Мынау - көше.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мынау - көше.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мынау - көше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мынау – көше.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көше туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сауатты жазуға икемдеу, қатесін түзей алуға қалыптастыру.

Тәрбиелік: көшеде жүру ережесін және қоғамдық көліктегі мәдениетті сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, диалог, топпен, жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлығын тексеру.

  • Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп өзімізге,

Біз сабақты бастайық.

Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.

Ал сендер бір-біріңе не тілейсіңдер? (Оқушылар өз тілектерін айтады)

  • Мен бүгін бәрімізге сәттілік тілеймін!

  • Мен жақсы баға тілеймін!

  • Мен бәрімізге зеректік тілеймін!

  • Мен шыдамдылық тілеймін!

  • Мен шығармашылық тілеймін!

Ал қазір сендер екі топқа бөлініңдер.

І топ «Алғырлар» (қызыл)

ІІ топ «Білгірлер» (көк)

ІІ. Жаңа сабақ.

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.

Суреттер беріледі, сол суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

Иә, балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз – Мынау көше. Көшеде нелер бар? Көше қандай болады?

ІІІ. Сөздікпен жұмыс. (Жаңа сөздерді мұғалімнің көмегімен үш тілде дауыстап, хормен қайталайды)

Көше – улица - street

Аялдама – остановка bus stop

Үй – дом - house

Дүкен – магазин - shop

Бағдаршам – светофор traffic lights

Ағаш – дерево tree


ІҮ. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Суретке қара. Оқы.

(интерактивті тақтада суреттер беріледі)

көше


үй


бағдаршам


аялдама


дүкен


ағаш

«Есіңе сақта» ойыны.

(А4 форматта орысша баламасымен жазылған сөздер беріледі. Оқушылар сол сөздердің қазақша баламасын жазады және төл дыбысы бар сөздердің дұрыс оқуы)

Улица - ..., остановка - ..., магазин - ..., дом - ..., светофор - ..., дерево - ... .

  • Ал, енді әр топ қалай жазғандарыңды ортаға шығып, оқып беріңдер.

2-тапсырма. Оқы. Салыстыр.


үй үйлер


машина машиналар


ағаш ағаштар


дүкен дүкендер

  • Балалар, сендер бұл жерде нені байқадыңдар? (оқушылардың жауаптары)

Яғни –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер – олар көптік жалғау.


3-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Жаз.

(оқушыларды сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету және сауатты жазуға төселдіру)

  • Көшеде нелер бар?

І топ «Алғырлар» тобының жауаптары

ІІ топ «Білгірлер» тобының жауаптары

  • Көшеде ағаштар бар. Көшеде аялдама бар. Көшеде дүкендер бар. Көшеде машиналар бар.


Сергіту сәтін өткізу. «Көңілді күн»


4-тапсырма. Диалогті оқы.

(Жұппен жұмыс. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту)

  • Бұл не?

  • Бұл – көше.

  • Көше қандай?

  • Көше ұзын, кең.

  • Көшеде нелер бар?

  • Көшеде аялдама, автобус, машиналар бар.

  • Аялдамада не тұр?

  • Аялдамада автобус тұр.


Ү. Сабақты қорытындылау. «Полиглот» ойыны арқылы

Берілген жұмбақтардың жауабын үш тілде айту.


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш) – дерево – tree


Үш көздi батыр,
Жолды андып жатыр.

 (бағдаршам) – светофор - traffic lights


Тәттілердің барлығы,

Сатылады сол жерде.

Ол не? (дүкен) – магазин - shop


Шатыры бар, есігі бар,

Терезесі бар, іргетасы бар ғимарат.

Ол не? (үй) – дом - house


ҮІ. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау, жұмбақтарды оқу.

ҮІІ. Бағалау. (әр оқушыны жеке бағалау)

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

«№11 орта мектеп» КММ








МЫНАУ – КӨШЕ

Picture 2



Өткізген: ЖумановаА.К.















2016-2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі