"Намыс найзағайы" / "Тәуелсіздік таңы атқан күн" тақырыбындағы тарих апталығының ашылу сценарийі/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Намыс найзағайы" / "Тәуелсіздік таңы атқан күн" тақырыбындағы тарих апталығының ашылу сценарийі/

Материал туралы қысқаша түсінік
"Намыс найзағайы" тақырбындағы шара тарих пәні мұғалімдеріне арналған. Бұл шара «Тәуелсіздік таңы атқан күн» атты тарих апталығының ашылу сценарийі. Мақсаты оқушылардың ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу болып табылады. Материал желтоқсан және тәуелсіздік тақырыбына арналған. Бұл сценарийдің тарих пәні мұғалімдеріне және сынып жетекшілерге көмегі тиері сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балкасимова Назипа Баянгалиевна

Ж.Молдағалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп

Сайқұдық ауылы Ақжайық ауданы Батыс Қазақстан облысы



Намыс найзағайы

/ «Тәуелсіздік таңы атқан күн» атты тарих апталығының ашылу сценарийі /

Мақсаты:

1.Тәуелсіздік тарихына шолу жасау

2.Оқушылардың ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 31 жылдығына,Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы атқан күн» тақырыбындағы тарих апталығы аясында өткізілгелі тұрған «Намыс найзағайы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

/әнұран «Менің Қазақстаным»/

Слайд. Қазақ елінің табиғаты, байлығы

1-жүргізуші:Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні өз басым да шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

2-жүргізуші: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз-Қазақстан көркем жер.Жұмыр жердің жазығында еркін көсілген байтақ өлке-менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

1-жүргізуші: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.

Қазақстан -бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан!

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Тәуелсіздік асқарынан барласаң,

Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

2-жүргізуші:Қазақстан-бүгін міне достық туын тіккен жер,

Мәуелі бақтай жемісін шаштыкөп ұлттар,бір кісідей маңдай терін төккен жер!

1-жүргізуші: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғысқан көңіл тым қатты.

2-жүргізуші: Бүгін міне өркендеуде, шалқып өсер шаруамыз.

Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде.

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

1-жүргізуші: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты, шаттық көрді, хош айтысты сан ғасырлық шерімен!

2-жүргізуші:Бүгін міне азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Н.Тілендиев «Махамбет» күйі оркестрдің орындауында

1-жүргізуші:Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер!-деген өлең жолдарына арқау болған қазағымның керілген кең даласы талай тарихты бастан өткерді.

/ «Көшпенділер» фильмінен көрініс/

2-жүргізуші:Халқым деп туып, халқым деп өмір сүрген Қазыбек би: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды. Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды,»-деген екен.

Қайран бабалар! Халқының елдік намысын таразыға түсіп, өмір мен өлім белдескен шақта ел үшін еңіреп өткен.

1-жүргізуші:Осыдан 31 жыл бұрын қазақ жастарының жалындай шарпып өткен Желтоқсан оқиғасын тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістердің жалғасы десек артық айтпаған болар едік.

2-жүргізуші: Талай жанұяның түндігі желпілдеп, шаңырағы ортасына түсті, қаншама ошақтың оты сөніп, қоламтасы бықсып, күлі желге ұшты. Жайқалып жетіліп келе жатқан ағаштан қаншама тағдырдың сабағына балта түсті.

1-жүргізуші: Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі

Еш аяусыз аяқ асты тапталды.

Саперлердің күрегінен соққы жеп,

Қып-қызыл қан бояп жатты ақ қарды.

2-жүргізуші: Әлі есімде сұмдығы сол алаңның

Өткен күнге өкінішпен оралам.

Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай

Қайран жастық сен қашанда бол аман.

1-жүргізуші: Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,

Жер бетінен кетер едік құрып та,

«Қазақпын» деп ойлар болсаң ағайын

Алматының желтоқсанын ұмытпа.

/ән. «Желтоқсан желі»/

/бейне сюжет «Желтоқсан ызғары» / Желтоқсан көтерілісі/

2-жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанында алғашқы бұлқыныстың қазақ жерінде бұрқ етуі сірә, кездейсоқтық емес. Азаттықты аңсау, еркіндік сүйген қанымызда өзгелерден молырақ сақталуынан ба екен?

1-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кеңес шаңырағын шайқалтудың ең басы болғандығы әлемге аян.

М.Шаханов «Тәуелсіздік тағылымы»

2-жүргізуші: Азаттықтың ақ таңын аңсап , қазағым деп жар салып, жас жанын құрбан еткен жастардың рухы қашанда биікте. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Сол жастардың рухына арнап бір минут үнсіздік жариялаймыз.

1-жүргізуші: Өткенді білмесек, болашаққа қалай барамыз? Кеткенімізді қадірлемесек , жаңа ұрпаққа не дерміз? Желтоқсан жөніндегі ақиқат шындап келгенде өлгендерге емес, тірі біздерге де емес, болашақ ұрпаққа керек.

2-жүргізуші: Адамның өткенге қарап өсіп, бүгінге қарап бой түзеп, болашақты болжап күн кешетіні рас. Осы тұрғыдан алғанда тоталитарлық режимге алғаш соққы беріп, негізін шайқалтқан желтоқсан көтерілісі тазалықтың, зиялылықтың үлгісі. Тәуелсіздік таңын атырған құдіретті күш.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы. Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді.

Ән. «Қазақстан»

1-жүргізуші: Желтоқсан ардагерлерінің ғұмыры ұзақ болып, жастарымызға олардың қайсарлығын, бойларындағы отаншылдық рухын дарытсын!

2-жүргізуші: Желтоқсан дүмпуі дүние жүзін дүр сілкіндіріп, тәуелсіздікке жол ашты.

1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына, Тәуелсіздікке байланысты өткізілген тарих кешіне келгендеріңізге рахмет айтамыз.

2-жүргізуші: Еліміз баянды болсын! Желтоқсан қанымен келген тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын!

Ән. «Көк тудың желбірегені»











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2018
1572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі