400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталды. Сол жылдары, кеңестік дәуірден қалған дағдарыстан өту, жаңа экономикалық және саяси қатынастарды қалыптастыру жағдайында, қоғамды ұйыстыру ісі: ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде жүзеге асқан еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Приложение 1


Форма заявки


1

Фамилия, имя, отчество (полностью)

Шаукенова Зайда Жарасбековна

2

Место работы, занимаемая должность (ученая степень, если есть, категория)

Основная общеобразовательная школа №14, г. Костанай, учитель казахского языка и литературы

3

Тема статьи

Н.Ә.Назарбаев: қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің негізін қалаушы

4

Контактный телефон,

87478580974

5

e-mail (действующий)

zaida_74@mail.ru

































Н.Ә.НАЗАРБАЕВ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Шаукенова Зайда Жарасбекқызы

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі»


Кілтті сөздер: Н.Ә.Назарбаев, Тәуелсіз Қазақстан, Қазақстан халқы Ассамблеясы, толеранттылық, қоғамдық тұрақтылық, диалог, қоғамдық келісім.


Ключевые слова: Н.А.Назарбаев, Независимый Казахстан, Ассамблея народа Казахстана, толерантность, общественная стабильность, диалог, общественное согласие.


Keywords: N.A.Nazarbayev, Independent Kazakhstan, Assembly of the Peoples of Kazakhstan, tolerance, public stability, dialogue, social harmony.


Аңдатпа: Бұл мақалада автор ҚР Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және сақтауға орасан зор үлесі мен рөлін қосқаны туралы жазады.


Аннотация: В данной статье автор пишет об огромном вкладе и роли в укреплении и сохранении межэтнического и межконфессионального согласия в Казахстане Лидера Нации-Президента РК Н.А.Назарбаева.


Аnnotation: The author of the article writes about the great contribution and role of the Nation Leader - President of the Republic of Кazakhstan N.A.Nazarbayev to strengthening and preservation of interethnic and interconfessional consent in Kazakhstan.


Қазақстанда сан алуан этнос өкілдері қазақ халқымен бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Төл тарихымыздан белгілі болғандай, бірлік пен келісім бастауы қазақ ұлтының табиғатына тән. Ат ауыздығымен су ішкен, ер жігіт етігімен су кешкен қиын-қыстау замандарда бірлік басты орында тұрды.

Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық келісім тұрақты түрде сақталды. Сол жылдары, кеңестік дәуірден қалған дағдарыстан өту, жаңа экономикалық және саяси қатынастарды қалыптастыру жағдайында, қоғамды ұйыстыру ісі: ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде жүзеге асқан еді. Егемендік алғанымыздың алғашқы жылдарында-ақ ұлтаралық қатынастар бойынша ҚР Президенті Н.Назарбаев: «...ішкі саясаттың іргелі қағидасы ұлтаралық келісім принципі болуға тиіс. Міне, осының өзі демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық жолдың ерекшелігін және біздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіміздің ерекшелігін айқындайды» - деп атап көрсеткенді [1, 9 б.].

Тарихи тәжірибеге сүйенсек, көпұлтты мемлекеттің үлкен дерттерінің біріне – ұлтаралық қақтығыстар жатады. Президент Н.Назарбаевтың жүзеге асырып отырған салиқалы саясаты Қазақстандағы этносаралық қайшылықтардың болмауына алғышарт жасады. Бұл турада Елбасы: «Қазақстанның этномәдени әртектілігі дегеніміз – біздің артықшылығымыз, бұл қатерлі тұзақ емес, өркендеуіміздің тұғыры» екендігін атап көрсетті [2, 144 б.].

Қазақстан халықтарының I форумында 1992 ж. Президент Н.Назарбаев алғаш рет Республика халықтарын біріктіретін қоғамдық ұйым құру туралы идеясын жариялады. Бұл жиында Елбасы: «Біздің басты байлығымыз – халықтар достығын қазақстандықтардың қаншама буын өкілдері жасады. Бәрін де ой сарабынан өткізе отырып, біздің осы байлықтан айырылуға, жақсы дәстүрлерді ұмытуға қақымыз жоқ. Міне, сондықтан да форумды тұрақты негізде өтетін нысанға айналдырып, жаңа қоғамдық институт құрумыз керек» - деген ойын сабақтай отырып, оның нақты жүзеге асатынына сенім білдірген болатын [3, 255 б.]. Осының нәтижесінде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылға 1 наурыздағы «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығы шықты. Жарлық бойынша Ассамблеяны құрудың негізгі мақсаты айқын көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблея Төрағасы болып табылады. Өңірлік Ассамблеяларды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқарады. Н.Ә.Назарбаев: «Ассамблея – елдің бірлігінің және келісінің бесігі, бірлік пен тұрақтылықтың баталы шаңырағы» - екендігін атап өтті [3, 256 б.].

Көптеген саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлер Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығын атап көрсетеді. Рим Папасы Иоанн Павел II 2001 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған сапары кезінде «Ұлы даладағы бейбітшілік пен келісім сүйсіндерді әрі таң қалдырады және көпұлтты мемлекетте бейбітшілікті сақтауға болатынын дәлелдейді» деп мәлімдеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл және діни қатынастар ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Мемлекеттік тіл саясаты қазақ, орыс тілдерімен қатар Қазақстанда мекен ететін басқа да халықтардың тіліне деген құрмет пен қамқорлықты қамтамасыз етеді. Осылайша, қазіргі ұлттық саясаттың басты тұғыры – тіл мәселесінде де қоғамдағы тепе-теңдікті сақтаудың мүмкін болған барлық шаралары жүзеге асырылды.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтудың Қазақстандық үлгісі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң баға ие болды, ЕҚЫҰ қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. БҰҰ-ң Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметімен танысып «Ассамблея принципі БҰҰ-ң жұмыс принципімен толық сәйкес келеді» - деп атап өттті.

Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Доктринада: «Ұлт Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді – соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздың, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз – Ұлт жоқ. Ұлтсыз – мемлекет жоқ. Ал мемлекетсіз – болашақ жоқ», деп көрсетілген [4].

Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. 100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары». Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалаған ұлтаралық ынтымақтастықтың жолы арқасында Қазақстанның көпэтностық бай кеңестігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Қазақстандағы діндердің дамуы діни сенім бостандығы, рухани даму, елдегі азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттің жүйелі саясатының нәтижесі болып саналады. Қазіргі таңда Қазақстанда 130 этностық астам және 18 конфессионалдық топ өкілдері тұрады, елімізде олардың арасында бейбіт қатар өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Көпэтносты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаhандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналады деп көрсетеді.

Азаматтық қоғам институттарының – үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды орын алады. Бүгінгі таңда халықтың түрлі деструктивтік, соның ішінде жалған діни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды болып саналады.

Қазақстандағы діни бірлестіктер туралы заңнама халықаралық сарапшылар тарапынан кеңестен кейінгі елдердің арасындағы ең көкейге қонымдысы деп бағаланады. Қазақстандағы дін өзін этностық немесе саяси қауымдастықтарға қарсы қоятын бәсекелес сипатында емес, халықтың рухани мәдениетінің қайталанбас, сонымен қатар ерекше бітім беріп тұратын құрамдас бөлігі тәрізді. Республикада ислам мен православиенің және басқа да діндердің арасында жарасымды сыйластық қарым-қатынас қалыптасқан.

Біздің еліміздің түрлі конфессиялармен өзара әрекеттестік орнату тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестер, соның қатарында БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ зерттеп зерделеуде. Біз қоғамда конфессияаралық үн қатысуды жалғастырып, рухани келісімді қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырағысыз сипатына айналуына көңіл бөліп отырмыз.

Рухани келісім жөнінде Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанды рухани келісім еліне айналдыру, осынау күрделі кезеңде де, болашақта да бірлік біздің ісімізде ғана емес, сонымен бірге біздің жүрегімізде және жанымызда болуына қол жеткізу біздің ортақ күш-қуатымыз арқылы мүмкін екеніне сенімдімін» [5] деген болатын.

Біздің тағдырымызға көпэтносты және көпконфессияналды елде өмір сүру жазылған. Бүгінде қоғамымызда үлкен салмағы бар Ассамблея мақсаты – қазақ халқының жұмылдырушы рөлі мен Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени қауымдастығын негізге ала отырып, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сәйкестік пен бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда Қазақстанда діни бірлестіктің ішкі ісіне араласпауға, діни сенімдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлі діни өкілдері тең дәрежеге ие болуына негізделген саясат жүргізілуде. Азаматтар арасында діни ағартушылық және тәрбие жұмысын, діндер мен діни бірлестіктердің қызметін оқып үйрену, экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызы өте үлкен. ҚХА этносаралық келісімді ғана емес дінаралық ынтымақты арттыруға да өз үлесін қосып отыр.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының Стратегиясы. – Алматы: «Дәуір»,1992 ж. – 56 б.

2. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра»,1999 ж. – 296 б.

3. Турецкий Н.Н. Қазақстан билігінің заң шығарушы тармағы. – Алматы: «Норма-К»,2011 ж. – 336 б.

4. Ұлт бірлігі Доктринасы. www.assambly.kz

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Халқы Ассамблеясы 10 жыл. – Астана,2005 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі