Материалдар / Музыкалық тренд ойындар

Музыкалық тренд ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы музыкалық ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Музыка

Тақырыбы: «Музыкалық тренд ойындар»

Мақсаты:

Ойын арқылы балалардың көңіл-күйін жеткізе білуге тәрбиелеу, музыкалық шығарманы тыңдау , эмоциямен қабылдау және ажырата білуге үйрету.Балалардың шығармашылығын, қиялын, зер салу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы  баланың музыкалық ырғақ сезімінің дамуын қалыптастыру. Музыкаға деген көзқарастарын дамыту,жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бейнероликтер, музыкалық аспаптар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық.

Балалар музыка залына кіреді.

-Балалар бүгінгі музыка іс -әрекетіміздің тақырыбы «Музыкалық тренд ойындар»

Алдымен сазды әуенімізді қосып алайық .

(Музыкалық аспапта әуен шықпай қалады.)

Мыстан әжейдің күлкісі естіледі.

-Балалар не болды екен, бұл күлкі кімнің күлкісі деп ойлайсыңдар.

Экраннан Мыстан әжей көрінеді.

Мыстан кемпір:

Сендер қыс келді ,Жаңа жыл келеді, сыйлық аламыз , ән,айтамыз, би билейміз деп мәз болып жүрсіңдер ғой.

-Мен Саз ханшайымының әуен кілтін ұрлап алып, басқа кілттермен қосып шатыстырып жібердім. Енді сендер оның қандай кілт екенін таба алмайсыңдар. Ал ол кілт болмаса ешқандай әуен шықпайды.Міне, мына кілттердің ішінен сендер таба аласыңдар ма?

Музыка жетекшісі: Ой балалар енді біз қалай таба аламыз.Ол қандай кілт екен?

Ойын «Ассоциации»(флипчарт әдісі)

Дидактикалық ойын: «Қайсы екен?»

Мақсаты: Скрипка кілті жайлы түсінік беру.

Шарты: Экранда үш түрлі кілт көрінеді. Балалар ішінен Скрипка кілтін табуы керек.

-Жарайсыңдар балалар! Бұл скрипка кілті екен.

-Ой,балалар біз дұрыс таптық. Енді скрипка кілтімен ашып , әуен тыңдайықшы.

Аспаптан әуен шығады.

Сәлемдесу. (Әуенмен)

Сәлем,сәлем саусақтар,соқ,соқ

Сәлем, сәлем аяқтар топ,топ, топ.

Сәлем,сәлем қарақат көздерім,

Кірпігіме қарашы сен менің.

Сәлем, сәлем ерінім уп,уп,уп

Сәлем, сәлем мұрыным бип-бип-бип,

Сәлем томпақ беттерім алақай,

Сәлем,сәлем бәріңе балақай.


Шеңбермен

жүреді.




Балалар

жауаптары.

















Ән мәтінімен жетекшіге еріп қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық-

ізденімпаздық

-Балалар жаңа Мыстан әжей қай мезгіл келді деді?

Қыс мезгілі,оның ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Әуенді –қимылды қозғалыс: «Көңілді қар түйіршіктері.»

«Қыс келді» муз: Н. Оразбекова

(Қимылдар терапиясы)

Физикалық даму: Әндік ойындар қозғалыспен байланысты болғандықтан дене қимылдарын,координацияны және моториканы жақсартады.

Шарты: Ән мәтініне сай қар түйіршіктерімен қимылдар жасау.

-Балалар, қыс мезгілі суық па ыстық па?

Психогимнастика жаттығуы.

«Ыстық –суық»

Шарты: Ыстық- балалар қолдарын сермеп желпиді.

Суық- балалар тоңған қимылды көрсетеді.

-Балалар қыс мезгілі суық болғандықтан далада көп жүре аламыз ба?

-Әрине жылы жерде үйде боламыз.Ал

Ол кезде әуен тыңдағанды ұнатамыз.

Музыка тыңдау. «Стакан» оркестірі.

Эмоционалдық даму: Музыка арқылы балалар өз сезімдерін білдіруге үйренеді және шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.

«Көңіл толқыны» С.Тұрысбеков

-Балалар біз бүгін осы күйді ерекше әдіспен тыңдайтын боламыз.

-Жарайсыңдар, балалар, енді орындықтарға барып отырамыз.


Ән айту.

Тіл дамыту: Әндік ойындар баланың сөздік қорын байытады,дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі және сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

-Балалар ән айтпас бұрын біз артикуляциялық жаттығулар мен дауыс жаттығуларын орындап, көмейді ән айтуға дайындаймыз.

Артикуляциялық жаттығу. Артикуляциялық жаттығулар артикуляциялық мүшелердің сапалы қимылын шынықтырады , тіл аппаратын жаттықтырады, әуенді еске сақтауды , ырғақ сезімін дамытады.

Бейнебаян бойынша жаттығу жасау.

Дауыс жаттығуы.

«До-ре-ми» жаттығуы

Бейнебаянда орындалған дауыс жаттығуын бірге жасау.


«Аққала» әні Муз: Б.Жұмабекова

Алдын-ала жұмыс бойынша ән сөзі балалармен жаталды.

-Балалар , «Аққала» әнінің сөзін музыкограмма арқылы еске түсіреміз.

Аспаппен бірге орындау.


Музыкалық аспапта ойнау.

Әлеуметтік даму:Топпен бірге ойнау балаларға қарым-қатынас дағдыларын дамытып, бірлескен іс-әрекеттің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

«Көңілді қоңыраулар»

«Қысқы оркестр»әні Муз: Н.Оразбекова

-Балалар біз аспапта ойнай отырып, перкуссия жаттығуын бірге жасаймыз.


Музыкалық –дидактикалық ойын.

«Жұбыңды тап»

Физикалық даму: Әндік ойындар қозғалыспен байланысты болғандықтан дене қимылдарын,координацияны және моториканы жақсартады.

Шарты: Балалар қолдарындағы қолғапты әуен тоқтағанда, түсіне қарай жұбын тауып тұруы қажет.


Қыс мезгілі.


Балалар өз ойларын айтады.


Балалар қар түйіршіктерімен қимылдар жасайды.





Қимылмен көрсетеді.



Жоқ



Балалар қимылдарды жасайды.






Күй тыңдай отырып, шыны ыдыс пен таяқшаның көмегімен ырғақты соғады.



















Жаттығуларды бірге жасайды.







Әуенмен айтады.




Музыкограмма арқылы қайталайды.












Балалар қимылды жасай отырып, сылыдрмақ аспабын соғады.






Балалар ойын шартын түсініп ,ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік.

-Балалар сендерге өте риза болдым.Мыстан әжейдің Саз ханшайымынан ұрлап алған әуен кілтін сендер шатаспай бірден тауып бердіңдер және біз қандай көңілді әуенді ойындар ойнадық. Сендерге ойындар ұнады ма?

-Сендер өте жақсы қатыса білдіңдер. Рахмет, сау болыңдар.



06 Ақпан 2025
139
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі