"Мың алғыс саған-ұстазым!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мың алғыс саған-ұстазым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп табалдырығында қараңғылықта жарық сәуледей болып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма кішігірім алғыс айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз-ұлы қызмет

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде,

Күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

(Серке Қожамқұлов)

Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға” -демекші өзінің білген, көрген нәрселерін шәкіртіне жалықпастан, ерінбестен үйреткен ұстаздарымызға кімніңде болса алғысы шексіз шығар деп ойлаймын.Бүкіл әлем бас иген құрметті де қадірлі ұстаздарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.

Ұстаз- ол кімнің де болсын жүрегін селт еткізер, балалық шағын есіне түсіретін ұлы есім. Кез-келген адамға өмір сүру үшін бағыт-бағдар беріп,тәлім-тәрбие берген ақылын айтып,қолдаған ұстаздарымызға қандай теңеу айтсақта жарасады. “Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі”-дейді Константин Дмитриевич Ушинский, расында мұғалім ісі қарапайым көрінгенмен,салмақты әрі жауапкершілікті өте жоғары істердің бірі.

Мұғалім болу үшін ең алдымен сабырлылық пен ұстамдылық қажет. Бұл мұғалімдердің асыл қасиеттерінің бірі. “Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан”-деп хакім Абай атамыз бекер айтпаған. Әрбір шәкірт ұстазына қарап бой түзейді, оның барлық қасиеттерін бойына сіңіріп өседі.Мұғалім мектептің жүрегі, оқушының тірегі.Әрбір оқушы ардақты ұстазына еліктеп өсері хақ.Бізге жарық дүние сыйлап, өмірді танытқан ардақты анамыз болса, сол өмірдің қиындықтарына төтеп беріп,күресуді үйреткен ұлағатты ұстаздарымыз.

Ұстаздық ұлық емес-ұлы емес”-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай барлық мамандық иесі осы ұстаздарымыздың қолынан шығады.Ұстаз ісінің бұл жалғанда жүгі ауыр екенін барлығымыз біле жүргеніміз абзал. Шәкіртінің бар еркелігін көтеріп, сол үшін үлкен жауапкершілікті арқалап, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратынсол шәкіртіне үлкен үміт артып, елімізге пайдасын тигізетін азамат не азаматша етіп шығару кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Осы ұстаздар үшін тіпті дастан жазса да аз емес.

Әйгілі ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады ”-дейді. Шынында мені шабыттандырып, басқан қадамымды қолдап, сүрінгенімде демеу болған ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіремін. Қай адамға болсын қараңғыда сәуле шашып бағыт бағдар беретін санасына сәуле құятын жан ыстық көрінеді. Ұстаздарымыз біздің екінші анамыздай. Ұлы адамды да сұм адамды да ұстаз тәрбиелейді. Ал сол екі таңдаудың бірін таңдау ол шәкірттің қолында. Мектеп кезіндегі ұстаздарыма алғысымды білдіремін себебі бастапқы менің білім фундаментімді құраған сол кісілер. Қараңғы түнекте адастырмай өз орнымды табуға бағыт-бағдар берген кісілер сол кісілер. Қыстың қаһарлы күндері аяқталып,көктемнің шуақты күндері жақындап қалды. Сол алғыс айту күніне орай алғашқы алғысымды осы ұстаздарыма арнағым келеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2022
849
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі