400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер» Ашық сабақ оркестр пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып,шығармада қолдана білу.Оқушылардың халық музыкасы аспаптарына деген сүйіспеншіліксезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын,тыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер» Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Маденова Ақерке Орынбасаровна Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы Пәні: оркестрСабақтың мақсаты: білімділігі: Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып,шығармада қолдана білу.Тәрбиелігі: Оқушылардың халық музыкасы аспаптарына деген сүйіспеншіліксезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын,тыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: Ашық сабақСабақтың әдісі: а) теориялық ә) практикалықСабақтың жоспары: 1) Ұйымдастыру 2) Үй тапсырмасын тексеру 3) Жаңа сабақ а) теориялық ә) практикалық 4) Сергіту сәті 5) Қорытындылау 6) Үй тапсырмасы 7) Бағалау

Сабақтың жүрісі1.Ұйымдастыру:Оқушыларды тексеру,оқу-құралдарын тексеру.2.Үй тапсырмасын тексеру:«Кеңес» күйіне анализ жасатып,соңына дейін ойнату.Қателерімен жұмыс жасау.3.Жаңа сабақ:Тақырыбы «Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»а)теориялықДинамика (гр.dinamikos-күшейту)дегеніміз-дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі.Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы,орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі.Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.
айтылуы

жазылуы мағынасы
Форте

f Қатты,күшті
Пиано

p Ақырын,жәй
Меццо - форте

mf Орташа,күшпен
Меццо - пиано

mp ақырын
Фортиссимо

ff Өте күшті,қатты
Пианиссимо

pp Өте ақырын,жәй
крещендо

Бірте-бірте күшейте
Деминуэндо

Бірте-бірте жайлата
сфорцандо sf Кенеттен күшейтіп





б) практикалықЖаңадан шығарған Х.Тастановтың «Би» күйін талдап,динамикалық белгілерді қолданып кореміз.Күй 4/4 өлшемде жазылған.Екпіні – жылдам,көңілді.Күйдің 1 – цифрға дейінгі 4 тактісін пайдалана отырып, f, p, sf, , белгілерін түсіндіру,аспапта ойнату керек.Аспапта динамикалық белгілерді қолдануды оқушы түсінгенде күйді ары қарай динамикалық белгілерін қолдана отырып ойнау керек.4.Сергіту сәті: «Бұл қай аспап?» ойынын қолданамын.Әр аспапқа байланысты жұмбақтар жасырамын.Жауапты тапқан оқушы сол аспапты көрсетіп таныстырады.Жұмбақтар:1.Сызылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын, Аспаптың түрі. (Сыбызғы)2Тілшікті аспап, Қобыздай асқақ. Ерекше үні бар, Бұл қай аспап? (Шаңқобыз)3.Екі ішекке бір тиекті қондыра Ойнаймыз біз қолымызды талдыра Білсең егер айтыңдаршы балалар Бұл қай аспап? Бұл кәдімгі.......(домбыра)4.Асықтары шашылады бетінен Түзетеміз асықтарды шетінен Білсең егер айтыңдаршы балалар Бұл қай аспап? Бұл әрине ......(жетіген) 5.Жан дүниеңді тербетеді толқытып, Бұл аспаптың естігенде саз үнін Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап? Бұл әрине, қасиетті ..... (қобызым)6. Саз әлемін тербетер Ойыңды да сергітер Домбыраға ұқсайтын Қызық аспап..... (шертер) 7.Әуені қандай тамаша Таңқалдырар бар жанды-ай Табиғаттың сазындай Ғажайып аспап...... (сазсырнай)8. Ұрасың оны,соғасың Жиналып мұнда қаласың Естіледі жаңғыра Дабыл қаққан..... (даңғыра)9. Кездеседі бұл аспап некен саяқ Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ Бақсылардың қолында жүрген талай Қазағымның аспабы......(асатаяқ)





5.Қорытындылау:Динамикалық белгілер туралы балалардан қысқаша сұрап,сабақ қорытындылауға көшемін.Сабақты қорытындылау үшін «Сөздерді құрастыр» ойынын пайдаланамын.Екі топқа бөлінген балалар берілген әріптерден сөз құрастырып,шыққан сөзге мағлұмат береді.Әріптерді құрастырғанда «оркестр», «динамика» сөздері шығады.1. «Оркестр» деген сөзді түсіндір.Оған енетін аспаптарды ата.2. «Динамика» деген не? Динамикалық белгілерді ата.Осылайша өткен тақырып та,жаңа тақырып та сұралады.



6.Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу. Динамикалық белгілерді жаттау. «Кеңес», «Би» күйлерін динамикалық белгілерді қолдану арқылы аспапта ойнау.

7.Бағалау:Оқушы белсенділігіне,0білімділігіне,тапқырлығына қарай бағалау.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі