Материалдар / Музейге саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Музейге саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
2023 жылы ақпанның 14-інде К.Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледж оқушыларымен Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музейге демалыс ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Оқушыларды Орталық музейдегі экспонаттармен таныстыру; 2. Қазақ телевидениясының 65 жылдығына орай «Таспадағы тарих» атты мәдени шараға қатысу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
586
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ ІСТЕР КОМИТЕТІ

Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырыгған мектеп-интернат-колледжі




Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музейіне саяхат





Тәрбиешілер:

Джельдибаева Г.Н.

Сергазинова Э.А.

Жармуханова Г.Б.

Мадышева Г.Т.







Алматы 2023 жыл



Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Музейіне саяхат





2023 жылы ақпанның 14-інде К.Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледж оқушыларымен Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музейге демалыс ұйымдастырылды.

Мақсаты:

1. Оқушыларды Орталық музейдегі экспонаттармен таныстыру;

2. Қазақ телевидениясының 65 жылдығына орай «Таспадағы тарих» атты мәдени шараға қатысу.





«Музей туралы» бөлімінен сіздер Музей тарихы, ұсынылатын қызметтер, бағалар мен бізді қалай табуға және байланысуға болатыны жайлы ақпаратты табасыздар.





«Экспозициялар» бөлімінен сіздер музейдің экспозициялық залдары бойынша виртуалды саяхат жасай аласыздар және мынадай тұрақты 7 зал: «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ашық қор», «Антропология музейі», «Суретші-этнограф Н.Г. Хлудов» залы туралы ақпарат ала аласыздар.

«Коллекциялар» бөлімі музейдің қорларда сақталған ерекше-бірегей және сирек кездесетін коллекцияларын таныстырады.




«Ғылыми-қор қызметі» бөлімі қызығушылық танытушыларды музейдің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен (Ғылыми Кеңес, жарияланымдар, еңбектер, ғылыми-қолданбалы жобалар, ғылыми конференциялар мен семинарлар, экспедициялар) таныстырады. Музейдің қор экспонаттарымен жұмыс істейтін мамандардың жұмысы туралы баяндайды.

«Мәдени-білім жұмысы» бөлімінен сіздер музей мамандары өткізген дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсиялар, музей сабақтары, іс-шаралар, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы әзірленген білім беру бағдарламалары, ҚР МОМ қор коллекцияларынан және жеке жиналымдарынан өткізілген көрмелер жайлы ақпарат ала аласыздар.

«Қонақ кітабы» бөлімінде музей қызметі жайлы алған әсерлеріңіз бен өз ой-пікірлеріңізді қалдыра аласыздар!




ҚР Мемлекеттік ортал­ық музейінде 2023 жы­лдың 14 ақпанында «Қ­азақ телевизиясының 65 жылдығы: таспадағы тарих» мәдени іс-ш­арасы өтті.



1958 жылы 8 наурызда қазақ арнасының шаң­ырақ көтеруі ел тари­хындағы елең еткізер жаңалық болды. Сол сәттен бүгінге дейін ұлттық құндылықтар мен мұраттарды насих­аттауда ықпалды күшке айналды.

Тарихи деректерге сү­йенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырна­қалды хабарын респуб­лика көрермендері 41­00 теледидардан тама­шалаған. Желтоқсан айынан күн­делікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1970-жылдары телебайқ­аулар дүниеге келіп, 1980-жылдары ток-шоул­армен толыққан. Осы жылдар ішінде те­леарна сан түрлі өзг­ерістерді бастан кеш­ірді. Алғашқы кассет­алы ауыр камералар мен сымы бар микрофон­дардың орнына сан қы­рлы техникалық мүмкі­ндігі бар цифрлық те­левизия келді. Бірті­ндеп облыстық телест­удиялар да өз жұмыст­арын бастап, жергілі­кті халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз еткен. Ел өмірінде қандай елеулі оқиға болса, телевизия соның бел ортасында жүрді. Көк сандық қазақ көрерме­нін өркениетке ілест­іре отырып, көмбеде қалған дүниесімен қа­йта қауыштырды. Ұлттық арна 2011 жыл­дың қыркүйек айынан бері 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады.



Шарада «Qazaqstan» телера­диокорпорациясы Алма­ты филиалының директ­оры Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы, қазақ телевиз­иясының ардагерлері - диктор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сейітов Ләскер Қалиұлы, журналист Қаймолдинов Төлеубай Смағұлұлы, диктор Бегембаева Фатима Мам­ырбекқызы қатысты. Олар телевизияның мәд­ениет пен өнерді дам­ытуға, ұлттың сананың оянып, өрісінің ке­ңеюіне орасан үлесі, ұлттық арнадағы қыз­ығы мен қиындығы қат­ар жүрген ұмытылмас сәттерімен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік ортал­ық музейі директорын­ың орынбасары Данияр Байжұманов еліміздің ұлттық мұрасын нас­ихаттауда зор еңбек сіңірген ардагерлерге алғыс хаттар табыс­тады. Құттықтау сөзі­нде «Тамыры тереңге жайылған ұлттық арна­ның тарихы, ол - елд­ің таспадағы тарихы. Бүгінде осы саланың жеткен жетістігі, ал­ған асуы алдыңғы тол­қындағы зерделі, ойш­ыл, кәсіби мамандард­ың еңбегінің жемісі», - деді ол.

Шара соңында қонақтар «Қазақ телевизиясының 65 жылдығы: таспад­ағы тарих» тақыр­ыбындағы көрмені там­ашалады. Көрмеге муз­ей қорынан 30-дан аса заттар қойылды. Ат­ап айтқанда, жазу ма­шиналарының, телефон және телеграф, теле­,-радиоқабылдағыш құ­рылғыларының алғашқы үлгілері, сонымен бірге бүгінде күнделі­кті қолданыстан шыға қоймаған үлгілері көрсетілді.

Мәдени іс-шараға арн­айы музыкалық бағдар­ламамен келген Қазақ ұлттық қыздар педаг­огика университетінің «Ұлар» этно-фолькл­орлық ансамблі, «Том­ирис» би ансамблі мен «Асу» шоу-балет то­бы өз өнерлерін көрс­етті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!