Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мықтылық мұратсыз келмейді"… Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпақ балалардың дені сау, көкірегі ояу тұлға болып қалыптасуына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мықтылық мұратсыз келмейді…

Өмірде ұрпағының талабы таудай мықты күш иесі болғанын қаламайтын бірде-бір жан жоқ шығар, сірә... Сол болашағымыздың негізі балалардың дені сау, көкірегі ояу тұлға болып қалыптасуын тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әуел бастан назардан тыс қалдырған емес. Жалпы қазақ халқы ежелден-ақ денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған Елбасымыз салауатты өмір салтын ұстанған, бұқаралық спорты дамыған ел болуымыз үшін әрбір жолдауында спортты назардан тыс қалдырмай емес. Қазақ халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Жалпы халықтың спортпен айналысуы бүгінгідей пандемия өршіп тұрған кезде де ауруға қарсы күресетін басты әрекет. Сау денелі, сапалы ұлт пен ұрпағымыз талай соққыға шыдас бере алатыны анық. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – еліміздің жыл сайынғы стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр.

Сонымен бүгінгі айтпағымыз бұқаралық спорттың жайы. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылда­натын адамдар мен спорт түр­лерінің дамуы. Алғашқы мемлекеттік бағдарлама 2001 – 2005 жыл­дар аралығын қам­ты­са, екінші бағдарлама 2007 – 2011 жылдар аралығына арналды. Екінші бағдарлама бойын­ша елімізде балалар мен жас­өспі­рім­дер спорт мектептері, дарынды балаларға арналған өңірлік спорт мектеп-интер­нат­тары, олимпиа­да­лық ізбасарлар даярлау орта­лық­тары кө­бей­іп, жекелеген спорт түрлері бойынша респуб­ли­калық, өңірлік мамандандырыл­ған спорт орталықтары құрылды. Бәріміз білетіндей, 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын.  Ал 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арналған Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының екінші тарауында бұқаралық спортты дамыту жайлы арнайы тапсырма берілді. Осы Жолдаудың екінші тарау, жетінші тармақшасында айтылған мына сөздерге мән беру керек, онда: "Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет" делінген еді. Осыдан-ақ, Елбасының ел өміріне қаншалықты көңіл бөліп, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына дем беріп отырғанын аңғаруға болады. Ал 2019 жылғы Жолдауда 2020 жылға дейін Қазақстан халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтылды. Сол тапсырмалардың ізімен 2020 жылғы қыркүйекте өткен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бұқаралық спортты дамыту мәселесі бойынша өткен кеңесінде де президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтып, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлді. Нақтылай кетсек, аталмыш кеңесте мемлекет басшысы: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», - деген еді.

Қазіргі таңда осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ұрпағымыздың ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі ретіндегі маңыздылығы күн санап артпаса, кемімеді. Жұмыс нәтижесіз де емес, өйткені елімізде спортқа бейім балалар өте көп. Қазіргі таңда спорт үйір­мелері мен сек­цияларын кө­бей­ту бойынша мектебімізде жұмыстар жүріп жатыр. Республикамыздың барлық өңірінде спорт комплекстері бой көтеріп, жұмыстарын жандандыруда. Ал мектебімізде түрлі спорт үйірмелері жұмыс жасауда. Мемлекет басшысы 2020 жылы бұқаралық спортпен шұ­ғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндет қойды. Ал бұл – болашақ дені сау ұрпақтың, яғни еліміздің стратегиялық дамуының қамы. Спортшыларымыздың әлем­дік деңгейдегі беделді жарыс­тар­да қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қа­зір­гі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты, тағы да басқа ұлттық спорт түрлерін дамытуға айрық­ша ден қойылуда. Ұлттық спорт түрлері бойынша көптеген жарыстар да өткізілуде. Осы жарыстарда еліміздің, оның ішінде оқушыларымыздың спорт саласында қандай жетістіктерге жеткенін ескерсек, соның өзі Елбасының салауатты өмір салты ұстанымының өз жемісін бергенін айғақтайды. Еліміз спортшылары әрқашан да халықаралық ареналарда ірі табыстарға жетіп жүр.

Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл - күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Соны білген ата-бабаларымыз да «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық» деп бекер айтпаған. Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Оны ата-бабамыз да жақсы түсінген, иә, ол кезде ешқандай спорт комплекстері, спортпен айналысатын бүгінгідей құрал-жабдықтар, тіпті спорттың түрлері де жақсы дамымаған еді. Есесіне ол кезде қазақтың балалары жас кезінен бастап асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп, шымыр да шыныққан, епті де икемді болып ержетті. Ал қазіргідей қимыл-қозғалысы аз заманда балалардың төзімді, шымыр, болып қалыптасуы үшін спорт керек-ақ. Сол себепті де спортқа баланы жастайынан баулу мақсатында мектепте көптеген спорт түрлерінен үйірмелер, секциялар бар. Бала спортпен түбегейлі айналыспағанның өзінде де зиянды әрекеттерден аулақ болып, шама-шарқынша мектепте жаттығулар жасап, денені шынықтыруына болады. Қазір де спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т. б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген. Сол бағытта мектебіміздің бірнеше балалары жарыстардан орын алып жүр. Сөзімізге дәлел ретінде Алматы облысының Білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің орталығы ұйымдастырған желтоқсан айындағы мектеп оқушыларына арналған қашықтықтан өткен «Баскетбол добын себетке салу» жарысын айтсақ болады. Онда мектепбімізден бірнеше балалар жүлделі орындарға ие болды. Мысалы, 5 сынып оқушысы Мұса Абдурахман мен 7 сынып оқушысы Нұрқожаев Омар І орынға ие болды. Одан кейінгі Алматы облыстық аудандар арасындағы жарыстарда жүлделі орындарды алып, жарыстардың барлық түріне белсене қатысып, алдыңғы қатарда жүрген Қарасай ауданының жеңісі де менің кеудеме қуаныш ұялатады.
Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін білімнің қажеттілігін, дене тәрбиесінің, спорттың қажеттілігін жақсы ұғына білетін сауаттылығына қуанамын. Өйткені біздің міндетіміз - жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру. Сөз соңында сол жолда талмай еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі жана берсін, оқушыларымыз спорттың әрбір саласынан тек жетістіктерімен көріне берсін дегім келеді!

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

«А.Байжанов атындағы орта мектеп» КММ

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Кошымбетова А.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12