Материалдар / Мультимедиялық технологиялардың география сабағындағы тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мультимедиялық технологиялардың география сабағындағы тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мультимедиялық технологиялардың география сабағындағы тиімділігі бойынша жазылған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2023
333
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мультимедиялық технологиялардың

география сабағындағы тиімділігі




Павлодар облысы, Павлодар қаласы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия

География пәні мұғалімі

Томбаева Айгерим Ешембаевна


Қазіргі таңдағы жаңа білім жүйесіндегі оқытудың тиімділігінің арттырудың бірден бір мүмкіндігі ол оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық кеністік құру болып табылады. Себебі заман талабы. Жаңа технологияларды қолдану қазіргі таңда бүкіл әлемде қолданып жатқан процесс деп айтуға болады. Білім берудегі ұстаздың ең негізгі алдына қоятын мақсаттарының бірі- қазіргі замандағы ұрпақтың білім деңгейін көтеру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі уақытта мультимедиялық- технологиялар білім беру процессін ақпараттандырудың ең керекті бағыттарының бірі. Әсіресе заманымыз ақпараттық технологиялар болып саналғандықтан білім саласында қолданып, материалдық базаны толтыру , ұсаздардың квалификациясын көтеру болып саналады.

Бұл мақаламда ақпараттық технологиялар құралдарын қолданып, оның ішінде оқу процесін арттыру, мультимедиялық технологияларды қолдану, әсіресе география сабағында 7-8 сынып оқушыларына арналған тапсырмаларды әзірлеп, қызықты өткізу мақсатында күтілетін нәтижелер баяндалады.

Еліміздің білім беру жүйесінде мультимедиялық технологиялар қолдану-мақсаттарының біріне айналып отыр. Бұнда тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар ақпараттық коммуникациялық технологиялар, сабақ беру кезіндегі әртүрлі әдіс-тәсілдер болып саналады. Қазіргі кезде технологиялардың түрлері өте көп дамып келеді, алайда мұғалімдер тек өзіне керегін таңдап алып, сабағында тиімді пайдаланып, оқушылардың білім деңгейін қалыптастыра отырып, қандайда бір нәтижеге бағыттай білу. Сабағымызда мультимедиялық тенологияларды қолдана оқыту- бұл оқушының қызығушылығын оятып, өз бетімен орындауға, жаңа техологиялармен жұмыс жасауға үйретеді.

Оқыту процесіндегі ақпараттық технологиялар - ол ақпараттармен жұмыс істеу үшін арнайы әдіс-тәсілдер, техника құралдары, бағдарламалар болып саналады. Техикалық құралдарға: аудиожазба, бейнежазба техникалары, компьютерлер және т,б жатады. Негізінен ақпараттық технологиялардың мақсаты пайдаланушылардың қажеттілігіне сай ақпараттық ресурстарды сапалы қалаптастыру және пайдалану болып табылады. Соның ішінде мен ұсынып отырған технология мультимедиялық технология және бағдарламалар.

Мультимедия-бұл компьютерде мәтін, дыбыс, анимация, графика, бейне, қозғалмалы бейнелер, суреттер және т.б деректерді енгізуге, өңдеуге, сақтауға мүмкіндік беретін технологиялардың жиынтығы.

Мультимедиялық технологиялар қазіргі таңдағы оқу процесін ақпараттандырудың ең тиімді бағыттарының бірі. Мультимедиа және гипермедиа-технологиялар өзіне қуатты бөлінген білім беру ресурстарын біріктіреді. Мультимедиа және телекоммуникациялық технологиялар жалпы білім беру жүйесінде қағидатты жаңа әдістемелік тәсілдерді ашады. Әсірее тоқталып өтетін бағдарламалар: kahoot, activinspire, powerpoint қолдану өте тиімді. Бүл бағдарламалар география сабағыма қолданғанда көптеген мүмкіндіктер берді. Тек оқушыға ғана емес, сонымен бірге мұғалімге де пайдасы өте зор.

Мультимедиялық технологиялар мұғалімдер мен оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді.

Мұғалімдерге берер мүмкіншіліктер:

  • жаңа технологияларды меңгеруге, жаңа әдіс –тәсілдерді дамуына, жас мамандардың қызығушылығын тудырады;

  • мектепте басқа әріптестермен тәжірибе алмастыруға, пәнаралық байланыстар жасауға мүмкіндік береді;

  • жеке тұлға ретінде, деңгейін жоғарлатуға көмектеседі.

Оқушыларға берер мүмкіншіліктер:

  • оқу процесінде тақырыпты тез түсінуге, қайталауға мүмкіндік береді;

  • пәнге деген қызығушылын, сабаққа деген ынтасын арттырады, топтық және жеке жұмыс жасауға үйретеді;

  • әр түрлі ақпараттық , дыбыстық, бейнелік, суреттерді қолдану арқылы білімін жетілдіреді:

  • логикалық, есте сақтау, креатифті ойлау қабілеттерін дамытады.

Өзімнің пәнім география сабағында осы аталған бағдарламаларды қолдану ерекшелігі көбінесе сабағымыз картамен, табиғат компанеттерінің ерекшелігін, әр елдің орналауын, табиғи құбылыстарды көрсетуде оқушының көзбен көру және есте сақтау қабілетін ұзаққа дейін арттырады. Сонымен қатар оқу үлгерімі төмен, инклюзивті оқушыларға деңгейлеріне қарай тапсырма әзірлеуге, сабақта пайдаланатын көрнекіліктердің саны мен сапасы артады, оқушылардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу, пікірталас, талдау, анализ жасау, өз ойын еркін айтуға мүмкіндіктер береді.












.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!