Нағыз
педагог бейнесі
(Педагогтарға арналған заманауи
тренинг)
Мақсаты:
Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай
білім беру саласында педагогтердің алатын орнын
нақтылау.
Міндеттері:
- Педагогтердің жаңашылдыққа,
ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді
тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын
қалыптастыру;
- Жаңа
қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың
ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін
дамыту;
-Ұстаздардың өз
кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын
ояту.
Көрнектілігі:
интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі
парақтар. .
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті
тәрбиешілер, бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,
өз шығармашылық қабілетіңізді бағалай білуге, бір-біріңізбен
сыйластық қарым-қатынаста болуға,балалардың бейімделу үрдісін
танып-білуге арналған «Нағыз педагог бейнесі» атты тренингке
ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
І.Шаттық
шеңбері: «Таныс
болайық»
Танысу
ережесі: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тілі бойымен
әрқайсысы өз есімін атап, есімі жайлы, есіміне сәйкес мінез - құлқы
жайлы қысқаша айтып өтеді. Әркімнің танысуы бір - біріне ұқсамауы
тиіс.(Мыс. Таныс болайық: менің есімім Амангул (болар - болмас
басымды иемін (екінші бірі – иіледі ) т.
б.)
Педаготарды топқа бөлу.
Алдарыңызда
кітап, ойыншық және гүлдің суреттері берілген.
Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз
бойынша ұнайтын суретті таңдап, топқа бөлінулеріңіз
сұралады.
II. Постер қорғау.
Әр топқа
тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер
қорғайды.
I
топ. «Қазіргі
кездегі білім берудегі мәселелер».
Мақсаты:
Педагогтердің заманауи оқытудағы әдістері мен
дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын
қалыптастыру.
II топ.
«Тәрбиелеу-білім беру процесіндегі
қиындықтар, оны шешу жолдары».
Мақсаты:
Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай
отырып, тәрбиешілердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту,
кәсібилік пен шеберлікті арттыру.
III топ.
«Мінсіз педагог
».
Мақсаты:
Тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін көтеру, өз
ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен
айқындау.
ІІІ.Педагогтардың сезіміне психологиялық
бақылау.
Үлестірмелі
суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол
суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.
1-тапсырма.
Ақ қағазға
сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте
орналасқан.
2-тапсырма.
Шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары
қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
3- тапсырма.
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы
сөнбеген бір үй бейнеленген.
Кілті:
1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты
бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ
қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни
тәрбиешілер салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен
салыстыруға болады».
2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен,
бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да тәрбиешілер оларға
күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын
төгеді».
3-тапсырма
бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел
ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл
–тәрбиеші.
. Ол
қанша жыл тәрбиеші
болғанымен, балабақшада да
, үйде
де ертеңгі өткізетін
жұмысын үлкен
жауапкершілікпен дайындалып
келеді...»
ІV. Сергіту
сәті. «Өзіңді
тереңірек тани біл!»
Нұсқау:
Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден
өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз.
Сол жеміс
арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған
жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін
түсіндіріңіз.
Жемістер:
қарбыз, шие, қара өрік, шабдалы, жүзім,
құлпынай.
Кілті:
Қарбызды ұнататындар орнықты
адамдар. Олар
шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш
нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен
жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ.
Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ,
кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш
пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз
мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз.
Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға
болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған
сынды көтере алмайтындар. Олармен достық,
жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік
қасиет басымдау.
Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген
адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып
келеді. Сізден
сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады.
Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды
жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де
сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай
тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз,
бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік, батылдық
керек.
Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай
адамсыз. Адамдармен тез
тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге
тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес. Сіз алманы
өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы
адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса
да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды,
өз-өзіңізге риза адамсыз.
V. Балалардан нені үйренеміз бейне
жазбасы. Яғни біз балалардан шынайы күлуді, қуануды,
үйренуге ұмтылуды, бір орында отыра бермеуді т.б жақсы қасиеттерді
үйренуімізге болады екен.
VI. Қорытынды
ой. Білімді,
сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы
күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан
ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәселермен
оздым ғой демектің бәрі бекер», - деген өсиетін ұстанып, еңбек
етуіміз қажет.
Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? Тренингтен
қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу. — «Жүректен шыққан сөз жүрекке
жол табады» деген Ә. Науаи. Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп
бір-біріңізге тілек айтыңыздар.