"Наңыз қазақ-домбыра"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Наңыз қазақ-домбыра"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының негізі музыкалық аспабы домбыра туралы түсінік беру.Домбыраның пайда болуы жайлы аңыздар түрлерін айту. Домбыраның құрылысымен таныстыру.Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін,оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп,төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.Түрлі аспапта ойнаған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау,ұлттық аспаптарды ажырата білу,танымдық қабілеттерін дамыту. Ұлттық өнерді қастерлеуге,өнер адамдарына сүйіспеншілігін арттыруға,ұлттық аспаптарға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

11.02.2016


Сабақтың тақырыбы: Нағыз қазақ -домбыра

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1)Қазақ халқының негізі музыкалық аспабы домбыра туралы түсінік беру.

                  2)Домбыраның пайда болуы жайлы аңыздар түрлерін айту.

                  3)Домбыраның құрылысымен таныстыру.

Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін,оны әрбір қазақ баласы және қазақ  шаңырағында қастерлеп,төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.

Дамытушылық: Түрлі аспапта ойнаған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау,ұлттық аспаптарды ажырата білу,танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық өнерді қастерлеуге,өнер адамдарына сүйіспеншілігін арттыруға,ұлттық аспаптарға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру,көрсету,ертегі тыңдау,мультфильм көру,сұрақ-жауап,ән тыңдау,ән айту,ойын ойнау,әуенді-қимылдар жасау.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық аспаптарының суреттері,үнтаспа,карточкалар,домбыра аспабы,Құрманғазы,Динаның суреттері,теледидар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

-Марш әуенімен жүру

Шаттық шеңбері:

Сәлем,сәлем Алтын күн!

Сәлем,сәлем,Жер ана!

Сәлем,сәлем,Жан досым,

Сәлем,сәлем,баршаңа.

Жылуыңа,жылу қос,

Міне,менің қолым бос.

-Бүгін біздің сабағымызға апайлар қатысқалы отыр,олай болса барлығымыз апайлармен амандасайық.

Балалар марш әуенімен жүреді


Шаттық шеңберін құрып,музыканттың айтқанын қайталап айтуға тырысады.


Сәлеметсіздерме!

Іздену-

Ұйымдастырушы

Топқа бөлу:3 топқа бөлу

-Балалар,мен сендерге бір ән тыңдатамын сол ән не туралы екенін айтып беріңдер.

Музыка тыңдау: Б.Бейсенова «Домбыра»

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз бүгін ұлттық

аспабымыз домбыраның құрылысымен және оның шығу тарихымен танысамыз.

Бұрынғы уақытта көшіп қонып жүрген қазақтың қай-қайсысы да домбыраны шаңырағында қастерлеп төрге іліп,ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі.Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра депті.Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл ойы,көңіл-күйі жатыр.Домбыра елдің көне көз шежіресі,көпті көреген қарияның көңіл-күйі екен депті.

-Балалар,бүгінгі сабағымызға әжеміз келіп отыр,сол әжемізден домбыра аспабының шығу тарих тыңдап көрелік.

Ертегі тыңдату: «Мұңлық - Зарлық»

-Енді осы домбыра аспабының құрылысымен танысайық:

«Ақсақ құлан» ертегісі

-Домбыраның ойығы қалай пайда болды?

-Домбыра аспабында ойнаған әйгілі күйші композитор Құрманғазы атамыз бен шәкірті Дина әжемізбен таныстыру.


Ән тыңдау ережелерін естеріне салу.


Музыка тыңдау: Құрманғазы «Сарыарқа»

-Құрманғазы кім?

-Күй қалай орындалды?

-Күй тартатын адамды –орындаушы,күйші.

-Күй шығаратын адамды – композитор,күйші.

- Домбырамен ән айтатын адамды – әнші,термеші,жыршы деп атаймыз.

Бұрынғы кезде күй тек домбыра аспабымен ойналатын,қазір домбыра аспабына басқа да аспаптар қосылып ойнайды.

Сергіту сәті: «Домбыра» әніне домбырада ойнаған қимылдар жасату.

Ән айту ережелерін естеріне салу.

Ән айту: И.Нүсіпбаев «Домбыра сазы»

-Әннің мазмұны не туралы?

-Ән сендерге ұнады ма?

-Ән қандай көңіл-күйде жазылған?


Дәптермен жұмыс: Кітаптарында берілген аспаптардың суреттерінің ішінен домбыра аспабын тауып,үзік сызықтарды қосу арқылы суретін салу.


Дидактикалық ойын:

«Кім жылдам?» - Балалар қиындылардан домбыра аспабының суретін құрап шығу керек.

«Үнінен таны»

Балалар тыңдау арқылы естіген аспаптарының үнін ажыратуы керек.

-Балалар сендерге домбыра аспабында Эльнара апаларың Құрманғазының «Балбыраун »күйін орындап береді.


Жұмбақтар шешу:

Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)


Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі.
(сыбызғы)


Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып.
(қобыз)


Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар.
(дабыл)

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап?
(жетіген)

Музыкалық аспапта ойнау: х.әні «Еркем - ай» Ұрып ойнайтын аспаптарда ойнау.

Балалар әнді бар ынталарымен тыңдап сұраққа жауап беруге тырысады.






Әжені қарсылап,айтқан ертегісін бар ынталарымен тыңдайды.




Суретке қарап домбыра аспабының құрылысын атауға тырысады






Теледидардан «Ақсақ құлан» ертегісін қуана қарайды






Хан оған қорғасын құйды












Ән тыңдау ережелерін айтады.


Күйші,композитор.

Жылдам,көңілді.









Суретке қарап айтуға тырысады.







Әннің ырғағын сақтап,саз жетекшісінің көмегімен қимылдар жасауға бар ықыласымен талпынады

Ән айту ережелерін естеріне түсіреді.

Әннің сөзін жаттап ,саз жетекшісімен бірге әуеніне ілесе айтуға тырысады.

Сұрақтарға жауап береді.

Карточка көтеру арқылы әннің көңіл-күйін ажыратады.


Дәптерлерімен жұмыс жасайды.




Ойынның шартына сақтап,қызыға бар ықыластарымен ойнайды.




Күйді қызыға тамашалайды


Бір-бірімен жарыса жұмбақтардың шешуін табуға асығады.















Сылдырмақтарды қолдарына алып ырғағын сақтап,саз жетекшісінің сүйемелдеуіне ілесе орындауға тырысады

Рефлексифті коррекциялаушы


-Бүгін қандай аспаппен таныстыңдар?

-Қандай ән айттық?

-Балалардың бағалауы

-Марш әуенімен жүру

Домбыра

«Домбыра сазы»

Марш әуенімен жүреді.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Домбыра аспабының пайда болуын.

Игереді: Домбыраның құрылысын.

Меңгереді:Аспаптарды үнінен ажыратып.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2018
660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі