Материалдар / мыс және оның қосылыстары

мыс және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мыс және оның қосылыстарының қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады, қолданылуы мен ағза үшін маңызын біледі;
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Мектеп: «Ақалтын» ж.о.м.

Күні: 15.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сахова Клара Байдосовна


Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мыс

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мыс элементін сипаттап, қосылыстарын атай алады;

Басым бөлігі: Мыс және оның қосылыстарының қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады, қолданылуы мен ағза үшін маңызын біледі;

Кейбір оқушылар: Мыс және оның қосылыстарына тән үдерісті сызып, талдап береді, маңызын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

  • Мыс және оның қосылыстарының маңызын біледі;

  • Алынуы мен қолданылуын сипаттап, ағза үшін маңызын ажыратады;

Дағдылар

Сын тұрғысынан ойлау, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті

Пәнаралық байланыс

биология, физика

Алдыңғы білім

d элементтерге жалпы сипаттама

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа аударамыз. «Атом және молекула» әдісі көмегімен сыныпты төрт топқа бөлеміз: Оқушыларға еркін жүруіне ыңғайлы етіп ортаға шақырамын да «Атом!» деген кезде оқушылар бір-бірден жүреді, «екі атомды молекула!» дегенде екі-екіден жұптасады, қайтадан «Атом!» деген кезде оқушылар қайта бір-бірден жүреді. «Төрт атомды молекула!» дегенде төрт-төрттен бірігіп тұрады – сол құрған топтары ары қарай сабақты жалғастыратын топтар ретінде орындарына отырады:

1-ші топ – «Атом» тобы

2-ші топ – «Молекула» тобы

3-ші топ – «Электрон» тобы

4-ші топ – «Протон» тобы

«Сұхбаттасу» әдісі. Мұғалім әр топ мүшелеріне сұрақтар қояды, әр дұрыс жауап стикермен бағаланады:

  1. d-элементтеріне сипаттама бер.

  2. d-элементтердің периодтық жүйеде орналасу ерекшелігі неде? (сырттан санағанда екінші деңгейде орналасады)

  3. d-элементтер неліктен ауыспалы элементтер деп аталады? (s және p элементтерінің арасында орналасқандықтан)

  4. d-элементтердің ең жоғарғы валенттігі қандай болады? (топ нөміріне сәйкес)

  5. Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйеде қазір барлығы неше d-элементтері бар? (35)

  6. d-элементтердің оксидтері тотығу дәрежелеріне байланысты қасиеттерінің ерекшелігі неде? (негіз- екідайлы-қышқыл болып өзгереді)

  7. Хлор және марганецтің атомдарының электрондық құрылысының ұқсастығы мен айырмашылықтарын ата. (ұқсастығы-екеуінің де ж.т.д. +7, айырмашылығы – Cl – p-элементі, Mn – d-элементі)

  8. d-элементтердің тотығу дәрежелерінің ерекшелігі не? (тек +)















АКТ

Стикер

Микрофон


Сабақтың ортасы


















































«Миға шабуыл» әдісі.  Мұнда ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеу әрекеттері қолданылады. Төменде көрсетілген проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды.

  • Мыс элементі туралы не білеміз?

  • Мыстың біздің өмірімізде алатын орны қандай?

Оқулықпен жұмыс. 158-161 бет.

«Кластер» әдісі. Бұл тапсырма жұппен орындалады: топ ішінде өз еріктерімен жұп құрады да кластерді оқып, түйінді сөздер арасындағы байланысты тауып, сызық арқылы байланыстыруы қажет:

1-топ. А)Мыстың табиғатта таралуы

Ә) Мыстың алынуы;

2-топ. А) Мыстың жай заттармен әрекеттесуі

Ә) Мыстың күрделі заттармен әрекеттесуі;

3- топ. А) Мыстың физикалық қасиеттері

Ә) Мыстың қосылыстары;

4-топ. А) Мыстың қолданылуы

Ә) Мыстың тірі ағза үшін маңызы;


Критерий

Дескриптор

Тақырыптың ашылуы

  • Тақырып толық ашылды

  • Жартылай ашылды

  • Ашылмады

Кластерді дұрыс құрастыруы

  • Кластерді дұрыс құрастырды

Оқушылардың сөйлеу мәдениеті

  • Сөйлеу мәнері

  • Жеткізе алды

  • Терминдерді қолдану

Сарамандық жұмыс.

Оқушылар бейнебаяндағы тапсырмада көрсетілген тәжірибені түсіндіріп, тақтада берілген кестені толтырулары қажет.


Не істедің?

Не байқадың?

Реакция теңдеуі

Қорытынды

1

Сu + 4HNO3

Қоңыр түсті газ

Сu + 4HNO3 (конц.) Сu(NO3)2+NO2↑+2 H2О


Азот қышқылында мыс ериді

2

CuSO4+Na2SO3

Жасыл тұнба

CuSO4+Na2SO3 = CuSO3 + Na2SO4

Мыс сульфиті тұрақсыз тұнда түзеді

3

CuSO4 + Fe

Электродта мыс ұнтағы

CuSO4 + Fe = FeSO4 +Cu


Мыс сульфатын электролиздеу арқызы мыс алуға болады

4

CuCl2 + NaOH

Көк тұнба

CuCl2 + NaOH = Cu(OH)2 + NaCl


Мыс гидроксиді көк түсті ұлпа тәріздес тұнба


Критерий

Дескриптор

Реакцияны дұрыс жазады

- Реакцияны дұрыс жазды

- Реакцияны дұрыс теңестірді

Кестені толық орындай алуы

Кестені толықтай орындай алды




«Кір жайғыш» әдісі.

1-топ. CuO →Cu → CuСІ2 →Cu(ОН)2

Мыстың табиғатта таралуы қандай?

Мыстың балқу температурасы қандай?

Мыстың ағза үшін маңызы неде?

2-топ. CuSO4 Cu(OH)2 CuO CuSO4

Мыс табиғатта қандай қосылыстар түрінде таралған?

Таза мыс қандай, сипаттап бер?

Мыс адам ағзасы үшін зиян ба?

3. Cu →CuCl2 Cu(OH)2 → K2[Cu(OH)4]

Мыстың Қазақстандағы ең ірі кен орындарын ата

Мысты қандай әдістермен аламыз?

Мыстың қолданылуы жайлы не білесің?

4 Cu2O → Cu → CuO → CuSO4

Жай зат мысты қай қасиеттері үшін техникада көп қолданады?

Мыстың қорытпаларын атап бер

Мыстың өсімдік ағзасындағы ролі қандай?











плакаттар, маркер, стикер

13 Қырқүйек 2021
647
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі