Материалдар / Мың мамандық бәрі бар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мың мамандық бәрі бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшіге және жоғарғы сынып оқушыларға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің мамандығым-менің болашағым!

1-ж.Қайырлы күн, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар, Қазақстанның жарқын болашақтары! Бүгінгі 11 сынып оқушыларының дайындаған «Менің мамандығым-менің болашағым» атты кешіне қош келдіңіздер.

2-ж. Ел Президенті Н.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Жақын арада жас түлектеріміз өз мамандықтарын, өз болашақтарын таңдайды.

1-ж.Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұр.Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек.

2-ж.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарында жоспар да құрғысы келмейді. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

1-ж.Психолог мамандардың айтуы бойынша, кез-келген жеке тұлға өз шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан көрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білген жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.

2-ж.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет. Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.

2-ж. Атақты Әл-Фараби айтқандай

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.-дей отырып, бүгінгі кеш қонақтарымен таныстырамыз.

1-ж.Ауылымыздың әкімі-

Ауылымыздың ардагер ұстаздары- Молдир апай мен Қалдыгүл апай

Ауылымыздың мал дәрігері-

Кітапханашы-

Дәрігер мамандарымыз-

2-ж.Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры мен ауыл әкіміне сөз береміз.

1-ж.Армысыңдар, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін бүгінгінің шашулары- деп Есенғалиева Фатима мен Қомшабаева Бақыт орындауында «Ұстазым» әні. Қарсы алыңыздар.

1-ж.Профессия-латын сөзінен шыққан, «professio»-анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бір бөлігі. Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау... Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.

1-ж. Бізде өнердің барлығы бар, бәрі де,

Тамашалар жасы болсын , кәрі де.

Ақындардың өлеңдерін жатқа айтатын

Ұл-қыздарды шақырамыз және де. Ортада Болат Дархан, Кәрімұлы Шапағат, Сарбалаев Қуаныш

2-ж.Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалмауына көңіл бөлу керек . Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім, құрылысшы,геолог мамандықтарын атап өтуге болады. Ал өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

2-ж. Ендігі кезекті мектебіміздің психологы Қадирова Н апайға береміз.

1-ж. Кешіміздің қадірлі қонақтарында сөзге тарта отырайық. Сол себепті келген қонақтарға қоятын сұрақтарыңыз болса , қоя беруге болады.

2-ж. Армысыздар, кешіміздің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін түлектепрдің вальсы,

Сіздер үшін алуан өнер шашуы

1-ж. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар

Әннің сәні болмаса мәні оятар,-деп ағартушы ақын Абай атамыз айтқандай кезекті әнге береміз. Сіздердің алдарыңызда Сағиджанова Айнұр «Асыл ана” әнімен Қарсы алыңыздар

1-ж.Мамандық таңдау ережелері: 1. «Байыппен бағдарлай біліңіз» Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулері туғаннан маңдайына жазылған ата-анасының жолын таңдайды. Біреулері ЖОО-на жақын досына немесе құрбысына серік болып барады,ал енді біреулері йіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсе шешетіндіктен, оған атүсті қарау-жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселені шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

2-ж. 2.Дұрыс шешім өз қолыңызда. Ең бірінші бұл таңдауді өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл -сіздің тағдырыңыз.

1-ж. 3.Бейімділігіңізді ескеріңіз. Бастапқыда өз қызығушылығыңызға нзар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

2-ж.4.ӨЗіңізді сынаақтан өткізіңіз. Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз:өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалавна отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз.Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

1-ж.5.Сұранысты да назарда ұстаңыз.Боашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы.Қарпайым жол:бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екенін қараңыз. АРнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор.Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярланатынын анықтаңыз.

2-ж. Құрметті оқушылар тағы да келген қонақтарға қоятын сұрақтарыңыз болса.

1-ж. 11 сынып оқушыларының дайындаған биі. Флешмоб

1-ж. «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек:біреуі-жар таңдауда, екіншісі-мамандық таңдауда» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау-жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Алдарыңызда көркем сөз оқу шебері Тілекбай Аяужан

1-ж. Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектеген кетпес зая,

Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.

2-ж.Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

1-ж. Көк жүзіне алаулы

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай бол!

2-ж.Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар бердіңіздер, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырдыңыздар. Алтын уақыттарыңызды бөліп, кешіміздің өтуіне қолдау көрсеткен қонақтарға 11 сынып ұжымының дайындаған сый-сипатын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

2-ж

Егеменді елімнің болашағы,

Кімге де ой тастамас бала қамы

Білімді ұрпақ елімнің шам шырағы

Өшпесін мәнгі бақи бала шамы .

Бүгінгі түлек Қазақстанның ертеңгі еңбексүйгіш азаматы дей келе кезекті әсем әнге береміз. Ортада Есенғалиева Фатима мен Қомшабаева Бақыт. Қошеметтеп қарсы алайық.

1-ж. Қортынды сөз кезегін Тәрбие жөнінің орынбасары Ақзиба апайға береміз.

1-ж. Бойларыңда от бар екенін байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның,

Тек қана биіктерден көрінгенін.

2-ж. Осымен «Менің мамандығым-менің болашағым» атты мамандық таңдау кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет!



















1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп ойлайсыздар? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысыты айтып өтсеңіздер?

2.Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар?

3.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

4.Ауыл әкіміне сұрақ. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар, мамандар қажет деп ойлайсыз?

5.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

6.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүруі үшін не істеу керек?

7.Еңбек нарығында бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

9.Жақсы маман болу үшін нені білуі және нені үйренуі керек?

10.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек?

11.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? (кәсәпкерге)

13.Қандай мамандықты таңдауға кеңес берер едіңіз?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!