Материалдар / Мультимедиалық журналистика "Алтын күз-2017"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мультимедиалық журналистика "Алтын күз-2017"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас тілшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын күз-2017


Диқан наны –адал

Сен диқанмен қатынасып, аралас,

Сонда болар тәтті тағам, адал ас-деп ұлы Баласағұн бабамыз айтқандай, оқушыларды еңбек етуге, ел ырысын құрметтеу және адам еңбегін бағалай білу мақсатында 20-қазан күні мектебімізде «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікті 10 – сынып оқушылары ұйымдстырды. Ертеңгілікте 5,6 және 7-9  сыныптар қатсып, өз өнерлерін көрсетті.

Жарыс болғандықтан әділ қазыларымыз да болды. Олар: мектебіміздің директоры М.М.Тулаков мырза, тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметова Б.К және пән мұғалімдері болды.

Той дегенде қу бас домалайды демекші тойымызға «Күз ханшайымы» да келіп, оны  кішкентай биші қыздарымыз  әсем билерімен қарсы алды. Содан соң жарысымыз да басталып кетті.  

  Бірінші кезекте өздерін таныстырды.  Екінші кезекте бүгінгі күз кешінде, би билейік бәріміз деп күз ханшайымы мен күз ханзадасы «Күзгі вальс» биледі.   Үшінші кезекте«Күз береке» сайысы болды.Төртінші кезекте эстрада жұлдыздарына «Пародия» көрсетілді.

Ол тапсырмалардан да оқушылар сүрінбей өтті. «Күз- береке» атты сайыста 5,6- сыныптар табиғи материалдан көрме ұйымдастырды. Көрмеге де барлық сыныптар ат салысып, әділ қазылар алқасын таң қалдырды. Неше түрлі табиғи материалдардан жасалған заттар мен себеттер, ойыншықтар, макеттер көздің жауын алды . 7-9 сыныптар күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден салат дайындап әкелді .

Ертеңгілік соңында әділ қазылардың әділ шешімімен мақтау қағаздары табыс етілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Б.К.Ахметова  оқушылар  мен қонақтарды күздің мерекесімен шын жүректен құттықтап, мерекеге келіп, ат салысқан ата-аналарға үлкен  алғысын білдірді..

Мектеп директоры М.М.Тулаков мырза сайыстың нәтижесі бойынша марапаттап, өз алғысын білдірді.5,6 сыныптар арасында 6 «Б» сынып «Гран при» жүлдесіне ие болса, 6 «Ә» сынып 1-ші орын, 6 «А» және 5 «А» сынып-тары 2-ші орын, 5 «Ә» және 5 «Б» сынып оқушылары 3-ші орындарды иеленді.

Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін демекпіз!!!

Мультимедиалық журналистика мүшелері:

Капанова Ерке

Сәкен Бибінұр

Телеуғазы Нұрай

Төлебаева Айдана





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!