбына арналған және интернет технологиясы арқылы жасалған ЭО арқылы танысайық. ЭОты ӘлФараби атындағы ҚАЗҰУнің механика кафедрасы жасаған.
Оқулық мазмұны ашылған ЭОтың тұжырымдамасын келтірейік:
Бұл сауаттандырудың
мультимедиалық бағдарламасы (СМБ) орта мектептiң және физиканы
тереңдетiп оқытатын арнайы мектептердiң 10 сыныбының оқушыларына
арналып, қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалған.
Бағдарламаны дайындаудағы қойылған негiзгi мақсат –ақпараттық
технологияның соңғы жетiстiктерiн кеңiнен пайдалана отырып,
жаратылыстану жөнiндегi iргелi ғылымдар қатарына жататын физика
ғылымының негiздерiн жас жеткiншектерге орта мектеп бағдарламасының
ауқымында терең түсiнiп, игеруге мүмкiндiк жасау. Бұл мақсатқа жету
жолында мынадай мәселелердi шешуге тура
келдi:
-
Баяндалатын тақырыпқа теориялық түсiнiк беретiн қысқа мәтiн даярлау;
-
Баяндалатын тақырыптың iшкi мазмұнын ашып көрсететiн интерактивтi суреттер, анимациялық және мультимедиалық материалдар даярлау;
-
Тақырыптың материалдарын қаншалықты сәттi игергенiн оқушылардың өздерiне тексеруге мүмкiндiк беретiн интерактивтi тесттiк бағдарламалар даярлау;
-
Физика ғылымының қалыптасу жолынан, физик-ғалымдардың өмiрiнен мағұлматтар беретiн тарихи материалдар, анықтама материалдар және қазақша-орысша физикалық сөздiк даярлау.
Осы аталған мәселелер бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасында белгiлi деңгейде шешiмiн тапты. Бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен орта метептерге арналған типтiк оқу бағдарламасымен толық сәйкес келедi. Бүкiл материалдар жетi модульға бөлiнген. Ол модульдердiң мазмұны физиканың "Молекула-кинетикалық теорияның негiздерi", "Газ тәрiздес, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi","Термодинамика негiздер", "Электр өрiсi", "Тұрақты тоқ заңдары", "Магнит өрiсi" және "Әртүрлi орталардағы электр тогы" деген тарауларына сәйкес келедi.
Әрбiр модуль қысқаша теориялық кiрiспеден, суреттерден, анимациялық және интерактивтi мультимедиалық материалдардан, есеп шығару үлгiлерi мен өз бетiнше шығаруға арналған есептерден, зертханалық және бақылау жұмыстарынан тұрады (3сурет). Анимациялық және интерактивтi мультимедиалық материалдар сәйкес құбылыстың мәнiн түсiндiретiн қосымша мәтiнмен және аудиотүсiнiкпен толықтырылған (4сурет).
Бағдарлама шығарған есептердiң дұрыстығын тексеруге, ал ол тiптi қиыншылық туғызған жағдайда жауабын қарап көруге мүмкiндiк бередi.

3сурет.
Бақылау жұмысы тест түрiнде алынады. Тесттiң соңында жауап беруге жұмсаған уақытыңыз жөнiнде, дұрыс жауабын тапқан және жауап беруде қиындық туғызған сұрақтар жөнiнде толық есеп аласыз. Интерактивтi мультимедиалық материалдар қарастырып отырған үрдiстiң параметрлерiн қалауымызша таңдап алуға мүмкiндiк бередi. Бұл, оқушыларға осы бағдарламаны игеру барысында тек енжар бақлаушы болып қана қалмай, сонымен қатар қарастырып отырған құбылысты белсендi игеруге мүмкiндiк бередi.
Зертханалық жұмыстар, оқушыларға игерген теориялық бiлiмдерiн, ғылыми iзденiстiң элементтерiн пайдалана отырып, нақты физикалық құбылыстарды зерттеуге қолдануға үйретедi. Қандай модульдiң материалдарын оқып үйренiп жатқаныңызға қарамастан, кез-келген қажеттi анықтамалық материалдарды, тарихи мағұлматтарды қарап көруге және басқа модульдiң есептерi мен бақылау жұмысын орындауға, қажет болған жағдайда басқа модульге өтуге мүмкiндiгiңiз бар. Сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасының тiлi жатық, ал құрылымы оқып үйренуге ыңғайлы. Оның негiзiне бүгiнде көпшiлiкке кеңiнен таныс интернет-технологияның элементтерi
алынған. Бұл оны мектеп бағдарламасымен қатар, компьютерi бар кез-келген адамға физиканы өз бетiмен оқып үйренуге, жоғарғы оқу орынына түсуге дайындық кезiнде де табыспен қолдануға мүмкiндiк бередi. Сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасы 7 қысқаша теориялық кiрiспеден, 7 зертханалық жұмыстан, 65 анимациялық және интерактивтi материалдан, 71 суреттен тұрады. Әр зертханалық жұмыс, анимациялық және интерактивтi материал жазбаша және ауызша түсiндiрiледi.

4сурет.
Суреттер басқанда көрiнетiн түсiнiктемелермен қамтамасыз етiлген.
34 суреттерден ЭОтағы кез келген ақпараттың Web-парақ түрінде бейнеленетінін, ал парақ гиперсілтеме арқылы ашылатынын көруге болады. ЭОты Internet Explorer шолушысы басқарады, бұл қажет болған жағдайда, оқулықты тастамайақ интернет желісіне кіруге мүмкіндік береді.
ЭО кәдімгі оқулықты толықтырады, ал: компьютермен оқушы арасындағы кері байланысты лезде қамтамасыз ете алуы; кәдімгі оқулықтардан іздеп табу қиын болатын, қажетті ақпаратты жедел табуға көмектесуі; гипермәтінді түсініктемелерді көп қолдаудың тиімділігі; қысқа мәтінге қоса бейнелеуі, дауыстап айтуы, және нобайлауы (мультимедиа технологиялардың артықшылығы осыдан көрінеді); оқушының белгілі бір тақырып бойынша білімін тез, оқушыға ыңғайлы түрде тексере алуы − оның тиімділігін көрсетеді. ЭО кемшілігіне компьютер мониторынан ақпаратты қабылдау ыңғайсыздығын (мәтіндік ақпаратты компьютер экранынан қабылдау кітаптан қабылдағаннан гөрі ыңғайсыз) жатқызуға болады.
Мультимедиа құралдары.
Жаңа ақпараттық технологиялар пайда болғанға дейін ақ, сарапшылар жадығатты меңгеру тәсілі мен білімді біраз уақыттан соң қалпына келтіру қабілеттері арасындағы байланысты тәжірибе жүзінде анықтаған. Жадығат дыбыс түрінде болса, адам оның 1\4ін ал бейнелі болса 1\3ін жаттай алған. Адамға аралас әсер ету (көз бен құлақты қатыстыру) кезінде ақпараттың жартысы, ал оқу үрдісіне адам белсене араласса жадығатты меңгеру деңгейі 75%ға жеткен. Мультимедиа болса: мәтін, қозғалыссыз сурет не кескін, қозғалыстағы сурет (бейне және анимация) және дыбыс сияқты ақпаратты ұсынудың бірнеше түрін біріктіріп, интербелсенді өнімге айналдырады. Дыбыс ақпараты сөз, саз (музыка) және дыбыс құбылыстарынан тұрады. Мұндағы ең маңызды мәселе тасымалдаушының ақпараттық ауқымы. Бейне ақпараттың дыбыс ақпаратынан гөрі мүмкіндігі де, құрамдас бөліктері де мол. Ең алдымен оларға статикалық бейне қатарды жатқызуға болады. Статикалық бейне қатар графика (салынған сурет, гометрилық бет, белгі (символ)) және фото (фотосурет және сканерленген бейне) жадығаттарынан тұрады. Динамикалық бейнеқатар бірінен соң бірі тізбектесіп келетін статистикалық элементтерден тұрады. Оларды: кәдімгі бейне (секундына 24 фото), квазибейне (секундына 6-12 фото), анимация −деп үшке бөлуге болады. Мультимедиалық ортада бейне қатарды қолдану дыбысты қолданғандағыдан анағұрлым көп мәселені шеше алады. Мультимедиалық өнімдердің ерекшелігі олардағы ақпараттың ауқымдылығы.
Электрондық оқулық құрылымы.
Компьютерлік өнімдер нарығында оқытушы програмдар мен электрондық оқулықтар саны жылдан жылға еселеп артуда.
Бірақ электрондық оқулық қандай болу керек және оның қызметтері қандай болу керек деген сұрақтар толастар емес. Олардың ортақ құрылымы мынандай: оқу жадығатын ұсыну, жаттығу және сынақ (бақылау). Қазіргі кезде электрондық оқулықтарға қойылатын негізгі талаптар:
-
Таңдап алынған пән бойынша ақпарат жоғары дәрежеде құрылымдалған және шектеулі жаңа түсініктері бар пәннің аяқталған бөліктері болуы керек.
-
Әрбір бөлікте мәтінмен бірге дыбыс пен бейне ақпараттар («тірі дәріс») болу керек. Тірі дәріс интерфейсі (компьютер мен адамның қарымқатынас тәсілі) дәрісті кезкелген жерден оңай қайта бастауға болатындай құрылады.
-
Мәтіндік ақпарат тірі дәрістің белгілі бір бөлігін қайталауы керек.
-
Күрделі нобайлар мен қондырғылардың кескіндерінде олардың бөліктеріне (жоспар, карта, кескін, қондырғыны жинау сызбасы, нысанды басқару құралы) сілтемені жақындатқанда лезде пайда болатын немесе жасырынатын көмек сөздердің болуы.
-
Қажет ақпаратты іздеуге кететін уақытты үнемдеу мақсатында, мәтіндік бөлімнің көптеген өзара қиылысқан сілтемелермен қамтылуы және күшті іздеу орталығының болуы. Оған оқылатын пән бойынша арнайы сөздік қосылса,
ЭОдың іздеу мүмкіндіктері еселеп артады.
-
Пәннің түсінуі қиын бөлімдерін ұсынғанда, оларды бейне ақпарат пен анимация сүйемелдеу керек. Бұл әдіс уақытты дәстүрлі оқытудан бесон есе артық үнемдеуге мүмкіндік береді. Кейбір құбылыстарды (от, жарылыс, элементар бөлшектердің түрленуі, т.с.с.) сөзбен айтып жеткізу өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Бейнеклиптер мен анимациялар уақыт ағымын өзгертіп, құбылыстарды баяулатып немесе шапшаңдатып бақылауға мүмкіндің береді.
-
Көп жағдайда негізгі, кейде тіпті, оқу мазмұнының таптырмас бөлігі болатын дыбыс ақпаратының болуы.
Электрондық оқулықтың жұмыс режимдері
Электрондық оқулықтарға негізгі үш жұмыс режимдері тән. Олар:
-
Білімді тексерусіз оқыту;
-
Алған білімді тексере оқыту, бұл кезде әр тақырыптың соңында, оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенін анақтауға мүмкіндік беретін, бірнеше сұрақтар келтіріліеді;
-
Білімді қорытқы бақылап, баға қоюға арналған −тестілік бақылау.
Электрондық оқулықтарға қойылатын жоғарыдағы талаптарды қанағаттандыру үшін, гипермәтіндік технологияны қолдану керек. Білім берудің негізгі қиындықтарының бірі −білімді бағалау мәселесін шешуге де электрондық оқулық көмекші бола алады. Білім беру жүйесінде білімді бағалау, негізінен ауызша түрде жүргізіліп келді. Соңғы уақыттарда білімді тексерудің тестік
жүйесі (БҰТ−бірыңғай ұлттық тестілеу) кең қолданылуда. Көптеген сарапшылар тестік сынақ адамның талдау, салыстыру,қисынды ойлау және т.б. дағдыларын тексере алмайды деп, бұл жүйені қолдамайды. Бірақ тестік бақылаудың адамның қалдық білімін тексеруде таптырмайтын құрал екенініе ешкім шүбәланбайды.
Яғни, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білім сапасы мен тиімділігін арттыратына нық сенуге болады, ал оқушылардың өздігінен білім алуында ОАТның орны ерекше. Физиканы жақсы меңгеру үшін теорияны білу жеткіліксіз, яғни, оқушылардың есеп шығару дағдыларын да қалыптастыру керек. Ол үшін зерттелетін құбылыстардың физикалық нобайларын жасауды үйрену, мәселелерді шешудің алгоритмдерін құрастырып, оларды програмдар түрінде жүзеге асыру қажет. Осы мақсатқа жету үшін ЭОтарда, алгоритмдердің графиктік бейнесінің көрінісі мен жұмысын қамтамасыз ететін нобайлаушы програмдар қарастырылған. Бұл оқушылардың тақырыпты, құбылысты түсіну деңгейін артырады және оқушылардың тапқырлығы мен бейнелік ойлау қабілеттерін жетілдіреді.
Мультимедиалық электрондық оқулықтарды физиканы оқытуда қолданудың әдістері.
Компьютерді оқу үрдісінде «екі мұғалім нобайы» (информатика және физика пәні мұғалімдері) арқылы нәтижелі қолдануға болады. Бұл кезде информатика пәні мұғалімі оқушыларға нақты програмдық ортада жұмыс істеуге көмектеседі. Ондай прграмдық құралдарды қалай таңдауға болатынына тоқталайық. Қазіргі таңда аңдатпасында «оқу», «білім беру» мақсатында деп жазылған програмдық құралдар көптеп кездеседі, ал олардың кейбіреуінде Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған деген де жазулар бар. Оларға сенуге болады, бірақ олардың көпшілігінің мазмұны оқу бағдарламасына сай емес немесе мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне сәйкес келе бермейді. ЭОдың басым бөлігі қолдануға ыңғайлы әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеген (кең қолданыстағы 2—3і болмаса). Әр програмдық өнім әдістемелік және анықтамалық құралдармен, оқу семинарларымен қамтылу керек. Сондықтан ЭО құрамына, міндетті түрде, оқуәдістемелік құралдар ену керек. Ондай құралдарды көбіне институт қызметкерлері, тәжірибелі мамандар, жаңа технологияны қолданатын, жаңашыл мұғалімдер дайындайды.
Электрондық оқулықтарды қолданып өткізетін сабақ нұсқалары.
-
Электрондық оқулық жаңа сабақ өткенде және оны бекіткенде (20 мин. шамасында компьютермен жұмыс) қолданылады. Оқушылардан алдымен дәстүрлі әдісті қолданып жауап алады, ал жаңа тақырыпты бастағанда оқушылар әр компьютер алдына жұптасып отырып, мұғалім жоспары және басшылығымен, тақырыптың құрылымдық өрнектері және бірліктерімен жұмыс істей бастайды.
-
Элктрондық оқулықтар сабақты бекіту кезеңінде де қолданыла алады. Мұндай сабақта жаңа тақырып дәстүрлі әдіспен түсіндіріледі, ал сабақты бекіту кезеңінде (5-7 мин мұғалім басшылығымен) ЭОпен жұмыс жүргізіледі.
-
Аралас сабақты өткізгенде оқу жадығатын қайталау мен бекіту (15-17мин.) электрондық оқулықтар көмегімен жүргізіледі. Мұндай тәсілді, бірнеше тақырыпты қарап шығу, физикалық түсініктердің мазмұнын айқындау, ең маңызды мәслені қайталау және құбылыстардың себепсалдарлық байланыстарын анықтау қажет болатын, қорытқы қайталау сабақтарын өткізгенде қолданған тиімді. Мұндай сабақтарда оқушылардың электрондық оқулықтармен алдымен бірлесе (мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда), сонан соң жұптаса (мұғалім тапсырмасымен), ал соңында жеке жұмыс жасауға мүмкіндіктері болу керек.
-
Кебір сабақтар оқушылардың тақырыпты өздігінен меңгеріп, оның құрылымдық жоспарын жасауға арналуы мүмкін. Мұндай жұмысты оқушылар топтасып (3-4 оқушы) істейді. Сабақ соңында (10 мин) оқушылар өздерінің құрылымдық жоспарын электрондық оқулықтың жоспарымен салыстырады. Осының арқасында оқушылар төменгі сыныптардан бастап зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алады.
-
Электрондық оқулықтар оқушылардың физикалық түсініктерді меңгеру деңгейін бақылағанда да қолданылады. Ол үшін ЭО құрамына білімді бақылау жүйелері енгізілген. Оқушылардың тестік жұмыстарының нәтижелерін компьютер өңдеп, бағалайды. Бұл нәтижелерді оқушылар, мұғалім, мектеп басшылығы пайдалана алады. Дұрыс шығарылған есептер пайызы оның тақырыпты қаншалықты меңгергендігі жайлы түсінік береді, ал дұрыс емес жауаптарды көріп оқушы қандай мәселені толық меңгере алмағандығын біліп, оны түзетуге мүмкіндік алады. Яғни, оқушы өзінің білім алу үрдісін басқаруға қатыса алады. Мұғалім алынған нәтижеге қарап, оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алады. Мұғалім сыныптың жалпы білімінің қорытқы ақпаратына сүйеніп білім деңгейін көтеру мақсатында, қандай тақырыпты қайталау керек екендігін анықтай алады. Әр бір оқушының нәтижесін саралау арқылы олардың жеке жұмыстарының жоспарын түзеді. Бірнеше сынақ нәтижесіне қарай мұғалім әр бір оқушының пәнді меңгеру динамикасын анықтай алады. Барлық сынақтардан жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға білім игерудің дара жолдарын ұсынуға болады.
Ал әдістемелік бірлестіктерді пән мазмұны бойынша алынған нәтижелер қызықтырады. Олар бақылаулар мен сынақтардың нәтижелері бойынша әр бір тақырыптың құрылымдық бөліктерінің қалай меңгерілгендігі жайлы толық ақпарат алады. Яғни, қай тақырып оқушылар үшін қиындық туғызғандығын анықтайды. Бұл аталмыш қиындықтарды жеңу жолы мен әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.
Мектеп басшылығы педагоктық бақылаулар мен сынақ нәтижелеріне қарап, оқушылардың білім деңгейін, оның динамикасын анықтайды. Осының нәтижесінде білім мазмұнының мәселелерін шешуге бағытталған педагогтардың әдістемелік жұмысының белсенділігін арттыру жолы, оқу жоспарының тиімділігі және оған қажет болатын түзетулер анықталады.
Ақпараттық технологиялар зерттелетін нысанның сипатын дұрыс түсінуге, оны таныпбілу үрдісіне белсенді араласуға, оның параметрлері мен жұмыс істеу шарттарын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондықтан ақпараттық технологиялар оқушыларға нысанның құрылысы мен жұмыс істеуінің себептерін түсінумен қатар, өте маңызды мәселені шешеді −олардың ойөрісін дамытады. Электрондық оқулықтарды қолдану арқылы білім берудің маңызды мәселелерінің бірі (оқушылардың жадығатты меңгеру деңгейін жедел және дұрыс анықтау) шешіледі. Ғалымдар мен әдіскерлер электрондық оқу құралдарын бақылау жұмысын дайындағанда, физикалық үрдістер мен құбылыстарды нобайлағанда, физикалық тәжірибелерді компьютерлендіргенде, есеп шығару мен сандық есептеулер жүргізгенде, оқушылар алгоритмдер мен програмдарды түзгенде, өзін өзі тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізгенде қолдану тәсілдерін қарастырған.
ЭО қолдану оқу үрдісін дараландырады. Әр бір оқушы тақырыпты өз жоспарымен және өз мүмкіндіктеріне сай меңгереді. Мұндай оқыту нәтижесінде 1-2 сабақтан кейінақ оқушылар тақырыпты меңгерудің әр түрлі деңгейіне жайғасады. Яғни, мұғалім дәстүрлі сыныптықсағаттық жүйеде сабақ өткізе алмайды. Дәстүрлі сабақтың мәселесі әрбір жаңа сабақ алдында оқушылар білімін (шамамен) бір деңгейге келтіру және сабаққа бөлінген уақыт толық қамтылу керек.
Оқушылардың толық қанды білімін қамтамасыз ету үшін, оқытудың түрлі технологияларын қолдану қажет, ал ЭО күрделілігі әр түрлі бірнеше деңгейден тұру керек. Бұл кезде өзіне ұсынылған ақпаратты тез меңгерген оқушы тақырыптың күрделірек бөлімін қарастырып, бекіту сұрақтарымен жұмыс істей алады. Ал білімі төмен оқушы келесі тақырыпты меңгеруге қажет болатын ең аз ақпарат мөлшерін игереді. Мұғалім сабақты осылай ұйымдастыру арқылы дәстүрлі оқу үрдісіне саралап, деңгейлеп оқыту технологияларының енгізе алады.
Сабақ нұсқаларын салыстырғанда оқыту дедуктивті тәсілмен −белгілі бір «қарапайым, бірақ бүтін негізді» бөліктрге бөлу жолымен жүргізілетінін есте сақтау керек.
Білімді меңгеру кезінде оқушы білімнің түк жоқ сатысынан білімнің қажет болатын ең аз мөлшерін меңгеру сатысына көшеді. Бұл сұлба бойынша оқушы санасында білімнің сарапталмаған, бөлінбеген жалпы мазмұны қалыптасуы керек. Білім негізінен ауыз екі түрде −оқу ережелері түрінде меңгеріледі, есеп шығару көмекші қызмет атқарады. Бұл кезең мұғалімнің мүкіндігінше мол көмектесуі арқылы өтеді.
Жаттығу кезеңі есептер шығарудан тұрады, бұл кезде білім ебдейлік пен дағдыға ауысып, айқындылық пен нақтылыққа ие болады. Есептер шығару оқытудың негізгі құралына айналып, бастапқы білім бөлшектенеді, оның дербес сипаттамалары пайда болады. Бұл кезеңнің қиындығы мен ұзақтығы бірінші кезеңнен біршама артық, кезең мұғалімнің мүкіндігінше аз қатысуымен (кейде тіпті қатысуынсыз) өтеді.
ЭОды сабақтың екі кезеңіндеде қолдануға болады, бірақ екінші кезеңде қолдану нәтижелі. Себебі білім беру кезеңінде мұғалім тұлғасының оқушыларды білім алуға итермелейтін ерекше қызметі бар, оны ешқандай компьютер немесе оқу құралы алмастыра алмайды. Мұғалім сүйенетін деректер қоры (мұғалім жады) компьютер дерегінен әлдеқайда артық, себебі ол мұғалімнің ұйымдастырылған оқу үрдістрінде алған білімдерінен ғана емес, мұғалімнің өмірлік тәжірибелері мен ой қарекетінің өнімдрінен де тұрады. Ал негізгі әрекет оқушының жеке жұмысы болатын жаттығу кезеңінде мұғалімнің бұл қасиеттерінің маңызы шамалы.
ЭОпен жұмыс дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі −оның аяқсыздығын (себебі білім беру көбіне білімді меңгеру кезеңі арқылы жүзеге асады) жояды. Дәстүрлі оқу үрдісі жаңа тақырыпты игеру үшін, өткен тақырыпты оқушылардың есеп шығару ебделіктері қалыптасатын деңгейде меңгеру қажеттігін талап етеді. Мектеп оқулығындағы тапсырмалар мен есептер жеткіліксіз, бұл толық меңгерілмеген тақырыптар тізбегіне алып келеді.
ЭО көмегімен жүргізілетін жаттығулар кепілді білім алу мен білімдегі оқулықтарды түзеуге мүмкіндік береді. Ол үшн қателіктердің психологиялық себептерін анықтаудың әдістемесін де қолдануға болады. Физика сабағын өткізгенде ЭО және дәстүрлі оқу құралдарының дұрыс үйлесімін тапқан маңызды. ЭОда кері байланыстың және оқушылардың жұмыс барысындағы қателігін анықтап, білімін бағалаудың қарастырылуы сабақты әр оқушының мүмкіндіктерін ескере өткізуге мүмкіндік береді. Белгілі тақырып бойынша білімнің толықтығы мен тереңдігін тексеру әр түрлі деңгейде, әр оқушының ерекшелігіне сай шапшаңдықта жүргізіледі. Яғни, оқытудың ақпараттық технологгияларын оқушы білімін жедел және дәл бағалау үшін, білімді алдын ала тексеруде, оқу жадығатының ақпараттар ағынын жасауда және физикалық нысандар мен үрдістерді нобайлауда қолдану қажет.
Дәстүрлі және ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде аралас қолдану әдістемесі ЭО қолданып өткізетін сабақ тақырыбын екі түрлі топтастырғанды тиімді деп есептейді. Бірінші топ −бұл оқу жадығатын түсіну үшін, талдануы мен жүйеленуі қажет физикалық нысандар (құбылыстар мен үрдістер) жиынтығы . Екінші топ −бұл компьютерлік тәжірибенің белгілі бір нәтижесін алу (тапсырманы орындау) мақсатында, оқушы, мұғалім немесе програмшы таңдап алатын түрлі шарттар мен параметрлер жиынтығы.
Оқу үрдісінде қолданылатын көрнекіліктерді үшке бөлуге болады. Олар:
-
Оқушылар нақты физикалық тәжіриблер кезінде тікелей көретін нысандар (физикалық қондырғылар, құралсаймандар, өлшеу құралдары, және т.с.с.);
-
Көрсетілетін физикалық үрдістер мен құбылыстардың символды (нобайлы) жазбасы;
-
Мультимедиалық көрнекілік −ол көрнекіліктің 1 және 2 түрлерін қамтып қана қоймай, олардың мүмкіндіктерін ақпараттық технологиялар көмегімен енгізілетін мультимедиа арқылы кеңейтеді.
Мультимедиалық көрнекілік арқылы нақты физикалық құбылыс пен оның мәнін түрлі деңгейде біріктіруге болады. Ал, компьютер тұтынушыға (оқушыға не мұғалімге): қажет болғанда, құбылысты жеделдету, баяулату және қайталау арқылы, оның демонстрациясына белсенді араласуға, күрделі физикалық үрдістерді басқару мен нобайлауға, қажет ақпаратты компьютер мониторында жүйелеуге, топтастыруға және бекітуге −мүмкіндік береді. Мультимедиалық көрнекілік физикалық нысанды жоғары тиімділікпен зертеу мен нобайлауға мүмкіндік беріп, оқушының ақылойының дамуына көмектеседі.
Физиканы дәстүрлі бағдарламамен оқытатын оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды тек белгілі бір тақырыптарды оқытқанда ғана қолдануға болады. Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде кең қолдану үшін, оқу бағдарламасын компьютер мен ЭО мүмкіндіктерін ескеріп, қайта қарау керек.
ЭОмен жұмыс істегенде «ақпарат» және «ақпараттар ағымы» терминдерін ажырата білу керек. Оқушыларды оқу ақпараты ағынының ортасында оқыту дегеніміздің өзі, оқытудың ақпараттық технологиясы болып табылады.
7.1. Білімді бақылаудың тестік жүйесі
Қазіргі кезеңде білімді бақылау мен тексерудің кең тараған түрі тестік жүйе. Компьютер көмегімен жүргізілетін тестерге қойылатын талаптар:
-
Тестік сұрақтар мен оған берілетін жауап нұсқалары айқын және мағынасы түснікті болу керек;

(9-сурет)
-
Копьютерлік тест қолдануға ыңғайлы болу керек, яғни экрандағы басқарушы түймелер саны мүмкіндігінше аз болу керек, ал программен жұмыс істеу нұсқаулығы экранды жаппай, оқушыны мазаламай, оған тек қажет кезінде ғана көріну керек. Мысал
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мулбтимедиялық электрондық оқулық

шағым қалдыра аласыз