Мыс, мырыш, темір, хром металдары бойынша алған білімді қорытындылау. Сандық есептер (металдар қатысуымен жүретін химиялық реакция

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мыс, мырыш, темір, хром металдары бойынша алған білімді қорытындылау. Сандық есептер (металдар қатысуымен жүретін химиялық реакция

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал толық оқулықпен қамтылған. 10 сыныпқа арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Күні


Сабақ:

Модуль

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»

Сабақтың тақырыбы

Мыс, мырыш, темір, хром металдары бойынша алған білімді қорытындылау. Сандық есептер (металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептеулер.

Сабақтың мақсаттары

- Оқушылар d-элементтер бойынша алған білімдерін қорытындылайды;

- Сандық есептер шығару арқылы химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады;

- Топта, ұжымда жұмыс істей алады.

Табыс критерийлері

- Мыс, мырыш, темір, хром металдарының химиялық қасиеттері бойынша алған білімдерін қолдана отырып, сандық есептерді дұрыс шығара алады;

- Элементтердің кен орындары орналасқан жерлерін географиялық картадан таба алады;

- Металдарды өндіру жолдарының химиялық реакция теңдеулерін жаза алады.

Түйінді идеялар

- Мыс, мырыш, хром және темір металдары бойынша алған білімдерін бекітеді;

- Алған білімдерін болашақта қолданады;

- Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

3 минут

«Сапарға шығайық» ойыны: Оқушыларға шеңбер бойымен тұрып, сапарға шыққанда өздерімен бірге қандай тағам алатындарын айту тапсырылады. Тағамның атауы оқушылардың өздерінің есімдерінің алғашқы әрпінен басталуы қажет.

Ортаға шығып, шеңбер бойымен тұрады. Сапарға шыққанда өздерімен бірге қандай тағам алып баратындарын айтады.

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын құру, жағымды эмоционалдық күй тудыру.



2 минут




Топқа бөліну: Түрлі түсті қалпақтар бойынша 4 топқа бөлінеді.

1-топ – көк қалпақ, «Мыс» тобы;

2-топ – сары қалпақ, «Мырыш» тобы;

3-топ – қара қалпақ, «Темір» тобы;

4-топ – қызыл қалпақ, «Хром» тобы.


Оқушылар өздеріне ұнаған қалпақтарды таңдап алады да, мұғалім нұсқауы бойынша топтарға бөлінеді.

5 минут

«Элемент визиткасы»: Оқушыларға карточкалар таратылады. Сол карточкаларға мыс, мырыш, темір, хром элементтерінің периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, физикалық қасиеттерін жазу және айту қажет.

Берілген карточкаларға мыс, мырыш, темір, хром элементтерінің периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, физикалық қасиеттерін жазып, айтады.


Элемент визиткасы

Аты-жөні


Мекен-жайы


Салмағы


Жеке қасиеттері




7 минут

«Шытырман реакция»: Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып, салыстырмалы атомдық массалары арқылы элементтердің алынуының химиялық реакция теңдеулерін тауып жазады, ал топтағы қалған оқушылар сол реакция теңдеулерін түсіндірулері қажет.

Мыс: Мысты сульфидтік мыс кендерінен пирометаллургиялық, ал оттекті құрамды кендерінен гидрометаллургиялық жолмен өндіреді. Біріншісі мысты мыс жылтырынан пирометаллургиялық жолмен өндірудің реакция теңдеуі:

2Cu2S + 3O2 → 2Cu2O + 2SO2

Содан кейін мыс оксиді қалған мыс жылтырымен реакцияға түсіп, мыс алынады:

2Cu2O + Cu2S → 6Cu + SO2

Гидрометаллургиялық жолмен өндіргенде құрамында мыс оксиді түрінде мыс болатын кендерді қолданады, оны сұйылтылған күкірт қышқылымен өңдейді:

CuO + H2SO4 → CuSO4 + H2O

Алынған ерітіндіден мысты электролизбен немесе темір көмегімен ығыстырып шығарады:

CuSO4 + Fe → Cu + FeSO4

Мырыш: Мырышты пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық жолдармен өндіреді. Пирометаллургиялық жолмен өндіргенде кенді өртеу процесінде алынған мырыш оксидін көміртекпен тотықсыздандырады:

2ZnS + 3O2 → 2ZnO + 2SO2

ZnO + C → Zn + CO

Гидрометаллургиялық әдісте өртеуден кейін алынған өртенді күкірт қышқылымен өңделеді:

ZnO + H2SO4 → ZnSO4 + H2O

Ерітіндіні қоспа заттардан тазалап, мырышты электролизбен бөліп алады:

2ZnSO4 + 2H2O → 2Zn + 2H2SO4 + O2


Темір: Темірді оның оксидтерін көміртек оксидімен, сутекпен, алюминиймен тотықсыздандырып алады:

Fe3O4 + 4CO → 3Fe + 4CO2

FeO + H2 → Fe + H2O

Fe2O3 + 2Al → 2Fe + Al2O3

Хром: Хромды пирометаллургиялық және алюминтермиялық жолмен өндіреді. Пирометаллургиялық әдісте хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырады:

FeO∙Cr2O3 + 4C → 2Cr + Fe + 4CO

Алюминтермиялық әдісте хром оксидін алюминиймен тотықсыздандырады:

Cr2O3 + 2Al → Al2O3 + 2Cr


Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады. Салыстырмалы атомдық массалары арқылы элементтердің алынуының химиялық реакция теңдеулерін тауып жазады. Ал топтағы қалған оқушылар сол реакция теңдеулерін түсіндіреді.


Мыс тобы:

1) 642.32 + 162 → 642.16 + 32.162

2) 642.16 + 642.32 → 64 + 32.162


3) 64.16 + 12.32.164 → 64.32.164 + 12.16

4) 64.32.164 + 56 → 64 + 56.32.164


Мырыш тобы:

1) 65.32 + 162 → 65.16 + 32.162

2) 65.16 + 12 → 65 + 12.16

3) 65.16 + 12.32.164 → 65.32.164 + 12.16

4) 65.32.164 + 12.16 → 65 + 12.32.164 + 162


Темір тобы:

1) 563.164 + 12.16 → 56 + 12.162

2) 56.16 + 12 → 56 + 12.16

3) 562.163 + 27 → 56 + 272.163


Хром тобы:

1) 56.16∙522.163 + 12 → 52 + 56 + 12.16

2) 522.163 + 27 → 272.163 + 52


3 минут

«Географиялық карта»: Мыс, мырыш, хром, темір элементтерінің кен орындары орналасқан жерлерін географиялық картаға белгілеп, көрсетулері қажет. Оқушыларға барлығы 3 минут беріледі. «Timer» программасы арқылы уақыт көрсетіліп тұрады.

Мыс – Жезқазған, Павлодар, Ақтөбе, Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ кен орындары.

Мырыш – Қарағанды, Өскемен, Риддер, Зырян, Текелі, Ащысай кен орындары.

Темір – Соколов-Сарыбай, Лисаков, Аят , Қарағанды, Көкшетау, Жезқазған кен орындары.



Хром – Ақтөбе, Хромтау, Жітіқара, Қостанай, Кемпірсай кен орындары.


Мыс, мырыш, хром, темір элементтерінің кен орындары орналасқан жерлерін географиялық картаға белгілеп, көрсетеді.










10 минут

«Кім жылдам?»: Оқушыларға сандық есептер шығару тапсырылады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға шығарады. Ал қалған оқушыларға карточкалар таратылады, сол карточкадағы тапсырмаларды орындайды. Барлығы 10 минут беріледі. Интербелсенді тақта арқылы уақыт жүріп тұрады.


«Мыс» тобы: Металл мысқа концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 6,72 л (қ.ж.) газ бөлінді. Реакцияға түскен мыстың массасын есептеңіз. Жауабы: 9,6 г.


«Мырыш» тобы: Массасы 30 г мыстың мырышпен құймасын күкірт қышқылымен өңдегенде, 4,4 л (қ.ж.) сутек газы бөлінген. Бұл құймадағы мыстың массалық үлесін есептеңіз. Жауабы: 57%.


«Темір» тобы: Массасы 12 г мыс пен темір қоспасын концентрлі азот қышқылымен өңдегенде 4,48 л (қ.ж.) газ бөлінген. Осы қоспадағы темірдің массалық үлесін есептеңіз. Жауабы: 47%.


«Хром» тобы: Құрамында хром (ІІІ) оксиді және 12% қоспасы бар 20 кг кеннен алюминтермиялық жолмен алынған хромның массасын есептеңіз. Жауабы: 12 кг.


Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға есеп шығарады. Қалған оқушылар карточкалардағы тапсырмаларды жеке, өз беттерімен орындайды.



Қосылыс

атауы

Қосы-лыс

форму-ласы

Mr және w(Cu)

Халько-пирит




Халь-козин



Куприт





5 минут

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі: Әр топқа тақырыптар беріледі. Алты адамнан тұратын топтар жұптарға бөлінеді: А және Ә, Б және В, Г және Ғ.

1-қадам: А Ә-ден, Б В-дан, Г Ғ-дан сұхбат алады;

2-қадам: керісінше Ә А-дан, В Б-дан, Ғ Г-дан сұхбат алады;

3-қадам: әр оқушы өз жұбынан алған ақпаратпен алты адамдық топ ішінде бөліседі.


Топтардағы оқушылар жұптарға бөлінеді. Алдымен бір-бірінен кезекпен-кезек сұхбат алады. Кейін топта алған ақпараттарымен бөліседі.

Тақырыптар:

«Мыс» тобы: «Мыстың биологиялық рөлі»

«Мырыш» тобы: «Мырыштың биологиялық рөлі»

«Темір» тобы: «Темірдің биологиялық рөлі»

«Хром» тобы: «Хромның биологиялық рөлі»


5 минут

«Білім ағашы»: Ағаштың суреті бейнеленген қағаздан жапырақ бейнесіндегі стикерлерді алып, сұрақтарға жауап беру қажет. Әр топтан екі оқушыдан шығады.

Сұрақтар:

1. Мыс гидроксиді қандай түсті тұнба?

2. Мыс гидроксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуінің химиялық реакция теңдеуін жаз.

3. Мырыш гидроксиді қандай түсті тұнба?

4. Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесуінің химиялық реакция теңдеуін жаз.

5. Хром (ІІ) гидроксиді қандай түсті тұнба?

6. Хром (ІІ) хлоридінің натрий гидросидімен әрекеттесуінің химиялық реакция теңдеуін жаз.

7. Темір (ІІ) гидроксиді қандай түсті тұнба?

8. Темір (ІІ) гидроксидінің темір (ІІІ) гидроксидіне айналуының химиялық реакция теңдеуін жаз.


Әр топтан екі оқушыдан шығып, ағаштың суреті бейнеленген қағаздан жапырақ бейнесіндегі стикерлерді алып, сұрақтарға жауап береді.

Рисунок 1








3 минут

«Қатені тап»: Химиялық реакция теңдеулерінен қателіктерді табу қажет.

Мыс: CuSO4 + 2NaOH → Cu(OH)2 + Na2SO4

CuO + 2HNO3 → Cu(NO3)2 + H2O

Cu(OH)2 CuO + H2O

Мырыш: Zn(OH)2 + 2HCl → ZnCl2 + 2H2O

Zn + 2NaOH → Na2ZnO2 + H2

Zn + O2 2ZnO

Хром: 2CrO3 + H2O → H2Cr2O7

CrO + HCl → CrCl2 + H2O

2Cr + 3S → Cr2S3

Темір: FeSO4 + 2KOH → Fe(OH)2 + K2SO4

4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O → 4Fe(OH)3

Fe + S → FeS

Химиялық реакция теңдеулерінен қателіктерді табады.

Мыс: CuSO4 + 2NaOH → CuOH + Na2SO4

CuO + HNO3 → Cu(NO3)2 + H2O

Cu(OH)2 → Cu2O + H2O

Мырыш: Zn(OH)2 + 2HCl → ZnCl2 + H2O

Zn + 2NaOH → Na2ZnO2 + H

2Zn + O2 → Zn2O

Хром: 2CrO3 + H2O → HCr2O7

CrO + HCl → CrCl + H2O

2Cr + S → Cr2S3

Темір: FeSO4 + 2KOH → Fe(OH)2 + KSO4

4Fe(OH)2 + O + 2H2O → 4Fe(OH)3

Fe + S → 2FeS


2 минут

Қорытынды:

«Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер!» – деп ұлы Абай атамыз айтқандай, әрдайым білім жолын қуып, биіктерден көріне беріңіздер!

Рефлексия: Әр топқа қол пішіндері бейнеленген қағаздар таратылады.

Таратылған қағаздарға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі