«Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінің «Қыс қызығы» тақырыбына арналған конспектісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінің «Қыс қызығы» тақырыбына арналған конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның ересектер тобы тәрбиеленушілері мен музыка жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы



















«Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Тақырыбы: «Қыс қызығы»







Орындаған: Ф.О. Расулова





















Нұр-Сұлтан, 2021 ж.

«Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тобы: Ересектер

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Музыкалық шығарманы тыңдау және эмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жетілдіру. Әнді көңілді, ашық дауыспен, таза орындауға үйрету.

ҰОҚ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Барлығымыз қол ұстасып шеңберге тұрайық. Денемізді қыздырып алайық, достар!

Маршпен жүру, ары қарай қолымызды көтеріп, аяқ ұшымен жүру. қолымыз белде, өкшемізбен жүреміз, аяқтың сыртымен және ішімен жүру. Секіреміз жоғары, құлыншақтай шабамыз. Қолымызды қайшылау жаттығуы, оңға солға иілу. Ағаш тербетіп, екі жаққа қозғалу, жаттығу соңынан дем алып, тыныс шығару.

ІІ. Тыныс алу жаттығуы.

Терең тыныс алып, ұзақ созып шығарамыз. Ол үшін қолымызды жоғары көтеріп, ақырын төмен түсіреміз (бірнеше рет қайталау). Екінші жаттығуымыз, алқанымызды жұмып, ашып, тез тыныс алып, шыгару. Үшінші жаттығу, балалар, терең тыныс алып, барынша қолымыздағы қар ұлпаларын үрлеу.

ІІІ. Дауыс жаттығуы.

Балалар, дауысымызды жаттықтырып алайық. (буындарды нотаға салып айту; ми ми,мо мо, ля ля, до до т.б). Музыкалық ноталарды қайталап, ноталар әнін айту.

ІV. Музыка тыңдау. Музыкотерапия: Л.В Бетховен «Лунная соната»

V. Дидактикалық ойын: «Үнінен таңы»

Балалар қазір мен сендерге музыкалық аспаптарды жасырамын, сендер қай аспап екенін тауып көріңдер. (карточкада музыкалық аспаптар)


VI. Ән айту: Өткенді қайталау. Жаңа ән жаттау.


VІІ.Өткенді қайталау. Балалар, бізде жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі, дұрыс айтасыңдар. Ал, осы қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Жылы киініп, қар жауады, аяз болып, мұзды айдындар мен сырғанақтар жасаймыз. Сонымен қатар Аққала жасаймыз. Осы Аққаламыз туралы әнді қайталайықшы! Қазір «Аққала» әннін бірге айтамыз.


VІІI. Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалар, бүгін біз «Қыс күні» әнінің 2 шумағымен танысамыз. «Қыс күні» әнінде қар жауып, шана сүйретіп, қырға шығатынымыз жайлы айтылады. Ән жылдам, көңілді, жеңіл айтылады. Енді «Қыс күні» әнін мен бірінші жолын айтамын, сендер қайталайсындар, солай жалғаса береді. Қанеки, үйренейік!Бастайық!


ІХ. Музыкалық ойын: «Аққаланы жасаймыз»

Балақайлар мен сендермен аққаланы қалай шапшаң жасауға музыка арқылы үйреткім келіп тұр. Қимыл жасаймын, арырын темпте басталады, ары қарай темп жыламдығы қосылып отырады. Олай болса, сендер менің соңымнан қалмай қайталауға тырысыңдар


Х. Қорытынды. Рефлексия: Сонымен, балалар, бүгін біз не үйрендік? Қандай әндер тыңдадық? Дұрыс айтасыңдар, балалар! «Қыс күні» және «Аққала» туралы әндер тыңдадық және үйрендік. Жарайсыңдар! Енді қоштасатын уақыт келді! Сау болыңдар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2021
1316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі