400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Найзағайдың пайда болуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл физика пәнінен факультатив материалы. Бұл физика пәндерінің мұғалімдеріне пайдалы болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалім: Кидралин Н.К

8 сынып «Электр» тарауынан

Тақырыбы: Назағай бұлты қалай пайда болады

Мақсаты: Найзағайдың табиғат құбылысы болып, оның электрмен байланысты екенің оқушыларға түсіндіру. Электр аттас зарядтар арасында көзге көрінетінің байкаймыз, соны оқушыларға көрсетіп бойында түсінік қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.

Көрнекілігі: презентация, суреттер. электр құрылғысы.

Назағай бұлты қалай пайда болады

Жаздың күні аспанда түйдек бұлттардың қалқып келе жатқанын жиі көреміз, бірақ, жаңбыр да, найзағай да жоқ. Найзағай бұлтында электр заряды қалай пайда болады?

Ғалымдардың болжамы бойынша нажағай бұлты бөлшектерінің зарядталуы бірнеше жолмен жүреді. Бұлттың жоғарғы бөлігінде алай-дүлей құйындатқан боранда мұз кристалдары бірімен-бірі соқтығысып, олар сынады да, электрленеді. Үлкенірек сынықтар теріс заряд алып, бұлттың төменгі жағына қарай түседі де, ериді. Оң зарядталған мұз тозаңдары ауа ағынымен жоғары көтеріледі. Бұл жағдайда бұлттың төбесі оң, ал төменгі жағы теріс электрмен зарядталған. Осындай нажағай бұлттары жиі кездеседі.

Жаңбырдың ірі тамшылары бұлттың төменгі жағындағы желдің күшті екпінінен шашырап кетеді, сонда тамшының көп бөлігі оң зарядталады, ал одан үрленіп жұлынып кеткен өте ұсақ шашырандылар теріс зарядталады. Су тозаңдарын ауа жоғары алып кетеді, бұл жағдайда бұлттың төменгі жағында оң зарядталған аймақ пайда болады.















Бірақ найзағай бұлты тек осылайша ғана зарядталмайды. Су тамшылары мен мұз бөлшектері ауа құйынымен қозғалып жүрген кезде өзара соқтығысады. Сонда бұлар бірігіп кетеді немесе бірігіп қатып қалады, кейбір бөлшектер ериді, басқалары қатып қалады. Осы процестердің қайсысы болсын зерттеулер көрсеткендей, бұлт бөлшектерін электрлейтін көрінеді.

Найзағай бұлтында зарядтардың бөлінуі күннен шығатын сәуле энергиясының есебінен жүреді. Расында да, жыртылған жер мен ми батпақты немесе Жер бетінің шағын учаскелерін Күн біркелкі қыздырмайды. Бұл қызған ауаның жоғары қарай бағытталған күшті ағынын тудырады. Осы ағын қуатты найзағай бұлттары пайда болып және кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жаууына себепкер болады. Бірақ найзағайлы жаңбырлардың басым көпшілігі жер шарының бетіндегі үлкен учаскелерді күн сәулесінің біркелкі қыздырмауының салдарынан пайда болады. Бұл кезде орасан зор салқын және жылы ауа массалары қозғалысқа келеді. Әрі салқын, әрі тығыз ауа үлкен қарқынмен жылжып келіп, аса зор массалы жылы ауаны ығыстырып жоғары шығарады, бұл ұзыннан ұзақ созылып өркештелген нажағайлы бұлттардың пайда болуына әкеліп соғады.

Найзағай – орасан зор электр ұшқыны немесе атмосферадағы разряд. Найзағайлар әр аттас зарядталған бұлттардың арасында да, жер мен бұлттың арасында да бола береді. Мысалы, теріс зарядталған бұлт биік ағашқа жақындағанда, электр өрісі күшінің әсерінен ағаштың электрондары ығысады, сондықтан ағаштың басы оң, яғни бұлт зарядымен аттас зарядпен зарядталады, ал теріс зарядтар жерге кетеді. Сөйтіп, жер бетінде тұрған нәрселер мен бұлттың арасында разряд пайда болуына қолайлы жағдай туады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі