Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Музыка ойындары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Музыка ойындары
Баяндамада қазіргі таңдағы
мектепте музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке
баулудың басты мақсаттары мен әдістері
қарастырылады. Музыка сабағында
оқушылар ән айту, аспаптық мәдениетті, эстетикалық, этикалық және
адамгершілік нормаларын меңгереді. Сонымен қатар, шешендік айтыс,
жыр-терме, ән айту, суырып салма ақындық өнерімен етене танысады.
Оқушылар музыка сабағында: эстетикалық сезім мен эмоциялық
көңіл-күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Сабақта
оқушылар ән және аспаптық мәдениетті меңгере отырып, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру мен арттыра түсудің маңызы зор екені
баяндалады.
Кілт сөздер: музыка өнері, көркем шығарма, музыкалық тәрбие,
эстетикалық талғам, мәдени деңгей, екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр,
гармония, өлшем.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы
алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей
байланысты.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында
білім беру саласының ең негізгі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас,
толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға тәрбиелеу.
Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім
беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік
нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны
ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға
қатыстыра отырып олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық
мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.
Оқу тәрбие барысында мектепте негізгі оқушыларды өз халқының
ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты
ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайта табыстырумен қатар
және меңгерту болып табылады. Музыка өнері әрбір оқушыны әсемдік
әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени
деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам
мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және
заңдылығы болуы керек.
Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын,
яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып
қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның
таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру,
нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық
талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың
рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем
шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді
орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық
тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ойшыл ақын
жеке адамның эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын
қарастырады. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке
баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені
бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің
әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып
жатады.
Мектепте музыка сабағында: шешендік айтыс, суырып салма ақындық
өнері, ән айту, жыр-терме, театр өнері өз бейнесін тапты. Сонымен
қатар, ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың
адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптастыруына, мәдени
дәстүріне деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізді,
оқу-тәрбие процесінің сапасын арттырды. Оқушылардың әсемдікті
түсіне білу қабілетін дамытады.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі,
ұғынықты келуі, әрі ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын
қажет етеді.
Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны
салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады: а) музыка
сабағында ұғымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және
музыкалық шығармаларды талдауы); ә) өз бетінше қатысуы; б) музыканы
кездейсоқ тыңдауы.
Сондай-ақ, оқушылардың сабақ барысында шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыруда ынталандырудың маңызы зор.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге
асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп
тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау,
әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық
қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында
тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді», т.б.
өзгерісін бақылап, сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық сезім мен
эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы
өз жауабын жолдастарының жауаптарымен салыстыра отырып, пікірінің
дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның
музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка шығарманы
талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдік құралын,
көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде
алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын
кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Музыка мұғалімі
сабақты талдауы үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай
аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, алдына басты мақсат
етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің
болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп
пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы
әр сабақ сайын әр оқушылардың сөздік қоры молайып, талдау
мүмкіндігі кеңейе түседі.
Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы
салыстыру оқушыға өз ойын жеткізуге жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән
және күй жанрдың ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау мен
қатар тиісті айырмашылығы (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса,
бірі жоғары, екіншісі төмен регистрге орындалуы) арқылы
тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы
осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсенді қатысу
барысында, оқушылардың жаңалыққа деген құмарлықтары пайда болады;
өз бетімен жұмыс жасай алады; музыкаға қатысты ақпарат көздерін
тани біледі. Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп
күрделене береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылу
оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашумен
берге, олардың өздік пікірін айта алатындай деңгейге жеткізеді.
Тақырып шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан,
оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған
жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де
болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық
тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл-күйдің
(жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға
үйретіп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай
ауысады.
О.Апраксина: «Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта
болуы шарт» - дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін
түсіндірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы рөлін
анықтауға күш салған жөн. Әрине, оның рөлін әр оқушы өзінің
түсінігіне, тәжірибесіне сүйеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға
шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата
түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет.
Тыңдауды неден бастау керек? Бұл – музыка тыңдауға үйретудің
күрделі де маңызды мәселесінің бірі.
Жалпы, қабылдау процесі жөнінде О.Апраксина: «...кез келген
қабылдау күрделі процесс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады,
нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы
түзіледі. «Музыкалық қабылдау – оның мәні шындықтың көркем бейнесін
музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік
ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті» - деп атап
көрсетті. Музыкалық шығарманы қабылдау процесі үстінде оқушы оны
толық тыңдайды, бірақ толық түсінбеуі немесе мүлде түсіне алмауы
мүмкін. Бұл оның музыка тыңдаудағы тәжірибе ауқымына байланысты
қабылдайды. Музыкадағы барлық оқиға желісі музыка үнінің құдіретті
тілі арқылы жеткізіледі. Егер, оқушы күрделі мазмұнға құралған
байланысы бар кесек туындыларды тыңдай білмесе, шығарманы толық
түсіне білу қиын. Сөз жоқ, ішкі мазмұны музыка тілі арқылы
берілетін күрделі шығармалардың негізгі өзегі оның әуені болып
табылады. Ал, тыңдаушы музыкалық білімнің, әсіресе тыңдау
қабілетінің аздығынан сол әуеннен ештеңені сезіне алмай, музыканы
шала ұғып, эстетикалық әсерленуі ойдағыдай болмайды. Кейде соның
салдарынан музыкалық шығарманы түсінбей де қалады. Бұдан басқаны
қабылдау үшін оны тек тыңдап қана қою жеткіліксіз екенін
аңғарамыз.
Музыкалық шығарманы талдап, тыңдаудың екінші жағы – музыканы ойнап
көрсету. Мұғалім шығарманы өзі орындайды немесе үнтаспадан
тыңдатады. Бастауыш сыныптарда музыкалық шығарманы мұғалім өзі
орындап көрсеткені тиімді. Бұл сыныптарда өтілетін музыкалық
шығармалардың көлемі шағын болғанымен, орындауы үлкен шеберлікті
қажет етеді. Бір шығарманы әртүрлі аспапта ойнап көрсету, мәнерлі
орындау. Ойнатуда мұғалімнің мүмкіндігі жетпеген жағдайда музыкалық
шығармадан үнтаспадан тыңдатылады. Оны қалай түсінуге болады?
Күрделі шығармадан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің
құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай да орындау
ауыстыра алмайды. Ортатория, кантата, опера, симфониядан алынған
үзінділерді үнтаспадан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Қай
жағдайда да, орындаушы – шығарма мазмұнын жеткізуші. Шығарманы
тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар
жүйесін сабақтан бұрын жан – жақты ойластырып алу қажет. Бұл
мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы оқушыларға
нені меңгертетінін өзі анықтап алады. Қойылатын сұрақтар жүйесін
дайындауда тағы бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы
музыкалық жабдықталу деңгейі. Осы екеуін ескере отырып, нақты
сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық, қысқа, нақты, дұрыс жауапқа
бағыттау арқылы оларды жалпы мәселеден ең бастысын қорытындылай
білуге үйретеді.
Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оқушының сезімін
(эмоция) ояту. Оқушылардың сабақ үстіндегі эмоциялық өзіндік
іс-әрекеттері бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады.
Сезімді (эмоция) ояту үшін қабылдауда белсенділік мақсаты
қойылады.
Бірінші мақсат: а) музыкалық шығарманың мазмұнын оқушылармен бірге
талдау; ә) музыка-дидактикалы ойындар ұйымдастыру; б) тиімді әдісті
таңдап ала білу;
в) оқушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін
ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге
асырылады.
Екінші мақсат – музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін
белгілі бір деңгейде музыкалық білім болуы керек. Сондықтан, бұл
міндетті жүзеге асыру үшін, нота сауатын меңгеру мақсаты
қойылады.
Нота сауаты: а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, саз,
ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем, т.б.) музыкалық шығарма
мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру;
ә) әнді нотамен орындау; б) түрлі көрнекіліктер пайдалану; в)
ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, қолды ырғақпен
шапалақтап ұру) арқылы меңгертіледі.
Үшінші мақсат – музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға
үйрету арасында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Орындаушылық
дағдыларды меңгерту арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады.
Бұл мақсат: а) вокалды хор дағдыларын; ә) аспапта орындау дағдысын;
б)ырғақтық-би дағдыларын; в) шығарманы тыңдап, талдай алу дағдысын
меңгерту арқылы жүзеге асады;
Үшінші міндеттегі тағы бір мақсат – оқушының шығармашылық қиялын
дамыту:
а) ладтық сезіміне байланысты сурет салуға; ә)суырып салып айтуға
(импровизациялау) баулу арқылы жүзеге асырылады.
Музыка пәнінің мұғалімі осы үш міндетті жүзеге асыру арқылы
оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырады, әр түрлі жанрдағы
музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырата білуге үйретеді.
Қазіргі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды
мәселелердің бірі – осы ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін
терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін
нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны саналы түрде қабылдауға
баулу – музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі міндеттерінің
бірі. Өйткені, ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін
қалыптастырудың алғашқы шарты болып есептеледі. Мектептегі мақсатты
бағытталған және жүйелі қойылған музыкалық білім беру жұмыстары
музыка сабағында іске асырылады. Пәннің аталуынан-ақ оның басқа
пәндерден айырмашылығы бар екендігін байқауға болады.
Мектептегі музыка сабағының басқа пәндерге ұқсастығы мен өнер
сабағы ретінде айырмашылығы бар. Оның басқа пәндермен ұқсастығы
мынада: оқу жоспарына енгізілтен барлық пәндердің негізгі
мақсатындағыдай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуінде;
кез-келген сабақтың жоспарын құрастырудағыдай психологиялық,
педагогикалық заңдылықтарға сүйеніп, балалардың жас ерекшеліктеріне
тән олардың қабылдауы, ақыл-ойы, қиялы ескерілуінде; оқытудың
барлығы жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылуында;
музыканың басқа пәндермен байланысында; әртүрлі іс-әрекеттерді
мақсатты қолданып, сабақтың бүтін өтуінде; оқытудың негізгі
әдістерін қолдануында.
Музыка сабағының айырмашылығы оның өнер сабағы екендігінде. Музыка
өнері - өмір шындығын айрықша бейнелеп, онда көңіл-күй, сезім
негізгі қызмет атқарады. Музыка арқылы оқыту процесінде тек ойлау
арқылы түсініп қана қоймай, сондай-ақ ақыл мен көңіл-күйдің, сана
мен сезімнің бірігуін талап етеді. Әдебиет пен бейнелеу өнерлері
музыкамен бірлесіп, адамның ішкі дүниесін ашады.
Музыка сабағының келесі айырмашылығы бірлескен көркемдік және
техникалық принципін қажет етуінде. Бұл не дегеніміз?
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның барлық
компоненттерінің көркем болуын талап етеді. Ән салу мен тыңдауға
арналған музыкалық шығармалар ғана көркем болып қана қоймай,
кез-келген сабақтың құрамына енгізілген элементтің, бір ғана
дыбыстың орындалуының өзі көркемді болуы тиіс. Шығарманың мәнерлі,
көркемді орындалуы оның техникасына байланысты. Сол себептен де,
көркемділікті-мақсат деп, ал техниканы - сол мақсатқа жету жолы деп
санауға болады. Соңғы айырмашылығы жұмыс жасау формасының ұжымдық
түрінде: бір мезгілде балалар бірге музыканы тыңдап,
орындауында.
Музыка сабағы оқу пәні ретінде тарихпен тығыз байланысты. Музыкалық
шығармалардың сазгердің шығармашылығында өзіндік орын алып,
бейнелеуіне себебі болған тарихи кезеңдер мен әлеуметтік
жағдайларды білу қажет. Сонымен қатар, тарихи жағдайларға да
музыканың әсер етуін түсіну қажет. "Музыка" оқу пәнінің қажеттілігі
жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеудегі музыкалық өнердің алатын
орнының мәнісінде. Музыка сабағында айрықша эмоционалды
атмосфераның орнауы қажет, себебі музыка - "сезім тілі". Музыка
балаларды толғандырып, олардың көңіл-күйіне белгілі әсерін
тигізеді. Музыкадан алған әсерлері мүғалімнің мәнерлеп орындап
берумен катар, оның түсіндіруінде, мимикасында, қол қимылдарында
күшейтіледі. Музыканың орындалуына оқушылардың назарын аударып,
қиялдарын дамытып, мұғалім олардың музыкалық бейнелердің әлеміне
енуге, оның мәнерлігін айқын сезінуге көмектеседі.
Әрбір сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен қайталанбайтын мәні оның
мазмұнына да байланысты болады. Оның мақсаты мен міндеттері,
мазмұны мен құрылысы, амал-тәсілдері мен әдістерінің барлығы да
дұрыс бағытта ойластырылған болуы керек, әйтпесе жақсы
жетістіктерге жете алмаймыз. Мұғалімнің сабаққа дайындығы оның
педагогикалық іскерлігіне, шеберлігіне байланысты болып, берілетін
музыкалық материалдардың тәрбиелеушілік, білімділік, дамытушылық
міндеттерін жүзеге асырады. Музыка сабағының мазмұнына әртүрлі
көңіл-күйдегі, сипаттағы шығармалар еніп, сабақтың бүтін өтілуіне
жету үшін құрылысын анықтау қажет. Сабақты құрастыруда әрбір
сыныптың жас ерекшелігін, балалардың ақыл-ойы мен эмоционалды
көңіл-күйіне түсетін жүктің дәрежесін ескеру керек. Музыка пәнінің
сабақ кестесіндегі орнына көңіл бөлу қажет. Музыка сабағының қандай
пәннен кейін өтілуінің де мәні бар. Музыка сабағы алдын-ала
құрастырылған жоспар бойынша өтіледі.
Бірақ іс-жүзінде мұғалім мен оқушылардың тікелей карым-қатынасы -
тірі процесс болғандықтан, оның құрамындағы кейбір бөлшектерін
болжау мүмкін емес.
Қазіргі уақыттағы музыка сабағының сапалылығы оқушылардың
белсенділігіне де байланысты. Белсенділік мәселелерін арттыруды тек
сабақтың құрылысын қызықты құрастыруда, оқушылардың қызығушылығын
оятудағы әдіс-тәсілдерді қолдануда ғана шеше алмаймыз. Себебі
мұғалімнің әрбір оқушыға көңіл бөлуіне де байланысты. Әрине бұл
міндет мұғалім алдындағы қиын міндеттің бірі, себебі, мүғалім
оқушылармен аптасына бір-ақ рет музыка сабағында жүздеседі. Сол
себептен де мұғалім оқушыларын білуі керек, олардың жақсы және
нашар дамыған жақтарын есінде сақтап, қызығушылықтары мен
бейімділіктерін ескеріп, баланың әлеміне еніп, әрқайсысының
жетістіктерін бағалай білуі керек.
Қазіргі уақыттағы мектептегі музыка сабағы арнайы жабдықталған
дәрісханада өтіледі. Дәрісхананың эстетикалық талғамда безендірілуі
музыка сабағының өнер сабағы екендігіне байланысты атмосфералық
көңіл-күйді тудыратындай болуы тиіс. Қорытындылай келе, сабақтың
жақсы деңгейде өтуіне сабақтағы қолданатын техникалық
құрал-жабдықтар мен көрнекілік құралдардың сапалылығына, мұғалімнің
оларды іскерлі қолдануына да
байланысты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дуйсембінова Р.К. Қазақтың әншілік өнері: Оқу құралы. – Алматы:
Өнер, 1998. – 110 б.
2. Дуйсембінова Р.К. Музықалық білім беру педагогикасы: оқу құралы.
- Талдықорған, 2006. -216 б.
3. Ахметова М. Ән өнері және уақыт. – Алматы: Өнер, 1993. – 198
б.
4. Балабеков Е. Қазақтың музыкалық фольклоры: Оқу құралы. – Алматы,
2006. – 157 б.
5. Ғизатов Б. Қазақ музыкасының терминологиялық сөздігі. – Алматы:
Өнер. 1987. – 232 б.
6. Қоңыратбай Т. Қазақ халқының музыкалық фольклоры //Музыка
әлемінде. 2004, №2. - 34-38 б.